Дәріс №1 Кіріспе және негізгі түсініктемелерге анықтаулар


Дәріс №14 Химиялық экология және энергетика



бет45/45
Дата28.06.2022
өлшемі365,41 Kb.
#147147
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
Байланысты:
Д ріс №1 Кіріспе ж не негізгі т сініктемелерге аны таулар
шпоры механика, 13 UkM, Строки в python, Каталогг Июля 2022, 1587446007
Дәріс №14
Химиялық экология және энергетика


Дәріс мақсаты: Энергетиканың негізгі түрлерімен, олардың пайдалы жағымен, қоршаған ортаға тигізетін зиянды жағымен таныстыру.



  1. Энергия түрлері және оның сапасын анықтайтын коэффициенттері.

  2. Энергия ресурстарының негізгі түрлері.

  3. Жаңартылатын, сорқылатын, энергия ресурстары: көмірсутекті жанармай, ядерлі

энергетика, сутекті жанармай.

  1. Жаңартылмайтын, сорқылмайтын, энергия көздері: гидроэнергетика, жел

энергиясы, күн энергетикасы.

  1. Энергоресурстарды пайдалану құрылымы.

Химиялық экологияда энергетика әр түрлі маңызға ие. Ең маңыздысы энергетикалық ресурстармен және жаңа энергия көздерін іздеумен байланысты. Қазіргі таңда адамзат иелігінде бірнеше энергия көздері бар. Олар: күн радиациясы, ядерлі энергия, жердің ішкі жылуы, атмосфера циркуляциясы және т.б.


Жаңартылатын энергия ресустарын өндіруде экономикалық және экологиялық мәселелер туындайды, соған қарамастан адамзат оны көбірек, ал жаңартылмайтын энергоресурстарын аз қолданады. Оның себебі, жаңартылмайын энергоресурстары аз болғандықтан емес, олардың энергияларының тұрақсыздығынан, бақылауда ұстайалмағандықтан.
Дәріс №15
Қоршаған орта мониторингі


Дәріс мақсаты: Қоршаған ортаның химиялық мониторингісінің негіздерімен таңыстыру.

  1. Мониторинг туралы түсінік.

  2. Мониторингтің жіктелуі.

  3. Химиялық мониторингтің негіздері.

Мониторинг (латын тілінен аударғанда monitor ескертуші, алдын-алушы) қоршаған ортаның антропогенді факторлердің әсерінен күйінің өзгеруіне болжам, баға және бақылаулардың кешенді жүйесі. Бұл термин БҰҰ-ның Стокголындағы коршаған орта жөніндегі конференциясы алдында бақылау ұғымына қосымша ретінде пайда болады. Мониторинг теориясының жасақталуына И.П.Герасимов, Ю.А.Израэлв, В.Д.Федоров және тағы басқа үлкен үлес қосты. Табиғатты пайдалануды саналы басқару үшін бәрінен бұрын адам өмірі үшін ең қолайлы ортаның мәліметтері болу қажет. Бұл жұмыстағы бастапқы түсінік ретінде ортаның сапасы қызмет етеді, яғни әрі адамның экологиялық жағдайын, әрі қоғамның ғылыми техникалық процесін қанағаттандыратын оның параметірлерінің жиынтығы. Экологиялық жүйедегі өзгерістер туралы уақытыны ақпарат алу үшін есептеу нүктесі деп аталатын, яғни Ю.А.Израйл фондық деп атайтын ортаның сапасының параметрінің белгілі мәні қажет болады. Мұндай фондық күйдің параметрлері тұрақты болмайды,қайтымсыз өзгерістерді болдырмау мақсатында берілген жүйені бөтен әсерлер шектен тыс шығарылуы керек ортаның кейбір критикалық деңгейінің шектерінде адам қызметінің әсерінен өзгеріп отырады. Мұндайларға берілген жүйеге жатпайтын заттар ксенобиотиктердің шекті мүмкін экологиялық жүктеме немесе шекті мүмкін концентратция жатады.
Коршаған орта бойынша БҰҰ-ның секретариаты экологиялық мониторингті алдын-ала дайындалған бағдарламаларға сәйкес белгілі бір мақсатпен қоршаған орта элементтерін қеңестік пен уақытта қайта бақылаулардың жүйесі ретінде анықтады. Мониторингтің нысандары табиғи антропогенді немесе табиғи-антропогенді экожүйелер болуы мүмкін. Мониторингтің мақсаты-тек қана деректердің помивті констатациясы емес,сонымен бірге эксперименттің жүргізілуі,процестердің модельденуі.
Мониторингті ұйымдастыру кезіңде түрлі деңгейдегі бірнеше тапсырмаларды шешу қажет болады, сондықтан И.П.Герасимов (1975) мониторингтің үш деңгейін қарастыруды ұсынды.
Биоэкологиялық мониторингте(синоним локальды)нақты ластау көздерінің әсеріне ұшыраған адам өмірі зиянды улы химиялық заттардың атмосфера,табиғи су, топырақ, өсімдіктердің құрамындағы мөлшерін бақылау жүгізіледі: сол кезде табиғи орталардың ластаушы көзі мен ластану дәрежесін анықтайды. Қоршаған орта күйін ең маңызды, көлемді және кешенді көрсеткіш болып табылатын адам денсаулығы тұрғысынан бағалайды. Локалды монитормнг гидрометеорологиялық су шаруашылығы мен санитарлы-эпидемиологиялық қызметтер жүргізеді. Экожұйелік мониторинг (синонимдері-геоэкологиялық, аймақтық, табиғи шаруашылық) табиғатпен міндетті түрде қандай да бір өзара әсерді болдыратын ауыл шаруашылығы, энергетика, өнеркәсіп, орман шаруашылығы, балық аулау, коммуналды тұрмыстық қызмет және т.б адамның әдеттегідей шаруашылық қызметі барысында табиғи ортаға антропогенді әсердің бағасын беру керек. Мониторингтің бұл түрі адам мен табиғаттың барлық бағыттарда өзара әсерінің бағасын болжайды және табиғи ортадан зат пен энергияның өрісі мен шығынына сипаттама береді. Аймақтық мониторингті агро қызмет,гидроклиматтық,сейсмологиялық және т.б қызметтер жүргізіледі.
Биосфералық мониторинг адам қызметімен байланысқан биосферадағы жалпы планетарлық өзгерістерін бақылайды.
Биосфералық мониторингтің негізгі тапсырмалары «Адам жане биосфера» Халықаралық бағдарламасының бөлімдерінің бірінде анықталған және ол келесіден тұрады:
-экожүйелер,олардың көздері,популяциялары немесе бөлек ағзалардың ластануы,құрылымы және функциялануы арасында өзара байланыс орнату;
-Экожүйенің күйін бақылау және бағалау, оның болашақта өзгеруіне болжам жасау үшін қажетті көрсеткіштер мен өлшеулер тірлігін анықтау.
-Ластаушы заттардың экожүйедегі турленуінің жолы мен жылдамдығына айналуы.
-Қоршаған ортаның көрсеткіштерінің критикалық деңгейлерін анықтау.
-Амосферада өлшенген бөлшектер, тұнба, озон, көміртегі диоксиді, күкірт диоксиді, азот оксиді, көмірсутек,с ульфаттар, 3,4 бензоперин, ДДТ;
- атмосфералық жауын- шашындарда-қорғасын, сынап, кадмий, мышьяк, 3,4-бензирен, рн:
- беттік жералды суларында, дондық ұабаттарда-қорғасын, сынап, метал сынап, каллий, мышьяк, ДДК,3,4- биогенді, элементтер;
- топырақтарда қорғасын, сынап, каллий, мышьяк, ДДТ, 3,4-биогенді элементтер.
Үшілердің унифициирленген әдістермен аталуын анамитикалық орталықтарда Санкт-Петербург және Ташкентте орындайды. Кешенді фондық мониторинг бойынша жұмыстарды табиғи орта мен рф-ның Голкаитдраментінің климатының мониторингінің лабораториясы координациялайды және жалпылайды.
Құралдардың көмегімен лотонд дәрежесін бағалау әдістермен қатар, әсіресе нақты химиялық қоспаларға сезімтал тірі ағзалардың (бір нысандардың текті) негізделген билогиялық индикацияның әдістері қолданылады. Мұндай биоиндикаттар ретінде ауаның ластануына тітіркенетін дафниялар, инфузориялар; топырақ фаунасы (нысаны, жаңбыр құрттары) топырақтың ластануыкезінде қызмет ете алады.
Қазіргі кезде аймақтың және ғаламдық маштабта қолданылатын аэрокататтық мониторингжүйе тез дамуда. Жердің коммастан бейнесі - бұл бәрінен бұрын табиғи және шаруашылық жүйелерінің интегралды бейнесі. Зерттеуші жер беті жөнінде бейнелік немесе сандық мәліметтер арқылы көрінетін спектрдің кең зонасында, ульракулгін, инфрақызыл және радиокациялық диапазондарда зерттейді. Компостық мониторингтің жетістіктеріне жер табиғатының ғаламдық және аймақтық ерекшеліктерін бақылау мүмкіндігі, кориматан жасалынған суреттерді ақпарттық кешенді сипаты жатады, бұл олардың табиғаттың күрделі компаненттерін зерттеу және антропогенді әсер іздерін анықтауда қолданылуына мүмкіндік береді. Табиғаттағы антропогенді өзгерістердің қазіргі замандағы жылдамдығы мен маштабы қайтымсыз теріс нәтижелерге алып келуі мүмкін, ал мұны экологиялық жүйелер мен биосфераның тұтас деңгейінде жүретін барлық процестерді білген жағдайда тоқтатуға болады.Экологиялық мониторингпен қатар, бұл тапсырманы шешу үшін экологияда модельдеу мен экологиялық экспертизаны қолданады.
Модельдеу ретінде экологияда процестер мен құбылыстарды зерттеу, түрлі эксперименттердің тірі табиғатта емес, ең қарапайым түрі аквариум болып табылатын (террариум) арнайы құрылған жасанды нысандарда, немесе графикалық, табиғи жүиелердің қасиеттерін көрсететін логикалық, математикалық схемаларда қойылуы, жасанды түйіндіреледі.Қарапайым экспериментке қарағанда модельдеуде теориялық кезең дамыған. Ол модель мен нақты құбылыстың арасындағы аномияға және осы негізде модель негізінде алынған нәтижелерді құбылысқа көшіруге мүмкіндігіне тероиялық негізделуді қарастырады. Кез-келген модельге қойылатын талаптардың бірі-бұлоның модельденетін жүйеге ұқсас, сәйкес болуы, Тұтастай осы қондырғылардың көшірмесін келтіретін құрылғылардың физикалық модельдері аса қарапайым және дәстүрлі болады. Концептуалды модельдер-кішкене жүйелердің және процестердің аса кең жүйелер шеңберінде әсерлесуінің блокты схемалары түрінде болады. Үлгі ретінде заттардың айналуы және т.б. қызмет етеді. Бұл модельдер сандық интерпретацмиямен күрделенуі мүмкін. Графикалық модельдер-тікбұрышты координаттар жүйесінде келтірілетін түрлі процестер арасындағы байланыстар. Ереже бойынша бұл модельдер бір параметрдің екіншісінің өзгеру шамасы бойынша өзгеруін сипаттайды. Бірқатар жағдайларда, графикалық модельдер кестелік модельдер түрінде және керісінше келтірілуі мүмкін.
Математикалық модедьдеу математиканың көмегімен жүйелер мен олардың компаненттерінің әрекетін зерттеу мен формуладан тұрады. Математикалық аппаратты биологиялық процестерді сипаттауда қолданудың екі әдісі бар. Біріншісі-белгілі процестердің фоармализациясы, жалпы специфика және заңдылығы практикалық жолмен орнатылатын (бақылаулар немесе эксперименттер) процестердің формализациясы. Алынатын нәтижелер әрі қарай теңдеулерге түрлендіретін графиктер түрінде көрсетіледі. Мысалы, зиянды заттардың ЛИМК-н олардың физико-химиялық қасиеттерімен (молекулалық мағынасымен ерекшеленген және т.б.) суда және атмосферада логарифмдік формада байланыстыратын теңдеулер. Модельдеудің екінші әдісінде бір немесе басқа да бір заңдылық жөнінде, мысалы, биоценетикалық процестер жөнінде кейбір болжамдық тұжырымдау айтылады, және бұл болжамдық заңдылық математикалық теңдеудегі айнымалылардың қасиетінің белгілі заңына «қосылады».
Берілген модельдер идеал, әдістемелік мәні бар, бірақ нақты ситуацияларды бейнелейтін модельдер болып табылады. Сондықтан да теориялық моделдеуде зерттеулер аса күрделі модельдерді қолданады. Нақты биологиялық процесстер популяциялар мен биогеоценездер деңгейінде күрделі болатыны соншалықты, ақпараттың шектеулігі мен оның формальды интерпретациясы ның қиындылығы әсерінен ол математикалық анализ негізінде қанағаттандырарлық анализге берілмейді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет