Дәріс 1 Кіріспе. Курстың мақсаты мен міндеті Дәріс жоспары



бет1/3
Дата07.02.2022
өлшемі33,21 Kb.
#84520
  1   2   3
Байланысты:
daris 1
daris 1, daris 1

Дәріс 1 Кіріспе. Курстың мақсаты мен міндеті
Дәріс жоспары:

  1. Материктермен мұхиттар географиясының негізгі ұғымдары

  2. Материктермен мұхиттар географиясын оқу мәселелері

Жеке адамдардың даму үрдісі білім беру мен тәрбиенің элементтерін меңгерумен байланысты, олардың қатарына географиялық білім беру де жатады. Олар қазіргі ғылыми-техникалық революция дәуіріндегі мәдениеттің ажырамас элементі болып табылады. Қазіргі адамда адамзат тағдыры мен табиғат біртұтас екендігі туралы түсінік берік қалыптасу керек. Мұндай түсініктер қатарына географиялық қабықтың біртұтастығы оның барлық бөліктерінің географиялық объектілердің өзара байланысы, сонымен қатар адамзат қызметінің кез келген түрінің табиғатқа тигізетін әсері жатады.
Осыған байланысты географияны оқытудың жаңа бағдарламасында географияны оқыту – географиялық объектілер мен құбылыстар туралы жеке студенттің танымдық қабілеттерін дамытып, оларға қазіргі қоғамдағы мәселелердің аймақтық аспектілерін түсінуге көмектесу, олардың себебін түсіндіру, біздің ғаламшарымызға ортақ үй есебінде қарауды көздейді делінген. Осы мақсатқа жетуді жер бетіндегі көл жүйелері туралы білімі де өз үлесін қосады. Бұл білім нұсқалары қосымша емес, географиялық білім берудің негізгі элементтерінің бірі болып табылады. Олардың физикалық география курсында қарастырылуы мынандай себептерге байланысты:

    1. студенттерге географияның басты дүниетанымдық идеясын түсінуге (біздің планетамыздың біртұтастығы мен бірлігі туралы) көмектесу, сонымен қатар құрлық бөліктеріндегі ішкі сулардың адамзат үшін маңызын көрсету;

    2. Геожүйелер туралы білімнің ажырамас бөлігі болып табылатын географиялық мәдениетті студенттерге дамыту;

    3. География ғылымының негізгі зерттеу объектісі болып табылатын табиғат кешендерінің (оның ішінде көл жүйелерінің) пайда болуы мен қалыптасуы жайлы заңдылықтарды түсіне білуге назар аудару;

    4. Қазіргі жер планетасындағы экологиялық жағдайлармен, сонымен қатар көл геожүйелеріндегі экологиялық мәселелермен таныстыру. Сонымен құрлық бөліктеріндегі көл геожүйелерін оқытудың үлкен арнаулы, өз беттік және тәжірибелік мәні бар. Көл геожүйелері туралы мәліметтер физикалық географияның барлық курстарында берілген.

Физикалық географияның бастапқы курсында геожүйелері туралы білім жалпы алғанда, олардың табиғаты туралы ұғымдарды қалыптастыру мақсатында сипаттамалық жоспарда беріледі.
«Материктер мен мқхиттар географиясында» оларды жалпы географиялық кешендік позицияда оқытады. Бұл курста жер планетасының барлық құрлық бөліктеріндегі көл геожүйелері біртұтас табиғат кешені ретінде қарастырылады. Жеке көлдерді оқыту «табиғат кешені» (ТК) туралы жалпы түсінікті одан әрі тереңдетуге, нақтылауға көмектеседі. Бұл кезде білім алушылар көлдер туралы жалпы түсінікті ғана емес сонымен қатар соған байланысты басқа ұғымдарды да меңгере бастайды: көл геожүйесі, көлдердің территориялық және аквальдық кешендерді, табиғи және антропогендік табиғат кешендері т.б. Өйткені географиялық ойлау- Жер табиғатына біртұтас түрде ғана пайымдап қоймай оның ішкі бөліктерінің де әртүрлілігін көре білуді білдіреді. Сондықтан жеке құрлық бөліктерінің табиғатын оқып білуді әрбір ірі көлдер геожүйелері ірі табиғат кешені ретінде қарастырылады. Жер планетасында олардың белгілі бір географиялық орны бар, олардың әр қайсысының құрылымында, табиғи компоненттерінің өзара әрекеттесуінде ерекшеліктері бар.
Көлдер туралы білім жалпы жертанулық көзқарастар шеңберін кеңейтуге, негізгі географиялық заңдылықтар: табиғат үрдісінің біртұтастық, зоналылық, ырғақтылық заңдылықтарын түсіне білуге көмектеседі. Құрлық бөліктеріндегі тіршілік формаларының эволюциясы мен сақталуы көлдер табиғатына да тікелей байланысты. Көл геожүйелерінде жинақталған энергия мен зат массалары жер табиғатының қалыптасуы мен өзгеруіне белгілі бір деңгейде әсерін тигізеді.
Жер бетіндегі көл геожүйелерін оқып зерттеудің тек қана теориялық емес, практикалық маңызы бар. Көлдердің табиғи ресурстарын игерудің болашағы зор. Олардың биологиялық, минералдық ресурстарымен қатар, көлдерде өмір сүретін организмдерді өсіретін арнаулы шаруашылықтар ұйымдастырудың маңызы зор. Бұл қазіргі халық санының өсуіне байланысты өзекті мәселе болып табылады. Сонымен қатар, көл геожүйелерінің рекрециялық ресурстарының да адамзат үшін маңызы ерекше.
Жалпы көл геожүйелерін оқытудың негізгі мақсаттары мынадай:

  1. Құрылымдық бөліктеріндегі табиғат ресурстарының бірлігі мен өзара байланысын көрсете білу, олардың құрлық табиғатына әсерін анықтау;

  2. Көл геожүйелерінің табиғи жағдайлары мен ресурстарының адамзаттың қазіргі жағдайы мен болашағы үшін атқаратын рөлін көрсету, олардың табиғи ресурстарын тиімді пайдалану мен экологиялық мәселелеріне назар аудару;

  3. Дүние жүзіндегі көл геожүйелерінің табиғи, экологиялық мәселелеріне көзқарасты қалыптастыру.

Ішкі суларды, олардың ішінде көлдерді оқыту туралы арнаулы оқу- әдістемелік құралдар мен нұсқаулар аз, соған байланысты, көрнекі құралдар да мүлдем аз.
Еуразия материгіндегі көл геожүйелерін мысалға ала отырып,
«Гидросфера», «Материктердің ішкі сулары», және «Қазақстан Республикасы ішкі сулары» тақырыптық бөлімдері бойынша жүргізілетін сабақ түрлерін қарастырайық.
Енді осы географиялық объектіні оқып-үйренуді ұйымдастырудың кейбір мүмкіндіктерін қарастырайық. Еуразияның ішкі суларын оқып-үйрену басқа құрлықтардың ішкі суларын оқып-үйренуге ұқсайды.
Оқу материалдарының мазмұнының түрлілігі географиялық ақпарат көздерінің бірнеше түрін пайдалануда мұмкіндік береді. Және олармен жұмыс жүргізудің әртүрлі тәсілдерін қарастыруға болады. Бұл тақырыпқа қабырға карталарынан басқа оқу атластарын, көлдер ландшафтарның суреттерін пайдалануға болады.
Басқа тақырыптармен салыстырғанда Еуразияның ішкі суларын оқып- үйрену айқын экологиялық бағытпен берілген. Ішкі сулардың табиғи
жағдайларын ғана сипаттап қоймай, олардың адам өміріндегі маңызы, қазіргі тұщы суға зәрулік артып отырғанда оларды тиімді пайдалану, құрлықтың әр бөліктеріндегі көл геожүйлеріне антропогендік қызметтің әсері туралы атап көрсетілген.
Сабақтың бір бөлігі фронтальді түрде жүргізуге болады, оқытушы көлдердің аттарын атап тұрады, студенттер оларды атластан іздеп табады.
Қабырғада карта мен диапозитивтер, оқу фильмдері арқылы көлдердің табиғи ресурстары мен шаруашылық маңызын көрсетуге болады.
Бұл тақырыпты оқытқанда ішкі ағыстар, шөлдердегі өзендер туралы студенттерге өз беттік тапсырма беруге болса, ал көл геожүйелерінің сипаттамасын өздері берегені дұрыс.
Сонымен қатар, көлдердің пайда болуы литосферасындағы ішкі және сыртқы күштердің әсерінен және адамдардың шаруашылық қызметіне де байланысты екендігіне назар аудару керек. Ішкі тектоникалық күштердің әсерімен тектоникалық және вулкандық көлдердің пайда болуын, мысалы, Ыстықкөл, Камчаткадағы вулкан кратерлеріндегі көлдерді мысалға келтіруге болады. Олардың ең тереңдіктері үлкендері ежелгі тау жүйелерінде орналасқан, өйткені бұрынғы геологиялық уақыттарда бұл жерлерде жер қыртысының жарылып, бөлшектенуі байқалады.
Евразия құрлығының ТМД елдері орналасқан бөлшектерінде мұздық- тектоникалық топқа жататын көлдер көп, мысалы: Ладога, Онега, Карелия және Кола түбіндегі көлдер. Олардың қазаншұңқырлары ең алдымен жер қыртысының қозғалыстары арқылы пайда болады, одан әрі мұздықтардың қызметі арқылы тереңдей түседі. Ал сыртқы рельеф-қалыптастырушы процестердің нәтижесінде карсты көлдер, «дала табақшалары», опырмалы немесе бөгендік көлдер пайда болады. Опырмалы көлдер қатарына Памирдегі Сарез көлін жатқызуға болады (ұзындығы -61км, тереңдігі-505м.). Өзендер аңғарларында өсімдік басып кеткен аңғарлық көлдер кездеседі. Қара және Азов теңіздерінің жағалауларындағы лимандық көлдер орналасқан, олар теңізден өзендер ағысып әкелген тау жыныстарымен бөлініп жатыр.
Студенттер Евразия территориясында көлдердің таралып орналасуы жер бедеріне ғана емес, климат пен ылғалдануға байланысты болатынын меңгерулері керек. Осы себептерге байланысты далалық және шөлді аймақтарда көлдер аз. Ал шөлді және шөлейт жерлердегі көлдерде су тұздылығы 35‰ -дей болады. Мысалы, Басқұншақ көлі жаз кезінде аппақ қардай тұз қабатын жамылады. Көлдердің шаруашылықтағы маңызы туралы студенттер өз беттерімен айтып бере алады.
Сабақтың қорытынды бөлімінде көлдер туралы білімді жүйелей келе, Евразияның физикалық картасын пайдаланып, олардың экологиялық жағдайы, оларды қорғау мәселелері туралы қысқа әңгіме өткізуге болады. «Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы» курсы бойынша келесі бір сабақ түрін қарастырайық. Көлдер мен өзендердің негізгі белгілерін дұрыс игеру үшін тест түрінде тапсырма беруге болады.
Оқытушы студенттерге мынандай кестелер бойынша Евразия құрлығындағы өзендер мен көлдердің негізгі белгілерін анықтауды ұсынды.
Сол жаңа жетілген технология талабына сай келмейтін және табиғаттағы өзара байланыстың күрделі түйіні ескерілмей жасаған жобалардың орны толмас қауіп-қатерге соқтыратынын айқындап, көз жеткізе дәлелдеп шығуға мүмкіндік береді. Мұны қазір Қарабұғаз көл, Ладога, Байкал, Балқаш пен Арал бойының мүшкіл тартқан жай жапсарын ап-айқын көрсетіп отыр.
Кесте 1 – Сипаттамалары бойынша өзендер мен көлдерді анықтау

Өзендер мен көлдердің негізгі белгілері

Өзендер мен көлдер

1) Мұздықтармен, қар және грунт суымен

А- Енисей

қоректенеді;

Б-Байкал

2) Үнді мұхитының бассейнінде

В-Сена

орналасқан;

Г-Женева көлі

3) Альпілік көлдер ішіндегі ең ірісі;

Д-Хуанхэ

4) Аралас, мұздық-жаңбырлық қоректе

Е-Ганг

кетеді;

Ж-Сырдария

5) Жыл бойында су деңгейі толық;




6) Жер бетіндегі ең терең көл;




7) Жазда тасиды;




8) Өзендер ішкі су бассейніне жатады;

Жауаптары: Б-6; А-11; В-5; Г-

9) Өзеннің ағыстық бағытын бірнеше рет

3,10; Д-9; Е-2,4; Ж-1;

өзгертті




10) Атлант мұхитының бассейнінде




орналасқан;




11) Көктемде тасиды



Кесте 2 - Сипаттамалары бойынша көлдерді анықтау



Көл
қазаншұңқырларының пайда болуы

Географиялық жағдайы

Адамзаттың пайдалау мүмкіндігі

Вулкандық

Камчатка (Курил,
Кроноск)

Табиғат ескерткіші

Тектоникалық

Оңтүстік Сібір таулары (Байкал), Орта Азия
таулары (Ыстықкөл), Кавказ (Севан).

Рекреациялық, балық шаруашылығы, өдірісті сумен қамтамасыз ету

Карсты (термокарсты)

Орал маңы, Якутия
(Неджели).

Рекреациялық мақсатта

Мұздық

Еуропаның солтүстік- батыс бөлігі (Ладога,
Онега).

Транспорттық

Бөгеттік

Памир (Сарез).

Рекреациялық

Лимандық

Қара және Азов теңіз
жағалаулары.

Кеме қатынасы, балық
шаруашылығы

Жасанды (су қоймасы)

Волга бойында
(Рыбинск, Камск)

Балық шаруашылығы,
кеме қатынасы

Студенттерге экологиялық тәрбие берудегі ең қолайлы тақырыптардың бірі - Қазақстанның ішкі сулары-өзен, көлдері. Олардың таралуы мен пайдалануы.
Қазақстанның ішкі суларының экологиялық жағдайына тоқталған кезде судың өмір үшін маңызды екенін, адамдардың жер асты суын, үлкен және кіші өзен суын, жасанды көлдерді, көл суын қалай пайдаланатынын айттып, бірақ соңғы кездегі сол судың ластануы, ысырапты пайдалануы салдарынан Қазақстандағы ірі-ірі екі айдын- Арал теңізі мен Балқаш көлі суының ластанып, азаюы нәтижесінде, ол жердің табиғатының өзгеріске ұшырап, тіпті Арал теңізінің құрып кету қауіпі тұрғанын, ол жөнінде елімізде жүргізіліп жатқан түрлі шараларға, қаулы-қарарларға тоқталып кеткен жөн.
Әңгімені әрі қарай жалғастыра келе, студенттердің назарын, әлі де болса, тартылып жатқан теңіздердің орнына қолдан жасанды тоғандар, көлдер жасау арқылы тұщы суда өсетін балықтардың уылдырық шашуына қолайлы келетін, елді-мекендерді сумен қамтамасыз етудің қайнар көзі болып табылатын және жағасы халықтың демалыс орнына айналған шағын өзендер мен жылғалардың маңыздылығына міндетті түрде аудару керек.
Бұл сабақта облыстың, республикалық басылымдарда жарияланған мақалаларды, фактілік материалдарды көптеп қолдануға болады.
Жалпы алғанда, Евразия құрлығындағы көлдер геожүйелері туралы әр алуан материалдарды қолдана отырып, сабақтың әр мазмұнындағы түрлерін ұйымдастыруға болады.
Студенттердің өз беттік жұмыстары білімнің берік жүйесінің және ғылыми дүниетанымының қалыптасуына қажетті жағдай туғызады. Тек қана дұрыс ұйымдастырылған өз беттік жұмыстар әр студенттің оқып-зерттейтін ғылымның мәніне тереңдей үңілуіне, жаңа әдіс-тәсілдерді меңгеруіне өзінің қабілеттері мен талантын ашуға мүмкіндік береді. Студенттердің өз беттік жұмыстары тұрақты бақылауды, түзетулер енгізіп отыруды және бағыт беруді қажет етеді.
«Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы» курсы бойынша орындалатын студенттердің өз беттік жұмыстары оқу бағдарламасында қарастырылған оқу үрдісінің негізгі бір органикалық бөлігі болып табылады.
«Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы» жоғары оқу орындарында оқытылатын физикалық-географиялық пәндердің жүйесіне енеді, аймақтық физикалық географияны меңгеру осы пәннен басталады. Ол студенттердің бұрын оқытылған геология, геоморфология, метеорология, климатология, гидрология, биогеография сияқты пәндерден жинақталған білім негізіне сүйенеді.
Студенттердің курсты оқып-үйрену барысындағы жұмыстарын белсенді түрде жүргізу үшін оның кейбір бөлімдерін толығымен өз беттік жұмыстарға арнауға болады. Бұл тақырыптарды игеру- зертханалық немесе семинар сабақтарында талдау жасау арқылы жүргізіледі. Ондай тақырыптар, мысалы, жекелеген құрлықтардың ішкі сулары, жануарлар дүниесі т.б. болуы мүмкін. Дәріс сабақтарында аймақтық бөлімдер бойынша әрбір физикалық- географиялық елді сипаттау шарт емес, көп жағдайда субконтиненттердің
табиғатын талдаумен шектелуге болады, мұнда оның аумағындағы кейбір айырмашылықтарға тоқтала кеткен жөн.
Зертханалық сабақтарда өз беттік жолмен орындауға арналған тақырыптар мен материалдар аталған курстың мазмұнында жетерлік, атап айтқанда:
а) әр түрлі құрлықтардағы ұқсас ландшафт түрлеріне салыстырмалы сипаттама беру (Лаврентий қыраты мен Фенноскандия, Үндістан мен Үндіқытай, Амазония мен Конго қазаншұңқыры, Орал таулары мен Аппалач таулары, Британ аралдары мен Жапон аралдары т.б.);
ә) құрлықтардың тектоникалық, геологиялық және физикалық карталарына сараптама жасау;
б) құрлықтардағы табиғат зоналары арқылы геоботаникалық, оротектоникалық қималар салу;
в) табиғи аудандардағы сирек кездесетін географиялық объектілерге сипаттама беру;
г) қолайсыз, стихиялық, климаттық, гидрологиялық үрдістер мен құбылыстарға сараптама жасау т.б.
Болашақ мамандардың білім деңгейін көтеру мақсатында курсты оқыту барысында басқа да көптеген қолайлы тәсілдермен өз беттік жұмыс түрлерін қарастыруға болады. Көптеген өз беттік жұмыстардың ішінде студенттердің шығармашылық белсенділігі көрінетін түрлері – бақылау, курс жұмыстары, реферат немесе баяндама даярлау, арнаулы семинарлар ұйымдастыру және бітіру жұмысын жазу. Олардың әрқайсысынан өзіндік ерекшеліктері мен орындалу әдістемелері бар.
Студенттердің танымдық қабілетін дамытатын өз беттік жұмыстардың бірі- курс жұмысын даярлау. Курс жұмысын жазғанда студент таңдалынып алынған тақырып бойынша негізгі мәселені көре білуі, дұрыс қорытынды жасай білуі, себептік-салдарлық байланыстарды анықтай білуі шарт.
Курс жұмысын жазу барысында бірнеше кезеңнен тұратын жұмыстар жүйесін қолдануға болады.

  1. дайындық кезеңі (тақырыбы, нұсқаулар).

  2. таңдап алынған тақырып бойынша әңгіме өткізу.

Сонымен қатар, бұл кезеңде әдебиеттермен жұмыс істеу жөнінде кеңес, олардың әрқайсысынан материалды іріктеп алу, курс жұмысын мағынасы бойынша бірнеше бөлімдерге бөлу.

  1. Студенттердің өз беттік жұмысы. Мұнда:

  • қолданатын материалдарды іріктеу;

  • мәселені тереңдетіп оқу және түсіне білу;

  • әдеби, ғылыми әдебиеттерді конспектілеу;

  • логикалық жүйелілікпен беру;

  • жұмыс жоспарын жасау.

  1. курс жұмысының алғашқы қолжазбасын дайындау; V- жұмысты тексеру;

VI- жұмысты таза бетке көшіру; VII-курс жұмысын қорғау.
Жұмыстың бұл түрін орындаған кезде «Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясынан курстық және бақылау жұмыстарын орындауға әдістемелік нұсқауды» (құрастырушы авторлар А.А.Науменко, Е.Н.Вилесов, Қазақ Ұлттық Университеті, 1997) пайдалануға болады.
Бітіру жұмысы – жоғарғы оқу орнында ұйымдастырылатын өз беттік жұмыстар жүйесінің қорытынды бөлімі болып табылады.
Егер студент оған дейін семинар сабақтарында реферат және баяндама жұмыстарын орындап, курс жұмыстарын қорғауда белсенділік танытса, бітіру жұмысын жазуға қажетті материалдарды іздеуге, ғылыми әдістемелер қолдануда белгілі бір дайындығы болады. Бітіру жұмысын жазудағы тағы бір қажетті жағдай – таңдап алынған тақырыптың өзектілігі және тәжірибелік маңызы.
«Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы» курсы бойынша орындалатын бітіру жұмыстары жекелеген құрлық бөліктері мен мұхиттардың ең бір өзекті, күрделі мәселелеріне арналады. Мысалы, «Африка құрлығындағы көлдердің табиғи ресурстары мен экологиялық жағдайлары», «Солтүстік Американың ұлы көлдерінің экологиялық аспектілері және оларды мектеп географиясында оқыту», «Евразия құрлығындағы көл геожүйелерін физикалық география курсында оқытудың тәсілдері». Бұл тақырыптарды алудың өзектілігі
– көл геожүйелері туралы жалпы физикалық география курсында материалдар қысқа түрде берілген, сонымен қатар бұл табиғат кешендерінің қазіргі антропогендік әсердің дәрежесіне байланысты экологиялық жағдайының күрделене түсуі.
«Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясын» оқыту процесі кезінде географиялық картаны түсінуге, оқи білуге көмектесетін мақсатты бағыттар мен мәселелерге баса назар аудару қажет.
Кез келген географиялық зерттеу жұмыстары картографиялық материалдарды оқып білуден басталады. Кез келген территорияның географиялық ерекшеліктерін танып білу – сол территорияның географиясы, орналасқан жері, шекаралары, формасы және жеке географиялық объектілердің аумағы туралы көрнекі түсініктерсіз мүмкін емес. Географиялық карталар объектілер мен құбылыстардың кеңістіктегі заңдылықтары, өзара байланысы туралы ақпараттарды, даму процестерін олардың бір-бірімен байланысы арқылы түсіндіре отырып жеткізеді.
Географиялық карталардың негізгі артықшылығы – оның көрнекілігі.
«Карта – оқушылардың түсінігіне мәтінге қарағанда оңай қабылданатын географияның екінші тілі» - деп Н.Н.Баранский айтқандай түсініктерді қазіргі географиялық атаулар арқылы оқып білу жеңілірек тиеді.
Сонымен қатар, географиялық зерттеулердің әдісі бола отырып, оның мазмұнының қажетті бір бөлігі болып табылады, өйткені карта мен мәтін бірінсіз-бірі жеке болуы мүмкін емес жағдай.
Картографиялық материалдарға басқа ғылым салаларының жетістіктері мен білімдерін тарту физикамен, химиямен, математикамен, биологиямен, қоғамдық ғылымдармен себеп-салдарлық байланыс орнатуға себеп болады.
Картамен жұмыс істеу – студенттердің логикалық ойлау, еске сақтау, қорытындылау сияқты аналитикалық қабілеттерін арттырады. Зерттелетін объектіні жан-жақты түрде қарастыру студенттердің диалектикалық ойлау қабілеттерін дамытуға көмектеседі. Бұл жағдайда сұрақтың күрделілігін, топтың немесе курстың дайындығын есепке алу қажет. Картадан объектілерді жай ғана көрсетіп қоймай, сұрақты лекциядағы материалдарды еске ала отырып, бірте-бірте күрделендіру қажет.
Н.С. Юрцевич пен А.Н.Баско мұндай күрделендіру жағдайын төмендегідей сатыларға бөледі: «Картада түсірілген объектілердің өзіндік қасиеттерінің байқалуы; картографиялық бейнелеу кезінде оларға сандық және сапалық баға беру;картографиялық белгілерді географиялық құбылыстармен байланыстыру». Көрсетілген түсініктер географиялық номенклатураны оқыту біртіндеп,
яғни қабырғаға ілетін картадан бастап, атластар жинағын оқып білуге дейін жүргізілуі керек екендігін еске салады. Бұл жағдайда географияның бастапқы курсын – «Жалпы жертануды» оқыған кезде алған дағдылар мен мүмкіндіктерге басты назар аудару қажет. Алғашқы берілген географиялық атауларға «Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясынан» 50-75% жаңа географиялық атаулар қосылады. Бұдан басқа студенттердің картография және геологияны оқыған кездегі білімдерін ескеру қажет.
Әдетте, материктердің географиялық номенклатураларын оқу дәріс сабағының барысында да жүргізіледі. Оның қалыптасқан жүйесі мынандай: материктің ең шеткі нүктелері, теңіздер, бұғаздар, шығанақтар, түбектер, аралдар, өзендер, көлдер, тау жоталары, қыраттар мен жоталар, жазықтар, ойпаттар мен шөлдер. Мұхиттарда географиялық түсініктердің мұндай жиынтығы өзгешелеу. Олардың номенклатураларына шеткі және ішкі теңіздер, аралдық доғалар, терең шұңғымалар, мұхит тау жоталары мен платолар жатады Ал зертханалық сабақтарда карта мен атластар бойынша объектілердің географиялық координаттарын анықтауға болады. Номенклатураны оқудағы білімге сүйене отырып, жекелеген объектілердің табиғат жағдайларын,таулы, жазық, ойпат жерлердің ауа-райын, оның тау жүйелерінің орналасуына
байланыстылығын анықтауға болады.
Жалпы географиялық оқулықтарда студенттар мәтін, кестелерде кездесетін цифрлық мәліметтермен жұмыс істейді. Графиктер мен әртүрлі диаграммалар географиялық түсініктер мен құбылыстарды, олардың көлемі мен қозғалысын барынша айқын көрсетеді.
Сондықтан ондай материалдармен жұмыс істеу табиғи қажеттіліктен туады, өйткені оларды түсініп қысқаша түрде олардың географиялық ерекшеліктері туралы түсіндірме жазуы қажет.
Бұл жұмысты басқаша түрде де орындауға болады, яғни кескін картаға объектілердің реттік санын жазып, олардың аттарын, орналасқан жерін және басқа физикалық-географиялық ерекшеліктерін зертханалық жұмыс дәптерлеріне жазу.
«Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы» курсының жекелеген бөлімдерін оқу географиялық номенклатуралар туралы білімді тексерумен аяқталуы тиіс. Мұндай жағдайда физикалық географиялық
карталарды қолдана отырып, студенттер ауызша сұрақ-жауап вариантын қолдануға болады.
Географиялық номенклатураларды оқып-білу белгіленген тақырыптар бойынша зертханалық сабақтарға арналған аранаулы дәптерлерде орындалуы тиіс. Дәптердегі жұмыстарды мәтін немесе арнаулы кестелер түрінде беруге болады. Бұл студенттерге физикалық-географиялық, экономикалық- географиялық құбылыстардың ерекшеліктерін дұрыс түсінуге көмектеседі. Мұнда тек қана цифрларды есте сақтау ғана емес, оларға талдау жасау, салыстыру, содан кейін белгілі бір тұжырым жасау қажет.
Географиялық номенклатураны оқудағы ағымдағы бақылау әрбір зертханалық сабақта таңдамалы түрде ауызша немесе жазбаша жүргізіледі. Ауызша бақылау әр түрлі мазмұндағы физикалық-географиялық карталарды пайдалана отырып, тақта алдында, ал жазбаша бақылау карточкалардағы сұрақтар бойынша материктер мен мұхит бөліктері түсірілген кескін карталардың қиындыларына тиісті объектілерді түсіру әдісімен жүргізіледі. Содан кейін студенттерге қысқаша түрде олардың географиялық ерекшеліктері туралы түсіндірме жазуы қажет.
Сонымен қатар, географиялық объектілерді картада көрсетудің белгілі тәртібін де сақтау қажет: көлегейлемей, оң немесе сол жақ қиырында тұрып көрсету; объектілерді көрсеткіш таяқшаның көмегімен көрсету; аудан контурын айналдыра көрсету (егер ол жазық, ойпат, теңіз болса), өзен жүйелерін бастауынан сағасына қарай көрсету.
Студенттердің оқу кезіндегі ең маңызды мәселесі болып – картаны түсіну, оқу, білу сияқты жұмыстар жатады.
Картаны түсіну – картографиялық әдістер мен түсініктерді, картада бейнеленген барлық шартты белгілерді білу. Бірінші курстан бастап бұл жұмыс тұрақты түрде жүргізілуі қажет.
Картаны оқу – картаны білімнің таусылмас көзі ретінде қарастыра отырып, онымен жұмыс істей білу.Картаны оқи білу мағлұмат алудың ең маңызды жолы болып табылады.
Картаны білу- жоғары оқу орнында оқыған кезде географиялық номенклатураға енгізілген географиялық объектілердің тізімін есте сақтау.
Географиялық карталардың мәнін түсіну және географиялық номенклатураны игеру студенттердің пәнді білуге деген белсенділігін арттырады.
Жалпы географиялық атауларды оқып-үйрену студенттердің өз беттік жұмыстарының бірі, әрі маңызды түрі болып саналады.
Географиялық атаулардың объектілер жинағын ұлғайта отырып, тапсырмаларды күрделендіру студенттердің жалпы физикалық немесе тақырыптық карталарды тереңірек түсінуіне көмектеседі. Материктер мен мұхиттардың және оның бөліктерінің ерекшеліктері біртіндеп оқытылса,студенттердің болашақта өз бетінше жұмыс істеу мүмкіндігі артады.
Студенттердің орындайтын барлық өз беттік жұмыстары үнемі бақылау жүргізіп отыруды, бағыт беруді қажет етеді.
Қорыта айтқанда, «Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясын» тиімді оқытудың негізгі бір жолы – өз беттік жұмыстардың дұрыс ұйымдастырылуы және дұрыс нәтиже беруі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет