Сабақтың тақырыбы: днқ құрылымы мен қызметі Мектеп: Шымкент қ. Хбб нзм күні: 26. 02. 2014 ж



бет1/2
Дата13.02.2017
өлшемі250,88 Kb.
#9086
түріСабақ
  1   2
Қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: ДНҚ құрылымы мен қызметі

Мектеп: Шымкент қ. ХББ НЗМ

Күні: 26.02.2014 ж

Мұғалімнің ТАӘ: Есенова Гауһар Сайлауқызы

Сыныбы: 11 сынып Б 1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары

Оқушылар орындай алады: ДНҚ құрылымы мен қызметін сипаттай алады

Сабақтың мақсаты

Тілдік мақсаттар


Барлық оқушылар мынаны жасай білулері керек:

  • ДНҚ – ның атқаратын қызметін түсінеді;

  • ДНҚ - ның құрылымдық бөлігін ажырата алады;

  • ДНҚ – ның, нуклеотидтердің биологиялық маңызын түсінеді;

Көптеген оқушылар мынаны жасай білулері керек:

  • ДНҚ –ның атқаратын қызметіне анықтама беріп, ол анықтаманы түсіндіре алады;

  • ДНҚ мөлшерін, көлемін, нуклеотидтердің ара қашықтығын түсіндіре алады;

  • ДНҚ қызметінің, нуклеотидтердің биологиялық маңызын интерпретациялай алады;

Кейбір оқушылар мынаны жасай білулері керек:

  • ДНҚ – ның үш реттік құрылымы мен РНҚ-ның үш реттік құрылымын блок схема түрінде жазып, талдай алады;

  • Аталған құрылымдар арасындағы айырмашылықтарды анықтап, түсіндіре алады;

  • ДНҚ нулеотидтері мен нуклеозидтерінің орналасу ретін түсіндіре алады.

Оқушылар түртүзілуді сипаттау үшін тиісті терминологияны пайдалануы мүмкін

Пәнге бағытталған лексика және терминология:

Гидрофильді азоттық негіз, гидрофобты пентозды – фосфорлы қалдық,комплементарлық, биополимер.







Диалогтар мен жазбаша жұмыстар үшін пайдалы шаблондық фразалар:

Дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ) - тірі ..................  ақпараттың ұрпақтан-ұрпаққа берілуін,сақталуын,дамуы мен қызметін қамтамасыз етуіне жауапты  ...................... екі түрінің бірі. ДНҚ-ның  ............... басты қызметі - ұзақ мерзімге РНҚ мен белокқа қажетті ақпаратты сақтау. ДНҚ-ның ерекшелiгi. Бiр организмнiң барлық клеткаларындағы ДНҚ молекуласының құрамы, құрылымы бiрдей болады да, жасына, ортадағы жағдайына тәуелдi емес. ДНҚ молекуласының нуклеотидтiк құрамы, құрылымы, тiзбегiндегi нуклеотидтердiң реттелiп орналасуы .............. ...................... ................. анықтайды.

Алдыңғы білім


ДНҚ құрылысы G7

Нуклеин қышқылдары, маңызы, құрылысы, қызметі G9



Сабақ барысы

Сабақ қезеңдері

Сабақта орындалуы тиіс іс - әрекеттер


Оқыту ресурстары

Басталуы

0-5 минут

6-12 минут

13-20 минут

21-26 минут

27-37 минут

38-40 минут


Ұйымдастыру кезеңі

Ынтымақтастық атмосферасын орнату. Темпинг тест жүргізу. Оқушы алдарындағы қағазға алты ұяшық салады. Сол ұяшықтарға нүкте қою басталады. Аяқтағаннан кейін нүктені санайды. Алған нүктелерінің санына қарай сабаққа белсенділігі анықталады.

Тақырыпты ашу мақсатында ДНҚ-ның маңызы жайлы таратпа қағаз беріледі. Сол таратпа қағазда адам бейнесін шығаруы қажет. Тұқымқуалаушылық белгілеріне қарай нуклеотидтерді орналастырады.Уақыт 5 минут. Жалпы осы жұмыс арқылы Днқ-ның маңызына тоқталу. Осы суреттің Днқ-ға қандай байланысы бар?деген сұрақпен сабақтың маңызын ашып аламыз.Оқушылармен пікір алмасамыз, жауап беріп жатқан оқушыларды қолпаштап мадақтап қоямыз. Сабақтың тақырыбын айта отырып сабақтың мақсатын жазамыз.


Тақырыпқа қатысты терминдермен жұмыс жасалады. Адасқан әріптер деген терминдік сөздермен жұмыс жасай отырып ағылшын тілін меңгеруге септігі тиеді.

Білу мен түсіну деңгейіне берілген сұрақтар. Дұрыс немесе дұрыс емес деген сұрақтар, жасыл түс дұрыс қызыл түс дұрыс емес деген мағынаны білдіреді. Тақтада ашық журнал ұйымдастырылады. Оқушылар өздерінің берген жауабтарының дұрыс, бұрыстығына қарай бағаланады.



  1. Аденин мен тимин екі сутектік байланыстан тұрады-дұрыс.

  2. Днқ макромолекула-дұрыс.

  3. Днқ ның көмірсуы дезоксирибоза-дұрыс.

  4. Днқ-ның сыртқы қаңқасы қант фосфорлы тұлға деп аталады.-дұрыс.

  5. Тимин мен цитозин пуриндік негізге жатады-дұрыс емес.

  6. Нуклеотид дегеніміз полимер-дұрыс емес.

  7. Франклин Днқ молекуласының рентгенграммасын жасады-дұрыс.

  8. Гуанин мен цитозиннің арасында үш сутектік байланыс бар-дұрыс.

  9. Днқ құрамындағы азотты негіздерге урацил жатады.-дұрыс емес.

  10. Дезоксирибоза пентозаның өкілі-дұрыс.

  11. Днқ жартылай сақтала екі еселенеді-дұрыс.

  12. Днқ-ның әр орамында 10 нуклеотидтен орналасады-дұрыс.

  13. Нуклеин қышқылы тірі ағзадағы тұқым қуалайтын ақпараттарды сақтай отырып, келесі ұрпақтарға жеткізетін күрделі құрылысты молекула.-дұрыс.

  14. Днқ бір тізбектен тұрады.-дұрыс емес.

  15. Днқ шағын тізбек-дұрыс емес.

  16. Гуанинге цитозин комплементарлы-дұрыс.

  17. Днқ құрамында фосфор қышқылы кездеседі- дұрыс.

  18. Днқ-ны ыдыратушы фермент лигаза-дұрыс емес.

  19. Днқ табиғаттағы алуан түрліліктің таралуына қатыспайды-дұрыс емес.

  20. Днқ құрамында аминқышқылы кіреді-дұрыс емес.

Днқ-ның құрылысы мен құрамына оригами жасайды, топтық жұмыс аяқтағаннан кейін әр топтан бір оқушы шығып топтың жұмысын бағалайды. Нуклеотидтерді қалай құру керектігі туралы қадамдар сипатталған нұсқаулық, сосын ДНҚ жібін жасау үшін нуклидтерді қосыңыз:http://www.chemguio.uk/organicprops/aminoacids/dna1.html



Оқу мақсаты

Дескриптор

Жетті

Талпынды

Ескертпе

В. Днқ –ның құрылысы мен қызметіне сипаттама беру.



Днқ-ның құрамындағы азотты негіздерді көрсете алды.










Днқ-ның құрамындағы көмірсудың негізіне сипаттама бере алды.










Днқ ның құрылымына қарай нуклеотидтерді орналастыра алды.










Алған білімін қолдана отырып днқ ның моделін жасай алды.










Тілек:

Бағдаршам оқушы алдында үш түрлі түс жатады, тақтада есеп беріледі, оқушы алдындағы қызылды көтерсе қауіпті аймақтамын дегенді білдіреді , сарыны көтерсе әлі ойланамын, жасылды көтерсе сенімдімін дегенді білдіреді. Сол оқушы тақтаға шығады есепті шығарады. Сол бойынша оқушы өзін өзі бағалай алады. Қалған оқушылар орнында отырып шығарады. Болғанан кейін өзара дәптер алмасады.Өзара бағалайды.


Есеп: Днқ молекуласының салыстырмалы молекулалық массасы 69000, оның 8625 аденинді нуклеотидтің үлесіне тиеді.Бір нуклеотидтің салыстырмалы молекулалық массасы орташа есеппен 345 екені белгілі. Днқ-ның осы молекуласындағы нуклеотидтердің саны қаншадан? Днқ молекуласының ұзындығы қандай?

Рефлексивті бейне



  • Бүгін не білдім..

  • Қызықты болды..

  • Қиын болды..

  • Мен тапсырманы орындадым..

  • Енді мен жасай аламын..

  • Өмірде қолдануға үйретті..

  • Енді менің жасағым келеді..


Молекулалық биология бойынша онлайн журналдағы ақпарат, ДНҚ құрылымы туралы сілтемелер мен диаграммалар берілген:http://www.rothamsted.ac.uk/notebook/dnast.htm

YouTube-гі бейне клип, 1.5 мин, онда ғалым нуклидтердің не екенін түсіндіреді: http://www.youtube.com/watch?v=tuRxxgyLOes

http://www.yourgenome.org/teachers/origami.shtml

Нуклеотидтерді қалай құру керектігі туралы қадамдар сипатталған нұсқаулық, сосын ДНҚ жібін жасау үшін нуклидтерді қосыңыз:http://www.chemguio.uk/organicprops/aminoacids/dna1.html


Қосымша ақпарат

Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

БағалауОқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік ережелері

АКТ

Құндылықтармен байланыс

(тәрбиелік элемент)

Үлгерімі төмен оқушыларға үлестірме материал тарату арқылы қолдау көрсетуге болады, ал барынша үлгеретіндерге метакогнитивті сұрақ қою арқылы олардың білімдерін кеңейту қажет.

Сабақта бағалаудың формативті түрі қолданылады. Жеке жұмыстар барысында жылдам жауап бергеніне қарай антенна деген ашық журнал ұйымдастырылады және дұрыс орындағанына қарай смайлик тұсында көрсеткіші көрсетіледі. Топтық жұмыстарды дескриптор арқылы бағалаймыз.Сонымен қатар оқушы өзінің шамасына қарай бағдаршам деген түстермен өзін-өзі бағалайды.Бұл жерде сары түс көтерген оқушылар есептерді шығарып болғаннан кейін өзара дәптермен алмасып бірін-бірі тексереді, пікірін білдіреді.Сабақ соңында оқушы өзінің бүгінгі сабақтан алған ойын рефлексивті бейне арқылы мұғалімге жазып қалдырып кетеді.

Тапсырмалар берілген құрылымды парақтар көмегімен түртүзілуді график түрінде бейнелеп, талқылауға мүмкіндік беру арқылы оқушылардың түсініктерін кеңейтуге көмегін тигізеді. Ал өздері дайындаған постерлер оқушылардың кеңістіктік ойлау қабілеттерін арттыруға көмектеседі.

Сабақта топтық жұмыс істеу және нәтижелерді басқа оқушылармен ауқымды пікірталас жүргізуарқылы талқылау өзге пікірді құрметтеу мен коммуникативті дағдыларды дамытуға мүмкіндік береді. Оқушылар бақылауының негізінде жатқан қағидаттарды түсіндіруде сыни тұрғыдан ойлау қасиетінің көптеген мүмкіндіктері бар.



Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?





Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.




Қысқаша бағалау

Қандай екі мезет ең табысты (сабақ беру мен оқытуды қарастырыңыз)?

1:
2:
Қандай екі мезет сабақты жақсартты (сабақ беру мен оқытуды қарастырыңыз)?

1:
2:
Мен сабақтан топ пен жекелеген адамдар туралы не білдім, келесі сабақта не айтамын?






ДНҚ

Белгілер

РНҚ

2

Жіпшелері

1

Ядрода

Орналасуы

Ядро мен цитоплазмада

ДНҚ-полимераза

Ферменті

РНК-полимераза

АТГЦ

Нуклеотидтері

АУГЦ

Дезоксирибоза

Қанты

Рибоза

Генетикалық ақпаратты
сақтап зат алмасу
процестерін қадағалау

Қызметі

Генетикалық ақпаратты
тасымалдау және
нәруыз биосинтезі






Ъ

Каталог: upload -> iblock
iblock -> Сабақтың тақырыбы: «Әліппенің атасы»
iblock -> М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат
iblock -> Өзі де, сөзі де бөлек дара тұлға Ауызша журнал: Талғампаз өнер иесі
iblock -> №4 қалалық кітапхана Құрастырған
iblock -> Аты-жөні Марапаттау кезіндегі қызметі
iblock -> Абай Құнанбаев- қазақ жазба әдебиетінің
iblock -> Абай Құнанбаев қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы Мақсаты
iblock -> Составитель: библиограф цгб
iblock -> Сабақтың тақырыбы: Шортанбай Қанайұлы
iblock -> Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет