Дәріс-1 Мал шаруашылығындағы технологиялық процестерді механикаландыру Негізгі анықтамалар және терминалогия



бет8/47
Дата08.02.2022
өлшемі3,79 Mb.
#118111
түріҚұрамы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   47
Байланысты:
Мал шаруаш Дәріс
14-19 .02.22., вопросы по аттестации ДЛЯ ПОДГОТОВКИ
2. Мал азығын ұсақтау.

Ұсақтау процесін әртүрлі әдістермен іске асуы мүмкін болсада, негізінен қазіргі машиналарда ұсақтау, кесу, жинау және ұрып ұсақтау әдістерімен іске асырылады.


Ұсақтау процессінің басты көрсеткіші ұсақталу дәрежесі болып табылады λ. Ол мына өрнек арқылы анықталады





λ =

Lop

,

λ =

Dop

,

lop

dop

мұнда Lop – ұсақталатын сабақты азықтың орташа ұзындығы;
lop - ұсақталған азықтың орташа ұзындығы;
Dop – ұсақталатын дәнді дақылдардың эквиваленті орташа диаметрі;
dop – ұсақталған азықтың орташа диаметрі.

Ұсақтау процесіне жумсалатын қуат мөлшері ұсақталу дәрежесіне тікелей байланысты. Қазіргі уақытта сабақты азықтың ұзындығын реттеу қатар орналасқан ұрғыш және қарсы ұрғыштар адымы мен және қарсы ұрғыштар қатарымен атқырылады, ал дәнді дақылдардың ірілігі ұсақтау камерасына қойылған електің көзінің диаметріне тікелей байланысты.


Ұсақтағыш машиналардың жұмыс барысында, оның электрқозғағышының жұмысын бақылау өте маңызды. Өйткені ұсақтау камерасына берілетін сабақты азықтың немесе дәнді дақылдардың шамасы, электрқозғағыштың қуатына сәйкес болуы керек. Қазіргі ұсақтағыш машиналар ұсақтағыш жұмысын бақылау үшін амперметр мен жабдықталады.
Электрқозғағыштың қуатына сәйкес келетің токтың шамасы оның қорабына жапсырылған темір тақтада беріледі, яғни электрқозғағыш жұмыс істегенде ток күші осы тақтада көрсетілген шамадан аспауы керек. Мысалы амперметр бір фазаға қосылатын болғандықтан бір фазаға келетін қуаттың шамасы электрқозғағыштың барлық қуатының үш бір бөлігі.
Бір фазадағы қуаттың шамасы былай анықталады


Nф=IфUф cosφ,
мұнда Iф – ток күші ампер;
Uф - бір фазадағы кернеу, U=220В;
cosφ – әрбір фазаның сетке қосылып жүктену коэффициенті, cosφ=0,85.

Мысалы ДУ-11 мал азығын дайындау агрегатының ұсақтағышының электрқозғағышы 11кВт. Әрбір фазаға келетің ток бірдей есептесек



Nф=

N

=

11

= 3,67 кВт.

3

3

Бұл жағдайда бір фазаға келетін ток күшінің шамасын былай есептейміз, берілген бірінші өрнектеп ток күшінің ен шамасын табамыз

Iф=

Nф

=

3,67

= 19,62 А ≈ 20 А.

Uф cosφ

220*0,85

Сонымен ДУ-11 агрегатының ұсақтағышы жұмыс істегенде, оған берілетін азық мөлшерінің шамасын амперметр арқылы реттейміз, яғни ұсақтағыш жұмыс істеп тұрғанда ток күші 20 А -ден аспалуы керек.
Бұрынғы уақытта сабақты азықты жоғарғы өнімділікпен ұсақтау үшін ДИК-100, ИРМ-50, ИРТ-165, ИРТ-80, ИГК-30 сыяқты ұсақтағыштар жұмыс істеді. Бұл ұсақтағыштардың ішінде ИРТ-165 ұсақтағышында ұсақталған сабақтың азықтың ұзындағын елек арқылы реттейтін. Бірақ бұл әдіс құрғақ шөпті ұсақтағанда ғана машина дұрыс жұмыс істейді, ал ылғал шөпті ұсақтағанда елек көзі бітеліп, ұсақтағыш жұмыс істемейді. ДИК-100, ИРМ-50 ұсақтағыштарында ұсақтаны сабақты азық ұзындығын қарсы ұрғыштар қатарымен реттеледі.
Біздеу жасаған зерттелеріміз бойынша сабақты азықты елексіз ұсақтағанда ұсақталған азықтың орташа ұзындығы қатар орналасқан ұрғышпен қарсы ұрғыштардың ара қашықтығына тікелей байланысты және декаға қойылған қарсы ұрғыштар қатарының санына байланысты.
Сонымен біздің зерттеулеріміздің нәтижесінде сабақты азықтың ылғалдылығы қандай болғанына қарамай жоғары өнімділікпен ұсақтай алатын ДИК-100 және ИРМ-50 сыяқты ұсақтағыш мал азығын дайындағыш агрегаттар жасалып өндіріске енгізілді.
Бұл агрегаттардың негізгі артықшылығы шөп пен сүрленді немесе сүрлемшөпті қосып ұсақтап араласадық дайындауды қамтамасыз етеді. Дәнді дақылдарды ұсақтау үшін КДУ-2,0, КДМ-2,0, ДБ-5 сыяқты уатқыш пайдаланылды.
Қазіргі уақытта Қазақстан ғалымдарының зерттеулерінің нәтижесінде әмбебап, яғни мал азығының барлық түрін ұсақтауды және арлас азық. Құнарлы құрамажем дайындауды қамтамасыз ететін мал азығын дайындау агрегаттары жасалып өндіріске енгізіліп жатыр. Олар кішігірім уатқыш-ұсақтағыш ДИК-1,5, мал азығын дайындау агрегаттары АКМ-4, ДУ-5,5, ДУ-7,5 және ДУ-11.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   47




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет