Сабақтың мақсаты: Азықтан орташа сынама алу әдістерімен танысу



бет1/16
Дата29.09.2022
өлшемі140,74 Kb.
#151144
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
ВС лаб и практика
Ток. түрлері. Упп, ????Кәсіпкерлік сессия, дәріс-6 оям, Сөж-1

II БӨЛІМ
ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР

1 ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС


Орташа үлгі алу.
Бастапқы және гигроскоптық ылғалдылықты анықтау.
Сабақтың мақсаты: Азықтан орташа сынама алу әдістерімен танысу
Сабақтың мазмұны: Азықты талдау кезінде олардың орташа сынамасын дұрыс іріктеудің үлкен маңызы бар. Химиялық құрамы мен негізгі қасиеттері бойынша орташа сынама азықтың барлық бөлігінің дәл нұсқасы болуы қажет.
Азыққа белгіленген стандарттар бойынша, белгілі терминология қабылданған. Айталық, бөлік (партия) деп бір текті азықтың (түрі мен класы бірдей шөп, жем т.б.) бір рецептімен дайындалып, бір мезгілде қабылдануға, тиеуге, өткізуге не сақтауға арналған кез келген мөлшерін айтады. Ойып алынатын немесе бір жолғы сынама-азықтың бөліктен бастапқы үлгіні алу үшін бір қабылдауға іріктеліп алынған аз мөлшері.
Бастапқы үлгі (жалпы сынама) - қоймадан, маядан, вагоннан, азықтың бір бөліктен ойып алынған жиынтығы. Орташа сынама немесе үлгі-бастапқы үлгіні алу үшін бір қабылдауға іріктеліп алынған аз мөлшері.
Бастапқы үлгі мұқият араластырып барып алынады. Азықтың алынған сынамасы сапасының жеке көрсеткіштерін анықтау үшін оның нақты мөлшерін алады.
Азықтың талдауға іріктелінген орташа сынамасына төл құжат толтырылып, ондағы шаруашылық, аудан, облыс, бөліише және бригада, сондай-ақ ботаникалық құрамы, вегетациялық кезеңі (шөп, пішен үшін) технологиясы, әзірлеу мерзімі мен органолептикалық бағалаудың негізгі көрсеткіштері жайлы мәліметтер көрсетіледі. Зертханалық талдау аяқталысымен төл құжатқа азық сапасын зерттеудің нәтижелері мен азық құрамындағы қоректік заттардың мөлшері туралы деректер жазылады.
Шөптің орташа сынамасын алу
Дайындап біткен шөпті маяға, шөмелерге, қораға үйгеннен соң кемінде 30 тәулік ішінде жүргізіледі. Бір жолғы сынақтар престелмеген шөптен қолмен сынама алғышпен (әр жерінен 200-250г) іріктеледі. Массасы 25т престелмеген шөптің бір бөлігінен бір жолға 20 сынама, яғни әр 5 тоннадан 4 сынамадан алынады. Массасы 15 тоннадай престелген шөптің бір бөлігінен теңдердің 3 пайызына есептеп кемінде 5 орташа сынама алады. Егер бір бөліктің массасы 15 тоннадан 50 тоннаға дейін болса, онда теңдердің 1 пайызына есептеп кемінде шөптің 15 сынамасын алады. Престелген шөптің іріктеліп алынған әр теңінен бір жолғы сынамалар алынады. Ол үшін теңнен сым не жіпті алып тастап, шөпті сындырмай әрі қиқымдамай, әр теңнен бір-бір қабаттан яғни, біріншісінің бір қабатын, екіншісінің келесі қабатын т.с.с. етіп алады. Сонда жалпы сынама массасы бойынша қомақты болып шығады (кемінде 5кг).


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет