Дәріс №1. Педагогикалық қарым-қатынас шеберлігі Глоссарий Қарым-қатынас



бет8/8
Дата11.05.2022
өлшемі27,01 Kb.
#141940
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
пед. қарым-қатынас шеберлігі
информатика
Қарым-қатынастың түрлерi:
1. Маскiлi қарым-қатынастар – бiр күннiң iшiнде бiрнеше маска кию. Формалды қарым-қатынас, яғни мұнда маскiлердi пайдаланып сұхбаттасушылардың тұлғалық ерекшелiгiн түсiнiп ескеруге талпынамыз (сыпайлық, қаталдық, тұйықтық). Шынайы сұхбаттасушыға деген сезiмдерiн, эмоцияларын қарым-қатынас барысында көрсетпейдi.
Осы орайда адамаралық қарым-қатынасты айта кеткенді жөн көріп отырмын. Адамаралық қарым-қатынастың басты мақсаты – өзара түсіністікке қол жеткізу. Қарым-қатынас жасауда қарым-қатынасқа түскен адамды тыңдап, түсіне білудің маңызы зор. Бұл басқа адамның ішкі жан дүниесін түсініп, оған өз ойын дұрыс жеткізуге мүмкіндік береді. Адамдар басқаларға өз ойлары мен көзқарастарын түсіндіре отырып, түсініспеушілік, ұрыс-керіс пен дау-жанжал секілді жағымсыз құбылыстарды болдырмауға әрекет жасайды. Адамдармен жақсы қарым-қатынас орнатуға мынадай ережелердің орындалуы көмектеседі: барлық адамдармен тең дәрежеде, дөрекілік пен жағымпаздықсыз қарым-қатынас жасау; сұхбаттасушының жеке пікірін сыйлау; бұйрық емес, өтініш деңгейінде қарым-қатынас жасау; басқа адамның пікірін сыйлау және тәжірибесін қабылдай білу. Қарым-қатынас мәдениетін меңгерген тұлға өзімен қатынас жасайтын адамға құрметпен қарап, сыйластық білдіреді. Адамға сыйластықпен қарау жақсы қарым-қатынас жасаудың негізгі өлшемі болып табылады.
2. Формалды рөлдiк қарым-қатынас – мұнда сұхбаттасушының тұлғасы мен әлеуметтiк рөлi маңызды болып табылады.
Формалды топ мүшелерінің арасында белгілі құжаттардың талабына сәйкес әp түрлі сипаттағы іскерлік қатынастар орнайды. Ондай қатынастардан жетекшіге бағыну, тиісті құқықты орындау, ресми орындардың алдындағы жауапкершілікті сезіну ерекше көрінеді. Формалы топтарда (іскерлік қатынаста) кейде теріс эмоциялық жағдайлар, яғни бір-бірін ұнатпау, сыйламау, менсінбеу, жауласу сияқты құбылыстар да болуы мүмкін. Бұл жәйт ондағы іскерлік қатынасқа теріс әсерін тигізеді. Формасыз (бейресми) топтар ұнату, көзқарас бірдейлігі сенім жақындығы т.б. арқылы қалыптасады. Мұндай топқа ресми құжаттардың, тиісті нұсқаулардың күші жүрмейді. Мәселен, бірлесіп балық аулау, аңшылықпен айналысу, бірге қыдыру, отау тігу, дос-жарандық қатынастағы адамдардың тобы. Бұл топтарда бірін-бірі ұнату, біріне-бірі бауыр басу, сыйлау қасиеттері жоғалатын болса, онда ол біртіндеп ыдырап, топ болудан қала бастайды.
3. Iскерлiк қарым-қатынас – мұнда сұхбаттасушының iске деген тұлғалық ерекшелiгi, мiнезi, жасы, көңiл-күйi ескерiледi. Іскерлік қарым-қатынаста тілді жетік меңгеру арқылы адам тіл тазалығын сақтап, жеке басының қасиеттерін рухани құндылықтарын айқындай алады.
Тап-таза, өзіне сенімді, сыпайы, артық жылтырақсыз киінген қызметкер тез сенімге ие болады. Қызметкерлер өзінің киім киісінде қолайлылығымен, тазалығымен, талғампаздығымен және шектен тыс болмауымен (киімнің түсі және пішімі, бижутерия және макияж, шаш баптауы) сипатталатын қатаң іскерлік стилді ұстануға міндетті. Сонымен бiрге оның iске деген қызығушылығы мәндiк маңызды орын алады.
4. Достардың рухани және тұлғалық қарым-қатынасы – мұнда кез келген тақырыпқа әңгiме қозғауға болады, тек сөз арқылы ғана емес жест, мимика арқылы бiрiн-бiрi жақсы түсiнедi.
5. Маникулятивтiк қарым-қатынас сұхбаттасушыдан белгiлi бiр пайда табуға бағытталған. Ол үшiн сұхбаттасушының тұлғалық ерекшелiгiне байланысты түрлi әдiстер пайдаланады.
6. Вербалды және вербалды емес қарым-қатынас
Вербальды байланыс дегеніміз не?
Алдымен ауызша сөйлесуден бастайық. Мұны сөз арқылы пайда болатын пікір алмасу немесе қарым-қатынас ретінде анықтауға болады. Бұл жазбаша да, ауызша да болуы мүмкін. Ауызша қарым-қатынас адамдарға идеялармен, пікірлермен, құндылықтармен, ұсыныстармен алмасуға мүмкіндік береді және адам басқасымен байланыса алатын атмосфера жасайды. Біз досымызбен сөйлескенде, бұл ауызша қарым-қатынас, өйткені ол бізге басқа адаммен сөйлесу үшін сөздерді пайдалануға мүмкіндік береді. Ауызша қарым-қатынастың маңыздылығы - бұл ақпаратты беру өте айқын болатын жағдай туғызады. Қарым-қатынас ауызша болатын индустриялық жағдайды алайық, бірақ көбінесе бұл жазбаша байланыс. Жұмысшылар хаттар, түрлі құжаттар, есептер және жадынамалар арқылы басқалармен байланыс орнатады. Бұл көптеген жағдайларда ауызша емес, жазбаша байланыс. Сөздер пікір алмасу үшін қолданылатындықтан, біз мұны ауызша қарым-қатынас ретінде қарастырамыз. Енді вербалды емес қарым-қатынас деген не екенін түсінейік.
Вербалды емес қарым-қатынас дегеніміз не?
Бейвербалды қарым-қатынас - бұл бет-әлпет, ым-ишара, сонымен қатар мұқият қалыптар. Адамдар көп емес ауызша сөйлеседі. Сіз екі адамның бір-бірінің тілін білмейтінін көрдіңіз бе? Олар көптеген қиыншылықтарды сезінсе де, олар бір-біріне мимика, көз жанасуы және қолдың қозғалысы арқылы хабарды қалай жеткізгісі келетінін айта алады.
Неліктен тілдерді білетін адамдар туралы сөйлесу керек? Анасы өзінің іс-әрекеттері арқылы жаңа туған баласымен қарым-қатынас жасайды, ал бала оның тілектерін тез арада түсінуге үйренеді. Нәресте ешбір тілді білмейді, бірақ анасы бала туралы барлық нәрсені баланың қимылдары мен дыбыстарды шығарып немесе шығаратын әдісі арқылы біледі. Бұл барлық ауызша емес қарым-қатынас.
Тіпті жұмыс орнында, мектептерде, көшелерде қарым-қатынас орын алады. Жұмыс орнында команда мүшелері мен менеджер арасында бейвербалды қарым-қатынас орын алуы мүмкін. Мысал үшін, бағынышты адам өзінің жоғары тұрған адамның көңіл-күйін оның қабағының немесе бет әлпетінің көмегімен түсінуді үйренеді. Сыныпта мұғалімнің жарқ етуі көбінесе оның айқайлағанына немесе ұрғанына қарағанда тиімді. Бұл нақты өмірде вербальды емес қарым-қатынас вербальды қарым-қатынасқа қарағанда басымдыққа ие болатындығын көрсетеді, өйткені алғашқы әсер адамның өзіне деген сенімділігі мен вербалды емес қарым-қатынас түрі болып табылатын дене тілі арқылы жасалады.
Оқушылар мен ұстаздар арасындағы өзара қарым-қатынас жасау мәселесі-психология ғылымындағы және тәлім-тәрбие ісіндегі әрі маңызды, әрі күрделі проблемалардың қатарына жатады. Бұл салада жүргізілген бірсыпыра зерттеулер мен осы бағытта жинақталған тәжірибелердің нәтижелері жасөспірімдер мен ұстаздар, оқушылар мен тәлімгерлер арасындағы қарым-қатынас орнатуда айтарлықтай ерекшеліктер мен сипаттар түрліше түсініктер бар екендігін көрсетті. Негізінен педагог пен оқушы арасындағы қатынаста бірнеше талаптар ескеріледі:яғни белгілі дистанцияның болуы,сыйластық,түсіністік,тыңдай білу мен пікір айту қабәлеті секілді шарттық ұғымдар пайдаланылады.Педагогикалық қарым-қатынас негізінде бала мен ұстаздың өзіндік ролі мен орны айқындалады.
Тапсырма:

  1. Қарым-қатынас стильдері мен түрлеріне презентация дайындау.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет