Дәріс №1 Тақырыбы: Дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы педагогикалық ғылым ретінде Дәрістің мақсаты



бет1/2
Дата07.02.2022
өлшемі22,31 Kb.
#92558
  1   2
Байланысты:
лекция 1 (1)




Дәріс №1
Тақырыбы: Дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы педагогикалық ғылым ретінде
Дәрістің мақсаты: Дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы педагогикалық ғылым ретінде қарастыру
Қарастырылатын негізгі сұрақтар:
1.Дүниетаным, дүниеге көзқарас
2.Адамның даму кезеңіне байланысты дүниетану мен оның мәнін ұғыну дәрежесінің тереңдеуі
З.Әртүрлі ғылым салаларында дүниетанымдық көзқарас


1.Дүниетанымның қалыптасуы — күрделі әлеуметтік-педагогикалық мәселе. Педагогика тарихы мен мектеп тәжірибесінде бұл мәселені шешудің үлкен және құнды тәжірибесі жинақталған. Жеке тұлғаның, оның ішінде оқушы жастардың жеке тұлға ретінде қалыптасуы теориялық, және тәжірибелік тұрғыдан көкейкесті мәселеге айналуда.
Жаңа заманның нарық қатынастарына көшу жағдайларында жастардың мемлекеттік және қоғамдық құрылыс жүйесіндегі орны түбегейлі өзгеруде. Сондықтан, қоғам мен мектеп алдында жеке тұлғаның дүниетанымын оның ең алдымен жастардың өздері үшін, сондай-ақ бүкіл қоғам үшін қажетті әлеуметтік-адамгершілік құндылықтарының жаңа жүйесін құру процесіне белсене қатыстыру арқылы қалыптастыру міндеттері жатыр.
Дүниетанымның қалыптасу процесі көп қырлы, сондықтан педагогикалық ғылымда бұл ұғымға байланысты әр түрлі көзқарастар бар. Дүниетаным — бұл ақиқатты дүниеге және ондағы адамның алар орнына, оны қоршаған болмысына және өз-өзіне қатынасына деген көзқарастар жүйесі, сонымен қатар, адамдардың осы көзқарастар арқылы калыптасқан негізгі өмірлік ұстанымдары, наным-сенімдері, мақсат-мұраттары, таным мен қызмет принциптері, құндылық бағыттары. Әлеуметтік топ пен жеке тұлға дүниетанымның субъектісі болып есептелінеді. Дүниетаным қоғамдық және жеке адам санасының ұйытқысы болып табылады. Дүниетанымды қалыптастыру - тек жеке тұлғаның ғана емес, сонымен қатар белгілі бір әлеуметтік топтың, қоғамдық таптың және оның партияларының жетілуінің елеулі көрсеткіші.
Дүниетаным — дүниенің, адамның, қоғамның бейнеленуі, оны жалпы түсіну және олармен адамның әлеуметтік-саяси, философиялық, адамгершілік, эстетикалық, ғылыми-теориялық, құндылық. Дүниетаным болмысты тану әдісі бола отырып, адамдардың іс-әрекетінің ерекшелігін анықтайтын өмір принциптерінен тұрады.
Дүниетаным дегеніміз — дүниеге деген нақты-тарихи маңызы бар көзқарастың табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтарына, өмірдің әлеуметтік-экономикалық құрылысына, адамның белсенді өмір көзқарастарын анықтайтын қоғамдық-саяси қатынастар жүйесіне қатысты ғылыми негізделген сенімдердің органикалық бірлігі, тұтастығы. Оқушылардың дүниетанымы ғылыми-философиялық білімдерді, заманына сай ғылыми жетістіктерді, сонымен бірге, болмысты танудың жалпы әдістерінің жүйесін жүйелі игеруі нәтижесівде қалыптасады.
Ғылыми дүниетаным - қоғамдық сананың ең жалпы, ең жоғарғы формасы. Табиғат, қоғам, ой дамуының мәні мен заңдылықтарына түсінік беретін дүниетанымдық идеялар жиынтығы оқушы санасында көзқарас, сенім, ойлау-болжам, аксиома, әр түрлі табиғи және қоғамдық процестер мен құбылыстар түсіндірмесінің ғылыми негізін құрайтын кез-келген ғылымның жетекші идеялары мен негізгі ұғымдары ретінде қалыптасады.
Дүниетаным негізінде дүниеге көзқарас, яғни дүние туралы белгілі бір білімдердің жиынтығы жатыр. Дүниетаным түрлі білімдерді игеру процесінің нәтижесінде ғана емес, сонымен қатар күнделікті көзқарастарды меңгеру нәтижесінде де қалыптасады. Қоғамның жаңаруы, қоғамдық білім және жаратылыстану ғылымдарының дамуы нәтижесінде жетіледі. Жаңа ғылыми фактілер, қоғамдық білім және жаратылыстану ғылымдарының жаңалықтары, өмірді жаңартудың жаңа қоғамдық тәжірибесі қалыптасқан көзқарастар мен ойлау стереотиптерін толықтырып, нақтылай түседі, өзгертеді.
Қоршаған дүниені білу танымға байланысты. Таным- адам санасын дамытуды негізі және ол арқылы адам өзін қоршаған ортаны игеруге де үйренеді. Таным- философиялық ұғым, айналадағы материалдық шындықты адам санасында бейнеленуі. Қоршаған дүние обьективті түрде өмір сүретін болғандықтан, оның заттары мен құбылыстары санада бейнеленеді. Көру, сезіну, түйсіну, арқылы сезім мүшелерімізге материалдық заттар әсер етеді де, біз оларды қабылдаймыз. Адам баласы таным арқылы білмеуден білуге көшіп отырады. Ол затты құбылысты танынғаннан кейін, енді таныс еместерін білуге ұмтылады, ізденеді. Осылайша таным нақты дүниеге, қоршаған ортада бар заттарға негізделсе, оны өз мәнінде танып-білу үшін ғылым керек. Дүниетанымды қалыптастыру үшін биологиялық, химиялық, тілдік және басқа ғылым салаларынан, өз ұлтымыздың мәдениеті, әдебиеті, қазіргі танда рухани өмірде жеткен жетістіктерін бір-бірімен байланыстыра отырып білім қамтамасыз ету керек.
2.Халық арасынан шыққан ақындар табиғат пен әлеумеггік ортаның байланысы туралы біршама шығармашылык, үлгі көрсетті. Философия ғылымы біртіндеп дами отырып, заттар мен құбылыстардың мәнін, олардың байланысын, қоғам, адам, табиғат арасындағы ішкі — сыртқы тұтастықтары жайында тиімді ойлауға, сол арқылы дүниені танып-білудегі қайшылықтарды шешуге тырысады. Әр қоғамда да білім мен сананың байланысы айкын байқалады. Адам санасы меңгерген біліміне, өмір тәжірибесіне, алдыңғы қатарлы даналық пікірлер жиынтығына байланысты дамиды.
Қоғамдық сананың өсуімен байланысты адамның ойлау дәрежесінің шеңбері де ұлғаяды. Сөйтіп "...қоршап тұрған дүниені, қоғамды, және адамның өзін дұрыс бейнелеу белесіне жету" көзделеді.
Адамзаттың даму эволюциясына байланысты дүниетану деңгейі де өзгеріп күрделене түсті. Неғүрлым табиғи ортаға икемделіп, оның сырын аша бастаған сайын адамның оны меңгеру мақсаты да, соған орай атқаратын қызметінің түрі де өзгерді. Енді адам табиғатқа табынушы, оның дүлей күшінен қорқатын қалыпта қалмай, оны бағындырушы, керегіне қарай өзгертуші дәрежесіне жетті. Сөйтіп табиғатты меңгеру деңгейінің өсуімен байланысты адам санасы мен білімі де өсе түсті.
Қоршаған ортадан алған ұғымдарына байланысты сөз қоры молайып, заттар мен құбылыстардың қасиетін бейнелейтін ой тұжырымдау деңгейіне көтерілді. "...ұғымдар бай-лығы адамды әлемнің тылсым сырын танып-біліп, табиғат күштерін игеруте жақындата түседі". Бірақ ертеректе әр зат пен құбылыстың бүкіл қасиетін ашып, оның сырын, бір-бірімен байланысын білетіндей дәрежеге көтерілу мүмкіндіп болмады. Ондай тұрғыда түсіну үшін дамыған ғылым керек еді. Заттар мен құбылыстардың химиялық, физикалық, биологиялық қасиеттерін жай байкау арқылы анықтау, олардың байланысын дәлелдеу. ара қатынасыи ашу ғылыми ұғымсыз қиындыққа соқты.
Білім салаларының қай-қайсысы да адамның дүниетанымын қалыптастыруға үлесін қосады. Сондықтан да ертеден бастап ғылымның дамуына орай дүниетанымдық деңгей де бірнеше кезеңнен отті. Оның ең алғашқы кезеңі — халық ауыз әдебиетінің басты түрлері — ертегілер, аңыздар, айтыстар, батырлар жырлары негізіңце қалыптасқан дүниетанымдық
деңгей.
Бұл кезендегі дүниетанымдық деңгей адамдардъщ өз тәжірибесінен, күнделікті өмірден, олардың арасындағы қарым-қатынастан туындаған дүниетанымдықпен сабақтаса байып отырды. Аңыз, ертегілерде қоршаған дүние ішінде адамды жоғары ұстап, оның өзіне тән қасиеттердің (батырлық, тапқырлық, күштілік, ақылдылық, сұлулық, ізгілік, адамгершілік және т.б.) сол кездегі қоғаммен тығыз байланыста көрсетеді.
Қай кезде де адам өзі өмір сүретін ортада қызмет етіп, яғни, іс-әрекет жасап, өз қажетгілігін өтеп, алдына мүдде, мақсат қойып, сол арқылы көксеген мұратына ұмтылады. Бұл — адамның тарихи дамуын көрсететін жағдай. Көксеген мұратына жету үшін білім, ақыл-ой, шеберлік, ұстамдылық пен шыдамдылықтың қажеталігі аңыз, ертегілерде атап айтылған.
Мұратқа жетудің жолы мен түрі көп болғанымен, халық оған батылдық, адалдық, күш-қайрат арқылы жетуді айрықша армандап, көксеген. Сондықтан да дүниетанымдық тұрғыдан өмір тәжірибесінде кездескен практикалық жолға бой ұрып, соны жырлап, соны уағыздаған. Ол түстағы аңыз, ертегілерде танымның эмперикалық түрі басым. "Эм-пирикалық деңгейде білімнің мазмұны тәжірибе негізінде жинақталады". Дүниетанымның тәжірибеден дамыған деңгейін уағыздап, ортаға салған. Мұны көшпенді дәуірдегі қазақ халқынын дүнметанымының негізі деп қарауымызға болады.
Адамның танымы білмеуден білуге, қарапайымнан күрделіге қарай нақтылы шындықты түсіну кезеңіие көшті. Бұл тұста сұлулық, әдемілік, достық туралы дүниетаным етек алды. Адамгершілік, батырлық, байлық сияқты философиялық категориялар орныға бастады. Күнделікті өмір тіршілігіне негізделген дүниені тану — сезіну мен түйсінуге сүйеніп қоршаған орта заттарын көру, ауызша айту, эмоциялық бейнелі қабылдау түрғысында жүзеге асты. Қазақтың ауыз әдебиетіндегі ойшылдар (Асан қайғы, Бұхар жырау, Шал ақын, Шортанбай, Ақтамберді, Шалкиіз, Дулат, Майлықожа, Ақан сері, Махамбет, Шернияз, Сүйінбай және т.б.) өздерінің дүниетанымдық көзқарастарында материалдық, рухани байлықтарды, ақыл-парасатты, адамгершілік, қоғамдық байлықты игеру мақсаттарын паш етті. Бұл дүниетанымның ақыл-ой мен парасаттылық деңгейіне көтерілген шегі болатын. Олардың көксегені теңдік, бостандық, жерді сақтау, табиғи ортаны құндау, адамдар арасындағы қарым-қатынас, үлкенді сыйлау және т.б. өмір тіршілігіне тікелей қатысы бар мәселелерді дәріптеу болды
Адамзаттың әлеуметтік тұрмысы материалдық және рухани болып қаралады. Көшпелі қазақ елінің рухани жан азығы әдебиет (өлең, ән, жыр, музыка, айтыс, ертегі және Т.б.) арқылы калыптасатынын айтсақ, "...алғашқы адамдар өзін қоршаған дүниенің сырын білмегендіктен олардын, бәрінен қорқатын болды.
Қоғам мен техниканың дамуы жаңа ойшылдардың шығып, олардың дүниетанымдық көзқарастарының өзгеруіне әсерін тигізеді.
Адамның дүниетанымы көбінесе оның тікелей өмірлік тәжірибесіне негізделеді. Оның мазмұны елеулі түрде адам өмірінің жағдайларына байланысты өзгереді. Әлеуметтік орта — адамды әлеуметтік өміріндеті қоршяған қоғамдық қатынастардың дамуының белгілі бір сатысындағы нақты көрінісі. Әлеуметтік орта қоғамдық-экономикалық формация түрінде, қай тап пен ұлтқа жататындығына, белгілі бір топтардың ішкі таптық айырмашылықтарына, тұрмыстық және кәсібіне тәуелді.
Қоғамдық-экономикалық формация өзіндік тарихи, демографиялық, географиялық және ұлттық нақтылығында, өмір салтының белгілі бір түрін, ойлау мен мінез-құлық амалдарын тудыратын әлеуметтік ортаны қалыптастырады. Сонымен, қоғамдық-экономикалық формация - әлеуметтік орта — өмір салты — жеке тұлға — дүниетаным ұйытқысы, жеке тұлғаның қалыптасуының негізгі жолы.
Жеке тұлғаның дүниетанымы онда өмір үндестігі мен қарама-қайшылығы көрініс тапқан кезде ғана әсерлі және тиімді болып келеді.
Ғылыми педагогикалық тұжырым жеке тұлғаның қоғамдық қатынастар, іс-әрекет, қарым-қатынас жүйесіндегі, дүниетанымдық сана, сезім мен ерік-жігердің тұтас қалыптасу идеясынан бастау алады.
3.Ғылымның дамуы қоршаған табиғи ортаны зерттеп қана қоймай, оның кейбір ерекшеліктерін техниканың өркендеуіне пайдаланута мүмкіндік береді. Осының нәтижесінде аралық ғьлымдар пайда болды. Мәселен, бионика ғылымы биологияны, техниканы, физиканы байланыстырады. Жаңа ғылым — ғаламдық биология дамыды. Табиғат байлығын, адам еңбегін үнемді пайдалану экологиялық білімі жоғары,
"дүниетану деңгейі дамыған, мәдениетті қауының өсуін қажет етіп отыр.
Биологиялық ғылымдардың зерттеу нәтижесі бүкіл шаруашылық түрлеріне енуде. Қүннвн күнге, өсіп дамып -келе жаткан халық саны, азайып бара жатқан табиғи ресурстар адам, табиғат, қоғам арасындағы байланыстың мәнісіне түсініп сауатты қатынас жасауды керек етеді. Адам, табиғат және қогамның бір-бірімен байланысынсыз бір де бір ғылым дамуы мүмкін емес. Сондықтан да орта білім беру саласына биологиялық білімнің бастамасы болып саналатын дүниетанымдық мазмұн енуін және оны оқытуды бастауыш сыныптан қолға алу карастырылып отыр.
Көптеген ғылым салаларында дүниетанымдық көзкарас философиялық тұрғыдан қарастырылады. Қазақ халқынын, қоғам, адам табиғат туралы философиялық ойлары ертеден-ак, адамгершілік, ізгілікті көксеу, имандылықты дәріптеу, зорлық-зомбылыққа қарсы күресу, мемлекет пен адам тағдырының мәнін түсіну тұрғысында қалыптаса бастаған. Мәселен, ақындар, жыраулар, хандар мен батырлар, билер — осылардың бәрі де әділдіқ, адамгершілік, табиғат байлығын меңгеру сияқты тіршілік қамына тікелей байланысты мәселелер тұрғысында ой қозғады.
Адам көзқарасының қалыптасуында, әсіресе, биология ғылымының алатын орны ерекше. Биология жетістіктері көзқарасты қалыптастырып қана қоймай, оны жаңартады, өзгертеді. Дүниетанымды адамның дүние жайындағы қалыптасқан көзқарасы деп қарасақ, адам сол көзқарастың ажырамас бөлігі екенін ұмытпауымыз керек. Адамды оның өмірге көзқарасынан бөліп қарауға болмайды.
Биология ғылымдары дүниенің адам санасынан тыс өмір сүретінін дәлелдесе, көзқарас сол дүниені адам ойынан өткізіп, соған қажеттігіне қарап бағалайды. Биология ғылымының салалары дүниені теориялық тұрғыдан дәлелдесе, көзқарас бұл дүниенің адам үшін қандаймәні, маңызы барын, адам осы қоршаған дүние ортасында өзін қалай ұтауы керек, неге талпынуы, неден сақтануы жөн екенін қарастырады..
"Дүниетаным— философия, философия сияқты ол да бүтінге, жан-жақтыға, соңғыға, ақырғыға қарай бет алады, ол тек космос туралы білімдерден ғана емес, сонымен қатар бағалаудан, субординацияға ұшыраған құндылықтардан, өмір сұру формаларынан тұрадың (Г. Мейер). Философияның өзі де дүниетаным, яғни бүтіндей дүниеге, адамның осы дүниеге қатынасына деген көзқарастар жиынтығы.
Философия сияқты дүниетанымның басқа да формалары бар: мифологиялық, діни, көркемдік, натуралистік, үйреншікті. Философияның дүниетанымның басқа формал арынан айырмашылығы - оның қоғамдық сананың ғылыми саласына жататындығы. Ал оның ішінде, натуралистік формадан өзгешеліп, ерекше категориалық аппараты бар, ал ол өз дамуы барысында барлық ғылымдарға, адамзат дамуынын бірынғай тұтас тәжірибесіне сүйенеді.
Химия ғылымы – табиғатты танып-білуге және қоғамның материалдық гілігін жасауда маңызды роль атқаратын жаратылыстану ғылымдарының бірі. Химия пәнән оқытудың көздейтіні –қоршаған орта заттарын өндіру және оны зиянсыз пайдалану, оқушылардың табиғатқа жанашырлықпен қарауын қамтамасыз ету арқылы оларға адамгершілік тәрбие беру.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет