Дәріс №1 Тақырыбы: Әкімшілік құқықтың түсінігі,пәні және әдістері. Әкімшілік құқықтың түсінігі және ерекшеліктері



бет22/56
Дата04.10.2022
өлшемі187,43 Kb.
#151529
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   56
Байланысты:
Лекция Адм право
Д
Қолданылған әдебиеттер:

  1. Управленческие прцедуры.М.:Наука.1998

  2. Бахрах Д.Н.Админстративное право. М.:БЕК.1993.

  3. Васильев А.М.Правовые категории.Методологические аспекты разработки системы категорий терий

  4. Алексеев С.С.Көрсетілген жұмыс.156б.

  5. Алексеев С.С.Теория права.М.:БЕК.1994.С.50-60.


Дәріс №6
Тақырыбы: Биліктің жергілікті атқарушы органдары.
Қарастырылатын мәселелер:

  1. Жергілікті атқару билік органдарының жүйесі. Әкімнің құқықтық мәртебесі. Жергілікті мемлекеттік басқару туралы ҚР-ның заңнамасы;

  2. Әкім өкілеттігі. Әкімнің жоғарғы және орталық атқарушы билік органдарымен ара-қатынасы;

  3. Әкім және жергілікті өкілді органдарының ара-қатынастары. Әкім актілері. Әкімшіліктердің құқықтық мәртебесі, олардың құрылымы;

  4. Әкім, әкімшілік және жергілікті атқарушы билік органдарының территориялық бөлімшелерімен өзара әсерлесуі.

Атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясаты облыстарда, қалаларда, қала аудандарында әкімдер басқаратын олардың жергілікті органдары (Қазақстан Республикасы Конституциясының 87 бабы); бөлімдер, басқармалар және басқа бөлімшелер мен қызметтер арқылы жүзеге асырылады. Бұл саясат тиісті әкімшілік- аумақтық бөліністердің мүдделері мен мұқтаждықтарды қоса ескеріліп жүреді. Жергілікті атқарушы органдардың қызметі мына принциптер негізінде жүзеге асырылады:

  • Президент пен Үкіметке, жоғары тұрған әкімшілік басшысына есеп беру;

  • Оны жүргізу мәселесі бойынша тиісті жергілікті өкілдік органның бақылауында болады;

  • Заңдылық;

  • Дара басшылық;

  • Азаматтардың құқықтарын, бостандығын және заңды мүдделерін қамтамасыз ету;

  • Өз құзіреті шегіндегі дербестік және тәуелсіздік; өз қызметі және қабылдаған шешімі үшін жауаптылық.

Олардың әкімшілік - құқықтық мәртебесі Қазақстан Республикасының Конституциясында және заң актілерінде анықталған.
Әкімдер қызметін ұйымдық, құқықтық және материалдық –техникалық қамтамасыз ету үшін аппарат құрылады.
Әкімнің жанынан ақылдасу – кеңесу органы – алқа құрылуы мүмкін, оның құрамын әкім бекітеді. Алқа мәжілісі қажеттілігіне қарай өткізіледі. Оның шешімі әкімнің актілері арқылы жүзеге асырылады, алқа мәжілісіне мәслихат хатшысы шақырылады.
Облыстардың, республикалық бағыныштағы қалалардың, астананың әкімдерін Премьер – Министрдің ұсынысы бойынша Президент қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, олар Президенттің және Үкіметтің тікелей өкілі болып табылады, олардың әлеуметтік – экономикалық дамуға бағытталған қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметі үйлестіріп отырады.
Жергілікті атқарушы органдардың қарауына мыналар жатады:
Аумақты дамыту жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті әзірлеу және олардың атқарылуын қамтамасыз етеді.
Коммуналдық меншікті басқару
Жергілікті атқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайындау және қызметтен босату, жергілікті атқарушы органдардың жұмысын ұйымдастыруға байланысты өзге де мәселелерді шешу
Жергілікті мемлекеттік басқару мүддесіне сай заңдармен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру
Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті, ұйымдастырылуы және олардың қызмет тәртібі «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 ж 23-қаңтардағы заңмен және басқа заңдармен, Президенттің және Үкіметтің нормативтік кесімдерімен белгіленеді. Аталған заң бойынша облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган жергілікті атқарушы орган (әкімдік) болып табылады. Әкімдікті әкім орынбасарларынан, әкім аппаратының басшысынан, жергшілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы огандардың бірінші басшыларынан тиісті аумақтың әкімі құрады.
Әкімдіктің дербес құрамы тиісті аумақтың маслихат сессиясының шешімімен келісіледі. Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың аумақтақ бөлімшелерінің бірінші басшылары да жоғары тұрған тиісті органдар басшыларымен келісім бойынша аудандық ( облыстық маңызы бар қалалық) Әкімдіктің мүшелері болуы мүмкін. Жергілікті мемлекеттік басқару қызметінің экономикалық және қаржылық негізін жергілікті бюджет ; коммуналдық заңды тұлғаларға бекітілген мүлік; заңдарға сәйкес коммуналдық меншіктегі өзге де мүлік құрайды. Әкімдіктердің құзыретіне жататын мәселелердің тізбегі жоғарыдағы заңның 27 және 31- бабында бекітілген. Әкімдіктер мен әкімдердің міндеттерімен өкілеттіктері «ҚР ның кейбір заң актілеріне жергілікті мемлекеттік басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2004 ж 11-мамырдағы; «ҚР ның кейбір заңнамалық актілеріне мемлекттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің ара жігін ажырату және бюджеттік қатынастар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2004 ж 21-желтоқсандағы заңдармен нақтыланып, кеңейте түсілген. Олар бойынша облыс (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкімдігі заңдарға сәйкес, мысалы, өз аумағын дамытудың жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, бюджетті, сондай ақ оның атқарылуы туралы есепті әзірлейді және маслихаттың бекітілуіне ұсынып, олардың орындалуын қамтамасыз етеді; коммуналдық меншікті басқарады; азаматтар мен ұйымдардың Конституцияның, заңдардың және басқа құқықтық актілердің нормаларын орындалуына жәрдемдеседі; кәсіпкерлік қызмет пен инвестициялық ахуалды дамыту үшін жағдай жасайды; сонымен бірге заңдарда оның аграрлық сектордың тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету, құрылыс, жер, су, электр, байланыс, жол, экология, білім, мәдениет, денсаулық сақтау, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту жөніндегі нақтылы міндеттері мен өкілеттіктері белгіленген. Бұлардың сыртында әкімдік қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздіктің сақталуын қамтамасыз етуді ұйымдастырады; мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар құрады, заңдармен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкімдіктердің құзыретіне де жоғарыда айтылғандарға ұқсас мәселелер жатады. Сонымен бірге осы әкімшілік аумақтық ерекшелігіне байланысты әкімдіктің айрықша өкілеттіктері бар. Мысалы, әскери тіркелу мен әскери қызметке шақыру іс шараларын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді; мемлекет қажеттіліктері үшін жер учаскелерін алып қоюды жүзеге асырады; заң актілеріне сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз етеді; заңдарда белгіленген жағдайлар мен тәртіпте лицензиялауды; әділет органдары жоқ жерлерде заңдарда белгіленген тәртіппен нотариаттық міндеттер атқаруды, азаматтық хал актілерін тіркеуді ұйымдастырады және т.б жүзеге асырады.
Заңның 31-б сәйкес республикалық маңызы бар қаладағы аудандық (облыстық маңызы барқалалық) әкімдіктерге жүктелген өкілеттіктерді қалалық әкімдіктер жүзеге асырады. Әкімдік тиісті аумақтық облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық), аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) маслихаттың алдында өзіне жүктелген міндеттердііске асыру үшін жауап береді. Әкімдіктің отырыстарын әзірлеу мен өткізу, сондай ақ олардың шешім қабылдау тәртібі әкімдіктің регламентінде белгіленеді. Әкімдік ҚР Конституциясы, заңдары, Президенті мен Үкіметінің актілері, өзге де нормативтік актілер негізінде және оларды орындау мақсатында өаулылар шығарады. әкімдіктің қаулысына әкім қол қояды. Әкім – ҚР Президенті мен Үкіметінің жергілікті атқарушы органдарды басқаратын және тиісті аумақта мемлекеттік саясаттың жүргізілуін, Республиканың орталық атқарушы органдарының барлық аумақтық бөлімшелерінің үйлесімді қызмет істеуін, тиісті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға басшылықты қамтамасыз ететін, ҚР заңдарына сәйкес мемлекеттік басқару өкілеттігі берілген, тиісті аумақтық әлеуметтік – экономикалық дамуының жай күйіне жауапты өкілі. Облыс әкімін Премьер – министрдің ұсынуы бойынша ҚР Президенті қызметке тағайындалады. Оның қызметінен Президент болсатады. Аталған аумақ әкімінің өкілеттігі ҚР жаңадан сайланған Президенті қызметіне кіріскен кезде тоқтатылады. Бұл ретте әкім Президент тиісті әкімді тағайындағанға дейін өз міндетін атқаруды жалғастыра береді.
Аудан Республикалық маңызы бар қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент ауыл, ауылдық, округ әкімдері ҚР Президенті белгілейтін тәртіпке қызметке тағайындалады немесе сайланады. Президент белгіленген тәртіпте олар қызметінен босатылады және өз өкілеттігін тоқтатады. ҚР Президентінің 2001 ж 23- маусымдағы «Ауылдық округтердің, ауылдар, кенттер әкімдерін сайлау туралы» жарлығы шықты. Осы жарлықпен бекітілген аталған әкімшілік – аумақтық бірліктерде әкімдер сайлауын өткізу Ережелеріне сәйкес 2001 ж 20- қазанда тәжірибе ретінде 28 ауылдық округтерде ауыл әкімдерінің сайлауы өткізілді. Тиісті ауылдық округтің, ауылдың, кентің әкімі 2 жыл мерзімге сайланады. Аудандық сайлау комиссиясының сайланған әкімді тіркеу туралы шешімнің негізінде аудан (қала) әкімі тиісті аумақтың әкімін бір тәулік ішінде тағайындайды. Ауыл (село), кент әкімдерінің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтатудың және атқарылатын қызметінен мерзімінен бұрын босатудың негіздері мен себептері аталған Ережелердің 8- тарауында қаралған. Ауыл, кент, әкімінің өкілеттіктерін тоқтату Ережелерде көрсетілген негіздер бойынша тиісті аудан әкімінің шешімімен рәсімделеді. Ал әкімді қызметінен босату тиісті аудан мәслихаттың депутаттарының үштен екісінің келісімін алған жағдайда, жоғарғы тұрған әкімнің шешімімен жүзеге асырылады.Облыс (қала) әкімі өзінің жекелеген өкілеттігін жүзеге асыруды төменгі тұрған әкімдерге беруге құқылы. Әкім өз құзыретіндегі және әкімдіктің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша Президент пен Үкімет алдында жауап береді.
Жергілікті мемлекеттік басқару туралы заңның 33б жоғарыда айтылғандарға ұқсас мәселелер аудан әкімінің де құзыретіне жатқызылып бекітілген. әкім өз құзыретіндегі және әкімдіктің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша Президенттің , Үкіметтің және облыс әкімінің алдында жауап береді. Республикалық маңызы бар қаладағы аудандық, аудандық маңызы бар қалалық, кенттік, ауылдық, ауылдық округтер әкімдіктер құрылмайды. Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімі заңдарға сәйкес: тиісті әкімшілік – аумақтық бөлініс аумағында тиісті аудандық әкімдіктің лауазымды адамы болып табылады және оның атынан сенімхатсыз өкілдік етеді. Бұл әкімшілік аумақтар әкімдерінің құзыретіне жатқызылған мәселелер тізбегі жергілікті мемлекеттік басқару туралы заңның 35 б және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы жоғарыда аталған заңдарда қаралған. Әкім нормативтік – құқықтық сипаттағы шешімдер және әкімшілік – басқарушылық, жедел және дербес сипаттағы мәселелер бойынша өкімдер шығарады. Әкімдіктің және әкімнің өз құзыреті шегінде қабылдаған актілерінің тиісті әкімшілік аумақтық бөліністің бүкіл аумағында міндетті күші болады. Әкімдіктің және әкімнің азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты актілері (мемлекеттік құпиялары және заңмен қорғалатын өзге де құпиялары бар актілерден басқа) міндетті ресми жариялауға жатады. Олардың осы сияқты және жалпыға міндетті маңызы бар актілері белгіленген тәртіппен Әділет министрлігінің аумақтық органдарының мемлекеттік тіркеуіне жатады. Әкімдіктің және әкімнің актілерінің қолданылуын тиісті прокурор тоқтата тұруы мүмкін.
ҚР Президенті, Үкімет, жоғарғы тұрған әкімдік және әкім, әкімдіктің және әкімнің өзі, сондай ақ соттың шешімі әкімдіктің және әкімнің актілерінің қолданылуын жоюы не толық немесе ішінара тоқтата тұруы мүмкін. Әкімнің қызметін ақпараттық – талдау тұрғысынан, ұйымдық құқықтық және материалдық техникалық жағынан қамтамасыз ететін оның аппараты болады. Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана), аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімнің аппаратын тиісінше олардың әкімдігі құрады. Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімнің аппаратын республикалық маңызы бар қала, астана, аудан әкімдігі құрады. Әкім аппараты туралы ережені, оның құрылымын тиісті әкімдік бекітеді. Әкім аппараты жергілікті бюджеттің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекеме болып табылады. Жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқатушы органдарды тиісті мәслихат бекіткен әкімшілік аумақтық бірлікті басқару схемасы шеңберінде облыс, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігі құрады. Бұл органдарды құрғанда ҚР Үкіметінің «ҚР жергілікті мемлекеттік басқару үлгі құрылымын бекіту туралы» 2004 ж 4-қазандағы қаулысымен бекітілген жергілікті мемлекеттік басқару үлгі құрылымы басшылыққа алынады. Ол бойынша үдгі құрылым үш топқа бөлінеді:

  1. Республиканың маңызы бар қаланың, астананың әкімдігі. Бұлар 21 түрлі атқарушы органдар (департаменттер, басқармалар, бөлімдер) құра алады.

  2. Ауданның және облыстың маңызы бар қаланың (тұрғындар саны 50000 адамнан артық ) әкімдігі 10 түрлі атқарушы орган құруы мүмкін

  3. Ауданның (тұрғындар саны 50000 адамнан аз) әкімдігі 7 түрлі атқарушы орган құруға құқылы.

Жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың құзыреті мен қызметін ұйымдастыруды Республика заңдарының талаптарын сақтай отырып тиісті әкімдік белгілейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   56




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет