Дәріс №1 Тақырыбы: Әкімшілік құқықтың түсінігі,пәні және әдістері. Әкімшілік құқықтың түсінігі және ерекшеліктері



бет4/56
Дата04.10.2022
өлшемі187,43 Kb.
#151529
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56
Байланысты:
Лекция Адм право
Д
Қолданылған әдебиеттер:

  1. Таранов А.А.Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы.Академиялық курс.Алматы.2003.

  2. Баянов Е. Әкімшілік құқық.Алматы.2007.

  3. Баянов Е.Әкімшілік құқықтың схемалар бойынша анықтамалары.Алматы.2002.

  4. Алексеев С.С. Теория права.М.:БЕК.1994.

  5. Алехин А.П.,Козлов Ю.М.Админстративное право Российской Федерации.Часть1.М.:ТЕИС.1994.

  6. Бахрах Д.Н.Админстративное право. М.:БЕК.1993.

  7. Васильев А.М.Правовые категории.Методологические аспекты разработки системы категорий терий права.М.:Юр.Литература.1975.


Дәріс №2
Тақырыбы: Әкімшілік құқықтық нормалар және құқықтық қатынастар.

Әкімшілік-құқықтық нормалардың түсінігі және ерекшеліктері
Құқық нормалары өзінің заңдық мазмұны бойынша мемлекеттің тағайындаған беолігі бір мінез-құлықтың ережелері болып табылады.Әкімшілік құқық,құқықтың басқа да салалары сияқты,заң нормаларынан тұрады.“Әкімшілік норма” ұғымын мына мазмұнда қолдануға болады:
1) ережелерде белгіленген негізінде басқару
2) заңдастырылған ережелер негізінде басқару
Әкімшілік-құқық нормалары дегеніміз-орынды,заңмен рұқсат етілген іс-әрекеттің мемлекеттің билік органдары
(заң шығару,атқару) белгілеген және атқару билігі өрісіндегі қоғамдық қатынастарды реттейтін ережелері.Әкімшілік-құқықтық нормалар,сонымен,мемлекет тағайындайтын мінез-құлықтың ережелері болып табылады,олардың мақсаты атқарушы билік механизімінің қызметі аясында пайда болатын,өзгертілетін және тоқтатылатын қоғамдық қатынастарды реттеу.
Әкімшілік-құқық нормалары атқарушылық билікті жүзеге асырудың күрделі прцестерімен өзара байланыста болады.Биліктің шоғырланған сипаты билік пен бағыныштылық арасындағы қатынастан көрініс табады.Бұл тұжырым әкімшілік құқық және басқару жөніндегі көптеген жұмыстарда айтылады.
Басқарушылық қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу мемлекеттік басқару аясындағы олардың қатысушыларының тиісті мінез құлқының шекарасын айқындайтын әкімшілік – құқықтық нормалардың көмегімен жүзеге асырылады. Оларда әкімшілік құқықтың реттеушілік рөлі тікеліей көрініс табады.Әкімшілік құқықтық нормалардың реттеушілік міндеті мынадан көрініс табады, олар атқарушы билік органдарының, лауазымды адамдардың, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың, сондай ақ азаматтардың мемлекеттік басқару аясында жасайтын іс әрекеттері қашан және қандай шарттарды сақтаған жағдайларда заңдылықтың талаптарына дәл сәйкес болатынын белгілейді. Сонымен бірге әкімшілік құқықтық нормаларда қандай іс әрекеттерді жасауға болатындығы, қандайларынан бас тарту тиіс екендігі көрсетіледі.Әкімшілік құқықтық нормаларда кез келген құқықтық нормаға тән болатын қасиеттер көрініс табады. Соған сәйкес олар реттелетін қоғамдық қатынастардың қатысушыларының міндеттері мен құқықтарын, сондай ақ құқықтарды бұзған және міндеттерді орындамаған жағдайда олардың жауапкершілігін белгілейді. Әкімшілік құқықтық нормалар тек азаматтардың мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдарының реттелетін басқарушылық қатынастар аясындағы құқықтарын ғана емес, сонымен бірге атқарушы органдардың белгілі бір іс әрекеттерді жасауға тыйым салуды да, сондай ақ олардың қатынастың екінші тарабының құқықтарын елемеген үшін жауапкершілігін де қамтиды, олардың заңдық кепілдіктерін де бекітеді.Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес биліктің бірден бір көзі халық болып табылады,ол билікті тікелей өз өкілдері немесе арнайы құрылған органдар арқылы жүзеге асырады.Әкімшілік құқықтық нормалардың көпшілігі атқарушы билік органдарына арналады.Әкімшілік құқықтық нормалардың ерекшеліктері туралы айтқанда, бірқатар өзге маңызды мән жайларды ескермеуге болмайды. Мысалы, олар тікелей атқарушы билікті жүзеге асыру процесінде және ерекше маңыздысы сол оның субьектілерінің өздерімен айтарлықтай жиі белгіленеді. Әкімшілік құқықтық нормалар өздеріне қол сұғудан (олардың талаптарын орындамау немесе адал орындамау) қорғанудың өзіндік заңдық құралдарымен қамтамасыз етілген.Бұл жерде, қағида бойынша соттан тысқары да болатын әкімшілік жауапкершілік еске алынып отыр. Әкімшілік құқықтық нормалар көптеген жағдайларда, құқықтың өзге салаларымен реттелетін қоғамдық қатынастардың тек қорғаушысы ретінде ғана емес, реттеуші рөлін атқара алады. Әкімшілік құқықтық нормалардың құрылымын алатын болсақ ол дәстүрдегідей: гипотеза, диспозиция және санкция. Әкімшілік құқықтық норманың гипотезасы заңдық айғақ түрінде болуы мүмкін.(мысалы, қызмет туралы контракт жасау, белгілі бір жасқа толу). Диспозицияда міндеттейтін, ерік беретін, тыйым салатын сипаты бар мінез құлық ережесінің өзі болады, соған сәйкес құқыққатынастың қатысушылары іс әрекет жасайды. Ал әкімшілік құқықтық норманың санкциясы әдетте жауапкершілік шарасын (әкімшілік немесе тәртіптік) немесе әкімшілік мәжбүрлеудің өзге шарасын қарайды.(мысалы, адамды әкімшілік ұстау). Әкімшілік құқықтық нормада санкцияның болмауы да мүмкін.
Бұрын әкімшілік-құқық нормаларының жалпыға міндеттілік сипаты басшылықты бір орталықтан жүргізу қажеттілігіне негізделген болатын,себебі бүтіндей ел бір тұтас ағза іспеттес еді.Қоғамының әлеуметтік құрылысы өзгерген жағдайда демократиялық,құқықтық мемлекет құруға алғышарт жасалынады,тек жекеленген басқарушылық міндеттердің ғана емес,атқару билігінің кешенді қайта құрылуының шешімдерін де белсенді іздестіру қажет.
Сонымен,әкімшілік-құқық нормалары мемлекеттің заң шығару және атқару органдарының билігін көрсетудің нәтижесі болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет