Дәріс №1 Тақырыбы: Жұқпалы аурулар туралы жалпы түсінік. Инфекциялық қызмет құрылымы. Жұқпалы аурулардың диагностикасы және емі, алдын алу принциптері. Жұқпалы ауруханасының құрылымы, жұмыс тәртібі, науқастарды ауруханаға жатқызу тәртібі



бет14/61
Дата04.10.2023
өлшемі152,04 Kb.
#183681
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   61
Байланысты:
дәріс кешені (аудитория)ЛД,жұқпалы аурулар,20212022ж
ПРАКТИКА, Силл Геология 2020-2021, ОШ СОР Информатика ЕМН 11 класс каз, 2 дәріс, жуқпалы аурулар туралы жалпы түсінік
Вирусты гепатит В (ВГВ, НВV)
Алғаш рет вирус антгенін 1964 ж Б. Блюмберг австралиялық абориген қаны сары суынан анықтаған. Ал вирустың өзін 1970 ж. Д.Дейн ашқан, оның вирус екендігіне толық сенім болмағандықтан Дейн бөлшектері деп аталған. Кейіннен Дейн бөлшектерінің құрамынан геномдық ДНК және ДНК- тәуелді ДНК-полимераза анықталып, толығымен вирус деп танылды.
Вирионның үш негізгі антигенін 1974ж төмендегідей белгіленді:

  1. НВs Ag- беткі (superficial), немесе ерігіш (solible), немесе австралиялық антиген

  2. HBc Ag- жүрек антиген cor-антиген

  3. HвeAg-орталық антигені вирионның ортасында орналасады, с антигеннен айырмашылығы виринның құрамында болып қоймай, қанда бос немесе анти-HвeAg антиденесімен байланысқан түрде циркуляция жасап жүреді.

Вирион- Дейн бөлшектерінің пішіні сфера тәрізді және диаметрі- 42 нм.
суперкапсиді бар. Геномы екі жіпті ДНК-дан тұрады. Гепатит В вирусы гепаднавирустар тұқымдастығы, орт0гепаднавирус туыстастығына жатады. Инфекция көзі- тек қана адамдар. Вирустар әр түрлі секреттер мен экскреттерде: сілекей, мұрын көмей бөлінділері, нәжісте, көз жасында, менструалдық қанда табылған.
Жұғу жолдары - парентеральды жол, жыныстық және вертикалдық (анадан ұрыққа ) жолдар арқылы.
ВОЗ-дың мәліметтері бойынша әр түрлі елдерде халықтың 0,1-20% вирус тасымалдаушы. Вирус бауырда ұзақ сақталуы мүмкін, мұндай да адам өмірлік вирус тасымалдаушы болады (иммундық жауаптың әлсіз болуынан). Инкубациялық кезең – орташа – 60-90 күн (диапазон 45-180 күн).
Сарғаятын формасы 5 жасқа дейінгі балаларда – 10% (созылмалыға 30-90% жағдайда айналады).
5 жас және одан үлкендерде – 30-50%
(5-10% ғана созылмалы ауру дамиды).
Клиникалық көріністері бойынша аурудың сарғайған және сарғаймаған түрі болады. Жедел вирусты гепатит В сарғаю түрінің жеңіл,орташа ауырлықта және ауыр түрімен өтуі мүмкін. Продромальді кезеңінде ауру әлсіздік,тәбетінің жойылуы,дене қызуының көтерілуі, ұйқысының бұзылуынан басталып сарғаю кезеңіне ұласады. Ауыр түрінде астено-вегетативті симптомдармен қатар улану белгілері сарғаю синдромы жоғары болуына байланысты болады. Неғұрлым сарғаю көп және ұзақ болса аурудың жалпы жағдайы нашарлайды. Қанда биллирубиннің көбейуіне байланысты орталық нерв жүйесінің улануына байланысты ақыл есінің түманданып науқас бауыр комасына түсуі мүмкін.В гепатитінің вирусы жедел және созылмалы ауру тудырады.
ВГВ –нің асқынулары: бауыр рагы және цирроз. Олар 30-50 жылдық латентті кезеңнен кейін дамуы мүмкін.Летальділік түрі аурулардың- 0,5-1,0% құрайды. Постинфекциялық иммунитет. (гуморалдық және клеткалық) ұзақ, өмірлік


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   61




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет