Дәріс 13. Экзогендік процестер және жер бедері. Дәрісті өту нұсқаулығы



бет4/6
Дата06.02.2022
өлшемі195,69 Kb.
#80175
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Дәріс 13 сценарий
Дәріс 13 сценарий, Дәріс 13 сценарий, Ұлықбек Ернар(-Информационные системы и программная инженерия,05-703-18-05,IISBZ 12332551-3-Lab)-Лаб 2 7, Тесты ИАД, Био IT ОСӨЖ-1 Отарбаева Туймеш 302, тәрбие сағаты
Сұрақтарға көшу
Сұрақ 6. Аридтық (лат.-кұрғақ) климат аймақтарында бедер пішіндері негізінен желдің әрекетінен пайда болады:
* Дұрыс


Сұрақ 7. Жалпы эолдық процестер неше түрге бөлінеді.
*3
2
4
5


Сұрақ 8. Эолдық процестердің мағынасын дұрыс сәйкестендіріңіз.
Корразия – мүжу, қажау
Дефляция – үрлеу
Аккумуляция – шөгу


Сұрақ 9. Эолдық бедер пішіндерін көрсетіңіз?
* бархан
* дюна
* тас бағаналар
каньон
аңғар
сай


Сұрақ 10. Грек аңыздары бойынша «Эол» - күн құдайы деген мағынаны береді.
* Жоқ


3. Гляциалдық процестер және жер бедері.

Мұздарға гидросфера мен литосфераның жоғарғы бөлігінде кездесетін мұздықтар, ұзақ жылдар бойы қабатталып жиналған қар, су беті, жер асты мұздары, шельфтік мұздар, мұхиттарда кездесетін қалқыма-ықпа мұздар жатады. Жер бетінде ұзақ уақыттар бойына сақталатын кристалды мұз шоғырын (қорын) мұздық деп атайды. Олар таулы өлкелерде тек қарлы шекарадан жоғары аймақтарда тәуелді. Мысалы, Іле Алатауында қар жиегі 3700-4000 м биіктікте орналасқан. Алайда динамикалық процеске орай мұздықтар бұл шекарадан төмен түсе алады. Көлемі үлкен мұздықтар өз салмағынан және созылмалы (пластичность) қасиеттерінің әсерінен таудан төмен қарай жылжиды. Мұздықтардың жылжу жылдамдығы тәулікте бірнеше санти-метрден ондаған метрге дейін жетеді.Мұздықтардың қоректенуі оның бетіне қар түрінде түсетін атмосфералык жауын-шашын есебінен, жел арқылы айдап алып келген және тау баурайларынан құлаған қардан, сонымен қатар мұздың үстінде ауадағы булардың суға айналуынан жүзеге асады.


Шатқалдар арқылы немесе басқа бір еңіс жазықтық бойымен жылжып-қозғалу кезінде мұздықтар жол жөңекей тау жыныстарының үгінді-сынық бөлшектерін өздерімен бірге ілестері отырып, ең сонында мұз массасымен араластыра қатайтып тоңазытады. Ал мұздықтардың еріп-жібуі кезінде, оның құрамындағы аралас кесек жыныстар босап қалады да, шөгінді қабаттар түрінде жиналады. Олар мореналық шөгінділер деп аталады. Мореналар беткі, ішкі және түпкі болып ажыратылады.
Беткі мореналар – аңғардың беткейлерімен тасымалданған тау жыныстарының кесек бөлшектерінен тұрады.Мұздық бетіне құлап түскен тау жыныстарының сынықтары мұздықпен ьірге көшіп-қонып жүреді.
Шеткі мореналар мұздық тілінің аяқталған шетінде оның тез еріп таусылуы нәтижесінде құралады. Олар биіктігі ондаған, жүздеген метр келетін төбелі қырқаларды қалыптастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет