Дәріс-14. Интеграцияланған сабақ ұйымдастыру әдістемесі Интеграция бөлімдерді біріктіріп, нәтижеде білім жүйесінің сапалы өзгерістеріне жетелейтін байланысқан жүйелер теориясы



Дата08.02.2022
өлшемі14,04 Kb.
#98689
түріСабақ
Байланысты:
дәріс интеграцияланған сабак
салыстеория, физиканы компютерлік моделдеу, физиканы компютерлік моделдеу, салыстеория, салыстеория, салыстеория, МӨЖ-13физиканыокытуәдістемесі

Дәріс-14. Интеграцияланған сабақ ұйымдастыру әдістемесі
Интеграция – бөлімдерді біріктіріп, нәтижеде білім жүйесінің сапалы өзгерістеріне жетелейтін байланысқан жүйелер теориясы. Интеграция білім беру процесін құрастырудың басты қағидаларының бірі, оны жетілдірудің тәсілі ретінде, әлемді біртұтас тануды қамтамасыз ету құралы. Мұғалімнің іс-әрекеті – бұл нормалар мен шығармашылықтың, ғылым мен өнердің қоспасы. Сондықтан қазіргі кездегі қолданыстағы білім беру әдістерінің көп түрлілігін дұрыс біріктіру және интеграциялау маңызды болып отыр.
Қазіргі кезеңдегі пәндерді интеграциялау үдерісі жаңа педагогикалық технологиялардың деңгейін өсіруді талап етеді. Сонымен бірге пәндерді интергациялау мәселесі белгілі бір оқу пәндерін үйрете отырып, басқа да пәндердің әдістерін, теорияларын, заңдарын қоса оқытудан көрінеді. Бұл білімнің жаңа сапалы түрінің пайда болуына және жалпы ғылыми түсініктер мен категориялардың, тәсілдердің пайда болуына әкеледі. Пәнаралық интеграция пәнішілік интеграцияны мейілінше толықтырады.
Оқушының кәсіби іс-әрекетінде пәндер мен оқыту технологиялары бойынша интеграциялық білім беру деңгейінде шығармашылық ізденістер орны ерекше. Қазіргі заман ғылымы алдында интеграциялық оқытуды теория негізінде ұғыну мәселесі тұр. Себебі философиялық тұрғыдан қарағанда интеграциялық оқыту – бұл пайдалы ақпаратқа немесе нақты білімге ғана қатысты емес, сонымен қатар білім алушының өз ортасы, оқытушыларын және пәндерді тереңірек ұғынуына ықпал ету түсінігі.
Оқытудағы интеграция пәнаралық байланыстардың дамуы мен тереңдеуін, бұл өз кезегінде ғылымаралық байланыстың аналогы болып табылады, яғни пәнаралық тақырыптарды келістіріп қана қоймай оларды терең қарым-қатынаста оқытуға көшуді білдіреді.


Интеграцияланған рқыту – білім алушылардың тәжірибелік бағыт-бағдары бар әртүрлі ғылымдардың әд істерін үйлесімді біріктіретін, талданған түрде қабылдауына мүмкіндік беретін оқыту түрі. Бұл қарастыруға және шешуге бағытталған қандай-да бір проблеманы әртүрлі пәндер білімдерін біріктіре отырып мақсатқа жеткізетін арнайы ұйымдастырылған сабақ. Интеграцияланған оқыту дегеніміз пәнаралық түрлі проблемаларды білім алушылардың білімін кеңейту мақсатында қарастыру болғандықтан пәндер тогысында оларды оқыту әдістері де әртүрлі болуы керек. Мысалы: дәріс оқу, сабақ-саяхат, сабақ-зерттеу, оқу конфренциялары, мультимедиа-сабақ, мәселелі сабақ, сұхбаттасу және т.б

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет