Дәріс №14 Тақырыбы



Дата24.12.2023
өлшемі14,29 Kb.
#199008
Байланысты:
дарис 14 (2)
15 семинар (1), практика 9 (1) (1), 11 лекция, 15 соөж

Дәріс №14
Тақырыбы: Педагогикалық диагностиканың ерекшеліктері.
1 Педагогикалық диагностика ұғымына сипаттама.
Мақсаты: Педагогтың тәрбие жұмысының диагностикасы жайлы мәліметтер қарастыру
Жоспар:
1.Педагогикалық диагностиканың тарихы, мәні
2. Диагностикагың негізгі міндеттері мен принциптері
3. Педагогикалық диагностиканың қызметтері мен әдістері
Педагогикалық диагностика - педагогикалық ғылымның бір саласы және сонымен қатар практикалық педагогиканың негізгі формасы болып табылады. Қазіргі жалпы ғылыми көзқарасқа сүйенсек, «диагностика» дегеніміз- белгілі бір обьектінің ахуалын танып білу немесе оның тәртібінің болжауы мен сол тәртібіне әсер етуінің мүмкіншіліктері туралы шешім қабылдау мақсатында сол обьектінің негізгі параметрлерін тез тіркеу жолымен содан кейін оны белгілі бір диагностикалық категорияға жатқызу жүйелерін тану болып табылады. Диагностика  / грек. «диа»- мөлдір, таза, «гнозис»-білім, ғылым/  – объект немесе үрдістер жайында мәліметтерді алдын-ала алу тәсілі.
Педагогикалық диагностиканың тарихы педагогикалық  қызметтің қалыптасқаннан бергі  уақытты қамтиды. Әдебиеттерде диагностиканы ежелгі қытайлықтар б.з.д, 1000 жылдыққа дейін емтихандарында пайдаланып келген.
Педагогикалық диагностиканың объективті әдістерінің құралдары осыдан 200 жыл бұрын құрылған болатын. ХІХ ғасырдың 60-жылдары ағылшын ғалымы Дж.Фишердің ұсынған «scale books» мектептегі оқу үлгерімін анықтауға арналған тесттер қолданылған. Педагогикалық тестілеудің көрнекті өкілі ағылшын Э.Трондайк (1874-1949) болған, ол мектеп пәндерін қамтыған көптеген диагностикалық формаларды ұсынған болатын.
С.И. Ожеговтың сөздігі бойынша «диагностика-бұл диагнозды оқытудың тәсілі». «Диагностика» ұғымы медицинада ежелден пайдаланып келе жатқандықтан медицина ғылымымен тығыз байланыста қарастыруға болады. Егер аурудың себеп-салдарын дәл, уақытында анықтайтын болсақ, одан жазылып кетуге үміттенуге болады. Сол сияқты егер біз педагогикалық диагностиканың негіздерін білсек, шәкірттеріміздің оқу үлгеріміндегі немесе тәрбие үрдісіндегі ақаулықтарды дер кезінде анықтап, сол қателіктерді шешудің жолын да, яғни қажетті әдіс-тәсілдерді қолдана аламыз. 
Диагностикагың негізгі міндеттері мен принциптері. Педагогикалық диагностиканың өзіндік мақсат, міндеттерінің бар болғанымен, әдістерді психологиялық диагностикадан алған. Педагогикалық диагностика қазіргі таңда қалыптасқан ғылыми пән.
Педагогикалық диагностиканың принциптері:
- Жүйелілігі
- Объективтілігі
- Беріктілігі
- Көрнекіліг,
Негізгі міндеті- оқушылармен меңгерілген білімнің тереңдігінің, көлемдігінің, дұрыстығының деңгейін анықтау.


Педагогикалық диагностиканың қызметтері мен әдістері
Педагогикалық диагностиканың қызметі:
-Талдамалы қызмет
-Жеке диагностикалық қызмет
-Бағалаушылық қызмет
-Коррекционалдық қызмет
-Бағытталған қызмет
-Ақпараттық қызмет
Педагогикалық диагностиканың әдістері:
- Ауызша сұрау
- Жазбаша сұрау
- Компьютерлік тексеру
- Сынақ-емтихан
Педагогикалық диагностиканың әдістері 
Педагогикалық диагностиканың түрлері:
* алдын-ала – 
*ағымдық –
* мерзімдік – 
* тақырыптық – 
* қорытынды – 
* өтілген материалдардың ізімен. 
Педагогикалық диагностиканың формалары: жеке-дара, топтық, сыныптық.


Бақылау сұрақтар:
Диагностика дегеніміз не?
Тәрбие үдерісі тиімділігінің психологиялық - педагогикалық диагностикасының әдістері қандай?
Педагогикалық диагностиканың ерекшеліктері.
Тәрбие барысын және оның нәтижелерін талдаңыздар
Тәрбие жұмысындағы диагностика ұғымын талдау
Мектептегі тәрбие жұмысының үлгісін жазыңыздар.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет