Дәріс 25. Қазақстан тәуелсіздігінің жариялануы


Осы себепті ағымдағы мәселелерді шешу үшін 1992 ж. «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен даму стратегиясы» қабылданды



бет6/7
Дата08.12.2023
өлшемі1,23 Mb.
#195959
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
25-дәріс
1451965444400, Жертану, 35 билет
 
Осы себепті ағымдағы мәселелерді шешу үшін 1992 ж. «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен даму стратегиясы» қабылданды.

Стратегия елді дамытуда екі негізгі экономикалық бағытты көздеді:
Әлеуметтік-нарықтық қатынастарға негізделген экономиканы қалыптастыру;
Адамның экономикалық тұрғыдан таңдау жасауы үшін жағдайлар жасау, оны жүзеге асыруға құқықтық және басқа да негіздерді әзірлеу.
Тәуелсіздік алдында аса ауыр жағдайда Қазақстан Президенті «Одақтық бағыныстағы мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдарды ҚазКСР-і үкіметінің қол астына көшіру жөнінде» Жарлық шығарды. Алтын және алмаз қоры құрылды. Қазақстан дербес сыртқы экономикалық қызметін қамтамасыз етті.
1991жылғы 16 желтоқсанда Республика тәуелсіздік алды. Жоспарлы экономикадан нарықтық жүйеге көшу оңай тимеді. Бұрынғы КСРО-нің одақтас республикалары арасында экономикалық байланыстар үзіліп, бір бірінен алшақтай бастады. Республикалардың әрқайсысы шиеліністерден шығу жолында тек өз күші мен қабілетіне сүйенді. Баға босатылды. Негізгі тұтыну тауарлардың жетіспеушілігі байқалды. Республика азаматтарының тұрмыс жағдайы одан әрі нашарлап, халық қарапайым тіршілік үшін күресті. Жұрттың жалақысы тек азық-түлік алуға зорға жетті. Еуропалық ұлттар өкілдері өз еліне қоныс аударуы көбейіп, республика халқы едәуір азайды. Көптеген завод, фабрикалар жұмысы тоқтап қалды. Жұмыссыздық өсті. Отбасы қатынастарының бұзылуы, ажырасулар мен әлеуметтік проблемалар көбейді. 1993-1994 жылдары өнеркәсіптік өндіріс көлемі екі есе, ауылшаруашылықта – үш есе, транспорттік жүк тасымалдау үштен екі есе қысқарды.

Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты белсенділігімен, тепе-теңдік сақтауға ұмтылысымен, прагматизмдігімен, сындарлы сұхбат жүргізуге талпынысымен және көпжақты ынтымақтастыққа бағытталғандығымен ерекшеленеді. Халықаралық аренада мемлекетіміз өзінің тарихи, геосаясаттық және экономикалық факторларына байланысты көп ғасырлар бойы сыртқы саясатын халықаралық ынтымақтастық, көршілес мемлекеттермен татуластық және олардың аймактық біртұтастығын кұрметтеу принципіне негіздеп жүргізіп келеді. Қазақстанның өзге мемлекеттермен тең құқылы және екі жаққа да тиімді қарым-қатынас құруға дайындығы оның бүгінгі күні дипломатиялық байланыс орнатқан шет мемлекеттердің санының көптігімен дәлелденіп отыр. 1991 жылы тәуелсіздік алған сәттен бастап біздің республика әлемнің 130 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Көптеген себептерге байланысты Орталық Азия мен Қазақстан аймағы әлем саясатында қазіргі кезде ерекше назарға ие. Қазақстан екпінді даму қарқынының арқасында ipi трансұлттық корпорациялардың, өзге мемлекеттердің үлкен қызығушылығына ие.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет