Глоссарий тарихи үрдіс теориясы



бет1/3
Дата12.12.2023
өлшемі17,57 Kb.
#196434
  1   2   3
Байланысты:
шет елдер тарихнамасы глоссарий
Check Your English Vocabulary for Medicine 071367590X, ^Mсамооценка 2023 каз (копия) (копия), НЦНЭ (копия) (копия), Дн.docx, 1. Àäàì à çàñûíû å ëêåí ì øåñ³

Орындаған: Мамықова Назерке
Тобы: М1601-13
Қабылдаған: Абдиханова А.

ГЛОССАРИЙ




Тарихи үрдіс теориясы- тарихи фактілерді түсіндіруші логикалық жүйе. Факт- «шындықтың үзігі» ретінде өздігінен ештеңе де білдіре алмайды, тек тарихшы ғана оны өзінің идеялық- теориялық көзқарасына орай,сөйлете алады.Тарихи үрдіс теориясының бірі екіншісінен зерттеу пәні мен тарихи үрдіске көзқарастар жүйесі арқылы ерекшеленеді.Әрбір схема – теория қаншама фактінің ішінен өзінің логиксына сай фактіні таңдап алады.Тарихи зерттеу пәні арқылы әрбір теория өзінің кезеңдестіруін ,ұғымдық аппаратын анықтап,өз тарихнамасын құрады.Тек тарихи фактілер ғана ақиқат, ал оларды ұғыну қашан да субъективті болады.

Тарихи таным теориясы- тарих ғылымы пәнінің негізгі ұғымдары мен тарихи үрдістің категорияларын танудың негізгі принциптері мен зерттеу әдіс- тәсілдерін анықтайтын ғылыми методология. 
Тарихи факт- өткеннің нақты оқиғасы.Адамзаттың бүкіл өткені тарихи фактілерден өрілген,олар өте көп.Нақты-тарихи фактіні біз тарихи деректерден аламыз.Тарих ғылымында жай және күрделі фактілер бар.Алғашқылары оқиғаларды бідлірсе, соңғылары өзіне түсіндіру,ұғыну сәтін де қамтиды.күрделі фактілерге тарихи үрдістер мен құрылымдарды түсіндіру жатады. 

Тарихи дерек- адамзат қоғамының дамуын бейнелейтін және оны ғылыми тануға негіз болатын айғақ. Тарихи деректердің түрлері:жазба,заттық,этнографиялық, фольклорлық, тілдік,кинофотодерекер. 

Тарихи қозғалыс - өзара байланысты тарихи уақыт және тарихи кеңістік категорияларынан тұрады. 

Тарихи уақыт үнемі алға жылжып отырады.Тарихи уақыттағы қозғалыстың әрбір үзігі мыңдаған материалдық және рухани байланыстардан тұрады.Әрі ерекше және қайталанбайды.Т.У. ұғымы бірнеше рет өзгерді, ол тарихи үрдісті кезеңдестіруден көрінеді.ХVIII ғ аяғына дейін тарихшылар тарихи кезеңдерді билеушілердің атына қарай бөлді.ХVIII ғ.француз тарихшылары жабайылқ, варварлық және өркениеттік кезеңдерді ұсынды.Х1Хғ.соңында материалист-тарихшылар қоғам тарихын формацияларға (алғашқы-қауымдық.құлиеленушілік,феодалдық,капиталистік, коммунистік) бөліп қарай бастады.ХХ1 ғ.басындағы тарихи- либералдық кезеңдестіру ,қоғам тарихын:дәстүрлі,индустриялық және ақпараттық (постиндустриялық) кезеңдерге бөледі. 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет