Дәріс №3 Компьютер архитектурасы. Фон Нейманның принциптері. Тақырыпты оқыту бойынша әдістемелік нұсқаулар


Дербес компьютердің (ДК) архитектурасы



бет5/5
Дата16.03.2023
өлшемі24,18 Kb.
#172715
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5
Байланысты:
3 ДӘРІС
471780.pptx, Бұлшық ет, Анкета (1), Instrukciya dlya podachi zayavleniya na poluchenie uslugi-kk, Отчет 1, ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС № 2, ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС №6, MICROSOFT POWER POINT практика каз., 2.2.6- ТЕМА NORTON , Презентация мультимедия, 3 Семинар, Sql (1), OSI көпдеңгейлі жүйесі баяндама, 3D модельдеу
Дербес компьютердің (ДК) архитектурасы – оның негізгі бөліктерін: процессорды, жедел сақтау құрылғысын (ЖСҚ), бейнежүйені, диск жүйесін, сыртқы құрылғыларды және енгізу-шығару құрылғыларын қиыстыру (орысша компоновка) болып табылады..
IBM корпорациясы құрастырған дербес компьютердің ашық архитектурасы мыналардың:
- жалпы жүйелік шинаның болуы, оған кеңейту қосқыштары (орысша разъем) арқылы қосымша құрылғылар қосылуын;
- компьютердің модульді құрылуын;
- барлық жаңа құрылғылардың және бағдарламалық құралдардың бұрынғы нұсқаларымен үйлесімділігін ұсынады.
Ашық архитектура принципі – бұл жалпы компьютерді және оның бөліктерін, жасап шығарған фирмаға тәуелсіз, өзара толығымен үйлесімді жаңа құрылғыларды қолданып әрқашан кемелдендіру мүмкіндігі. Бұл пайдаланушыға үлкен пайда береді, олар жаңа құрылғыларды сатып алып оны жүйелік (аналық) тақшаның бос қосқыштарына (слотына) қойып, өз компьютерлерінің мүмкіндіктерін кеңейте алады.
Дербес компьютердің модульді құрылуы – ақпарат алмасуы да магистральді (шиналық) принципке сүйенеді. Құрылғылар арасында ақпарат алмасу көп сымды ортақ байланыс ақпараттық магистралі – шиналар арқылы жүреді
Мұндай құрылымды – магистральды-модульдік немесе ортақ шиналық архитектура деп аталады. Суретте дербес компьютерлерге тән ақпараттық өзара әрекеттестік принципі қарапайым түрде бейнеленген Сыртқы құрылғылар магистральға контроллермен (үшбұрыштармен белгіленген) арқылы жалғанады.
Джон фон Нейман принциптері. Есептеу машинаның архитектурасы туралы ілімнің негізін қалаған американдық математик Джон фон Нейман1 болған. Ол 1946 жылы «Предварительное рас-смотрение логической конструкции электронно-вычислительного устройства» деген классикалық мақаласында, есептеу машинасының құру принциптерін баяндаған. Сондықтан Нейман принциптері деп аталған. Оған мына тұжырымдар жатады
1) бір процессорлық ЭЕМ құрылғыларының құрамы және құрылымы;
2) машиналық арифметикада екілік санау жүйесін қолдану;
3) ЭЕМ жадын адрестеу;
4) ЭЕМ ортақ жадында деректерді және бағдарламаларды сақтау;
5) машиналық бұйрықтың құрылымы және процессордың жүйесінің құрамы;
6) процессордың жұмыс циклы (процессордың бағдарламаны орындау алгоритмі);
Информатиканың базалық курсында ЭЕМ архитектурасын оқыту, аталған принциптерді ашуға тіреледі. Жоғарыда баяндалған материалда бірінші төрт принциптің шеңберінде сөз қозғалды. Аталған тізімдегі 5 және 6 принциптерді білу қәсіпқой бағдарламашыларға қажет.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет