Дәріс №4 Ауыл шаруашылық дақылдарын егіп-өсіру технологиясы. Ауыспалы егістегі орны


Морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері



бет4/6
Дата12.12.2021
өлшемі1,22 Mb.
#99620
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
№4

Морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері. Май бұршақ кіндік тамырлы, негізгі тамыры 2,0 м тереңдікке дейін жететін, ал қосалқы тамырлары мен тамыршалары жан-жаққа тарап өсетін өсімдік.

Май бұршақ тамырының тереңге бойлап өсуі түрлеріне және топырақтың сипатына байланысты. Қазақстанның оңтүстігіндегі суармалы жерлер жағдайында май бұршақ тамырларының негізгі бөлігі (80%) топырақтың 0-40 см қабатында орналасады.

Май бұршақтың өсімдік жүйесі гүлдеу және шанақтардың жаппай пайда бола бастау кезінде өте жылдам өседі. Бұл кезеңдерде майбұршақ жапырақтары тез өсіп, жалпы құрғақ заты тез құрала бастайды.

Майбұршақ өсімдігінің негізгі және жанама тамырларында ұялық түйнектер бар. Бұл түйнектердің пайда болуы ұядағы бактерияларға байланысты. Дақыл жақсы өсіп дамыған жағдайда бір өсімдік тамырында 20-58 және одан да көп түйнектер болады.

Май бұршақ сабағы тік әрі қатты, формасы дөңгелек, көпшілігі түкті, әр сабақта 15-22 буын болады, сабақтың төменгі жағы-жуан, ал жоғарғы жағы-жіңішке. Май бұршақтың сабағының биіктігі мен жуандығы негізінен оны күтіп-баптау деңгейіне байланысты. Сабақтың биіктігі 70-98 см, дұрыс күтіп бапталған немесе жиі егілген жағдайда биік сабақты сорттар 120-150 см дейін жетеді. Егістіктегі май бұршақтың саны сирек болса, өсімдіктің бойы аласа, сабағы жуан, әрі бұтағы көп, ал жиі егілген жағдайда бұтағы аз, сабағы ұзын әрі жіңішке болады. Сабақтағы бұтақтар биік орналасса майбұршақ егістігін машиналармен орып жинау жеңілдейді. Май бұршақ сабағы буыннан тұрады, төменгі буындар аралығы жақын, ал орта және жоғары буындар аралығы ұзын.

Сондықтан, әрбір май бұршақ өсімдігінің өнімі бас сабағы және оның жанама 1-3 бұтақтарындағы буын санына байланысты.

Май бұршақ өсімдігінің жапырақтары күрделі, үш тармақты, көпшілігі түкті. Алғашқы екі жапырағы сабақта қарама-қарсы, ал кейінгі үш тармақты жапырақтары сабақ буындарында кезекпен орналасқан. Бір өсімдіктегі жапырақ саны және оның ассимиляциялық көлемі май бұршақ дақылының сортына және өсу жағжайына байланысты көп өзгереді, жалпы алақандардың көлемі 2100-8300 см2 аралығында.

Май бұршақ өсімдігінің гүлдері көбінесе ақ түсті, майда, иісі жоқ. Гүл шоғыры жапырақ қойнауына орналасқан, әр гүл шоғырында 4-18 және одан да көп гүлдер бар. Күлтесі ақ түсті немесе жасыл. Аталық 10, оның тоғызы бірігіп (қосылып) өседі, ал біреуі бөлек. Май бұршақ өздігінен тозаңданатын өсімдік. Егер гүлдері жақсы ашылған жағдайда насекомдардың гүл ішіне кіруі мүмкін. Бірақ май бұршақ гүлдерінің басқа өсімдіктердің аталық тозаңдарымен ұрықтануы өте сирек.

Май бұршақ дәні- шар тәрізді домалақ сопақша, бүйрек тәрізді, ұзынша домалақ, ал түсі-сары, жасыл, ақшыл сары жасыл, қара, қоңыр және ала болып келеді. 1000 дән салмағы 80-450 г аралығында. Дән сыртқы қабықтан және ұрықтан тұрады, эндосперм жоқ. Ұрықта екі тұқым жарнақтары және бастапқы тамыр, сабақ, жапырақ бар. Дән салмағының 90 пайызын тұқым жарнақтары, 7-8 пайызын сыртқы қабық алады, ал басқа бөліктері 2-3 пайыз болады.

Май бұршақ дақылының өсу дәуіріндегі негізгі кезеңдері мыналар: көктеп шығу, алғашқы үш тармақты жапырақтың пайда болуы, бұтақтану, бүрлену, гүлдеу, шанақтардың қалыптасуы, дәннің толысуы, шанақтардың сарғая бастауы және толық пісуі.

Май бұршақ жылу сүйгіш өсімдік. Тұқымы топырақтың тұқым сіңіру қабаты +6-80С жылы болғанда өне бастайды, бірақ біркелкі көктемейді. Топырақтың жылуы 18-220 жеткенде жақсы өсіп-өнеді. Оның дәні пісіп-жетілуі үшін сортына қарай +2000-32000С температура жиынтығы керек. Май бұршақ гүлдеу-пісу кезеңдерінде жоғары жылылықты талап етеді, бұл кезеңде барлық қажет жылудың 65-70% жұмсалады.

Май бұршақ ылғал сүйгіш өсімдік. Оның тұқымының бөртуі мен көктеуіне тұқым массасының 130-160% су қажет. Өсімдіктің өсіп дамуына қолайлы жағдайлар топырақ ылғалдылығы толық танаптың ылғал сиымдылықтың (ТТЫ) 80% шамасында қалыптасады. Оның транспирациялық коэффициенті 400-ден 700-ге дейін.

Май бұршақ қысқа күннің дақылы. Ұзақ күнді аймақтарда оның вегетативті массасы өседі де оның гүлдеуі мен дән пісуі ұзарады.

Май бұршақ қара, сұр және қызғылт топырақтарда жақсы өседі, құрамында қоректік заттары мол жерлерде өнімі жоғары болады. Топырақ ерітіндісінің реакциясы рН-5-8 аралығында болуы керек, алайда ең қолайлысы рН-6-7. Сортаң және батпақты қышқыл топырақта өспейді. Топырақ құнарлығына талғамды, 1 ц дән қалыптасу үшін топырақтан 10 кг азот, 4 кг фосфор, 4-5 кг калий сіңіріледі.

Біздің ғалымдарымыздың зерттеулеріне қарағанда Қазақстанның суармалы жер жағдайында май бұршақтың орта мерзімде және кеш пісетін сорттары өнімді болады.

Қазақстанда өсірілетін май бұршақтың аудандастырылған сорттары мен будандары: Эврика 357, Гибридный-670, Казахстанская 200, Казахстанская 688, Букурия, Аврора, Высокостебельная 2, Хабаровская 4, Амурская 42, Жалпақсай.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет