Дәріс №40 Тақырыбы: Қоғамды жаңарту шараларының қарқын алуы Дәрістің мазмұны



Дата07.02.2022
өлшемі17,49 Kb.
#97640
Байланысты:
40-лекция


ДӘРІС № 40
Тақырыбы: Қоғамды жаңарту шараларының қарқын алуы
Дәрістің мазмұны:
1.Кадр саясаты.
2. Тiл саясатын жүргiзудегi түбегейлi өзгерiстер.
3.Қайта оралған есiмдер.
4.Кадр саясаты.
1986 жылғы Алматы толқулары сол кездегi билiк иелерiнiң күш қолдануымен аяусыз басылып тасталса да, халықтың санасына түскен демократия саңылауын мүлдем өшiре алмады, оның әдiлеттi қоғам құруға деген құлшынысын тежей алмады. 1987 жылдың басынан 1991 жылдың соңына дейiнгi небәрі 5 жыл iшiнде Қазақстан Ресейдiң қарамағындағы келешегi күңгiрт, тәуелдi одақтас республикадан дүниежүзiндегi iргелi мемлекеттермен терезесi тең, тәуелсiз елге айналды, та- рихтың осындай қысқа мерзiмi iшiнде ғасырлардың үле- сiне татитын ауыр да маңызды жолдан өттi. Ол кезде әлi құдыретi күштi КОКП адамгершiлiкке жат тәсiлдермен жастардың бейбiт шеруiн қан-жоса қылып баса отырып, өзi жiберген өкiлiн Қазақстандағы ең жоғары лауазым орындығында қалдырды. Қазақстанның жаңа басшысы Г.Колбин шын мәнiнде генерал-губернатор миссиясын атқарды. Билiк басына келгеннен кейiн ол республика кадрларының жоғары легiн тазалаудан өткiздi. Науқаншылдық пен асырасiлтеушiлiкке үйренген коммунистiк номенклатура бұл жолы да iстiң анығына қарамай, бұрынғы басшылықта болғандарды шетiнен негiзсiз қудалауға ұшыратты. Әдеттегiдей бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жаңа бастық барынша дәрiп- телiп, кемшiлiктiң бәрi бұрынғы басшыға аударыла бас- тады. Шындық шындық емес, Орталықтың айтқаны шын- дық болып тұрған заманда, жергiлiктi кадрлар Г.Кол- биннiң әр сөзiн данышпандыққа балап, айтқанын құрақ ұшып орындап жатты. Сөйтiп, кешегi қанды сойқанның авторларының бiрi бүкiл республика халқының көз алдын- да көсемге айнала бастады. Жаңадан сайланған КСРО халық депутаттарының I съезiнде оның Халықтық бақы- лау комитетiнiң төрағасы қызметiне сайланып, Қазақстан- нан кетуiне дейiн осылай болды. 1989 жылдың маусымында Қазақстан КП Орталық Комитетiнiң бiрiншi хатшылығына Н.Назарбаев келдi.198 Аумалы-төкпелi кезде келген жаңа басшылық алдында бiрқатар жауапты шараларды iске асыру мiндетi тұрды. Ең алдымен, халықты “қазақ ұлтшылдығы” деген айыпты атақтан арашалауға күш салынды. Билiк жүйесiне рефор- маторлық ағымға бейiмдiк танытатын бiрқатар жастар келдi. Н.Ә.Назарбаев кеңестiк кеңiстiктегi экономикалық, мәдени интеграцияның iске асырылуына көп көңiл бөлдi. Тiл саясатының жаңаша жүргiзiлуi. Елдi демокра- тияландыру үдерiсi кең өрiс жайды. Ұлт аймақтарындағы халықтардың тiлiне, дiнiне, мәдени дамуына еркiндiк лебi жеттi. 1987 жылы Қазақстан КП Орталық Комитетi мен Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң қазақ және орыс тiлдерi туралы қаулылары шықты. Осыдан бастап тiл мәселелерi Қазақстанның iшкi саяси айтыстарында жиi сөз бола бастады. Көп жылдан берi қордаланып қалған тiлдiң өзектi мәселелерi баспасөзде үнемi көтерiлетiн болды. Мұның нә- тижесi тiлдер туралы арнайы заңның қабылдануына түрткi болды. “Қазақ КСР-iндегi тiлдер туралы Қазақ КСР-інiң заңын” республиканың Жоғарғы Кеңесi 1989 жылдың қыркүйегiнде қабылдады. Бұл құжатта Қазақ КСР-інің мемлекеттiк тiлi қазақ тiлi деп көрсетiлдi. Орыс тiлi республикадағы ұлтаралық қатынас тiлi болып жарияланды. Бұл заң қазақ тiлiнiң мәртебесiн көтерiп, оны одан әрi дамыту iсiне кең жол ашты. Қазақ тiлiнiң қолданылу аясын кеңейту бағытындағы жұмыстар шеңберi күрт кеңейдi. Iсқағаздарын қазақша дайындайтын және қазақ тiлiнде жұмыс жүргiзе алатын хатшы-машинкашылар даярлайтын кәсiптiк-техникалық училище ашылды. 1990 жылдың маусымынан 1991 жылдың маусымына дейiнгi бiр жылдың iшiнде республика бойынша қазақ тiлiнде тәлiм беретiн 482 балабақша, қазақ тiлiнде бiлiм беретiн 155 мектеп, 4 кәсiптiк-техникалық училище, жоғары оқу орындарында факультеттер, бөлiмдер ашылып, қазақ тiлiн үйрететiн топтар құрылды. Тiлдер туралы заң орыс тiлiнiң өзектi мәселелерiн де көтеруге мұрындық болды. Орыс тiлiнде сөйлеу мәде- ниетiн арттыру, ондағы жаргондық сөздердiң көбеюiне тосқауыл қою әрекеттерi жасалды. Қазақ тiлiнiң қоғам- дық өмiрдегi рөлiнiң күрт артуына байланысты тiл саясатының ұлтаралық қатынастарға әсерiнен туындай- тын өзектi мәселелер жиi және салауатты талқылауға 199 түсiп жүрдi. Қазақстанда тұрып жатқан өзге ұлттық топтардың — украиндердің, ұйғырлардың, немiс- тердiң, татарлардың, түрiктердiң де шоғырланған жерлерiнде ана тiл- дерiнде сабақ оқытатын мектептер ашу қолға алынды. Көпұлтты Қазақстанда тiл саясатының салауатты жүргiзiлуi қоғамның саяси орнықтылығын қам- тамасыз ететiн факторлардың бiрi едi. Қайта оралған есiмдер. Қазақстан КП Орталық Комитетiнiң идеология және ғылым мәселелерi жөнiндегi әр жылдары қабылданған қаулыларының күшi жойылды. Қазақ фольклорының, әдебиетi мен өнерiнiң бұған дейiн тыйым салынып келген көркем шығармаларын тереңiрек зерттеу мүмкiндiгi туды. 1988 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетiнiң қаулысымен 1930—1950 жылдары жазықсыз жазаға ұшыраған қазақ зиялыларының бiр тобы ақталды. Олар: көрнектi ақын, философ Шәкәрiм Құдайбердiұлы (1858— 1931), жазушы әрi ғалым Жүсiпбек Аймауытов (1889—1931), жазушы, педагог Мiржақып Дулатұлы (1885—1935), тiл, әдебиет, саясат, ғылым, журналистика салаларында мол мұра қалдырған Ахмет Байтұрсын¬ ұлы (1873—1937), атақты ақын, белгiлi саясатшы, педагог Мағжан Жұмабаев (1893—1938). Кеңес билiгi жылдарында әртүрлi жаламен айдалып, сотталып кеткен қоғам және мәдениет қайраткерлерiнiң бұған дейiн ақталмағандарының өзi жүздеп саналатын. Осы кезден бастап баспасөз бетiнде аса көрнектi қоғам және мәдениет қайраткерлерi Әлихан Бөкейханов, Мұхамеджан Тынышбаев, Халел Досмұхамедов, Жаһан¬ ша Досмұхамедов, Мұстафа Шоқай, Құдайберген Жұба¬ новтардың өмiрi мен қоғамдық қызметiне қатысты шындықтар айтылған материалдар көптеп жариялана бастады. Осыдан бастап большевиктiк лаңкестiк құрбан- дарын ақтау, олардың қоғамдық қызметiн саралап, баға беру, Қазақстан тарихында алатын орнын анықтау түге- лiмен ұлт зиялыларының, қазақ халқының өз қолына көштi. Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев200


Бақылау сұрақ:
1.“Тiл саясатының дұрыс жүргiзiлуi қоғамдағы саяси орнықты- лықты сақтауға тiкелей әсер етедi” деген пiкiрдi қалай түсiне- сiңдер?
2.Мұғалiмнiң нұсқауымен Ә.Бөкейхановтың, М.Шоқайдың, Х.Досмұхамедовтiң, Ж.Досмұхамедовтiң, М.Тынышбаевтың, Қ.Жұбановтың өмiрi мен қызметi туралы қысқаша хабарлама дайындаңдар.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет