Дәріс №8. Қола ғасыры. Қола дәуіріндегі Қазақстандағы мәдениеттер Жоспар



бет2/13
Дата15.03.2022
өлшемі139,5 Kb.
#135623
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
daris 8 arheologiya

Орталық Қазақстан қола дәуірінде

Шүйгін жайлымдар мен рудалы кен орындарының көптігі арқасында Орталық Қазақстан ежелгі замандағы мал шаруашылығы, кен кәсібімен металлургия дамыған ірі аймаққа, андронов мәдениетінің негізгі орталықтарының біріне айналды. Мал шаруашылығы мен металлургия және бұлармен бірге бақша егіншілігі арқасында Орталық Қазақстанды мекендеуші ежелгі адамдардың материалдық және рухани мәдениеті жоғары деңгейде болды.
Орталық Қазақстанды қола дәуірінде мекендеген тайпалар тұрғын үйлер мен қора-қопсылардың қалдықтары бар қоныстар, жерлеу құрлыстары мен көне кен қазған орындарын, жартастағы сүреттер мен құрбан шолу орындары сияқты көптеген ескерткіштер қалдырды.
Қола дәуірінің ескерткіштерінің тараған батыс бөлігі Жезқазған - ¦лытау, Арғанатты таулары мен Терісаққан өзенінің жоғарғы бойлығы арқылы өтеді. Жезқазғанда қола дәуірінде мыс қазған Кресто, Петро, Златоуст кен орындары, Милықұдұқ, Сорқұдұқ, Айнакөл сияқты мыс қорытқан қоныстар бар.
Солтүстігінде бұл шекара Есіл мен Тобыл өзендерінің аңғарына дейін, шығысында Ертістің сол жағасымен, ал оңтүстігінде бұл мәдениет Бетпақдаланың солтүстік бөлігін, Тайақтан, Шунақ тауларынан, Батпақсу мен Шажағай алқаптарын алып жатыр.
Қола дәуіріндегі адамдардың жиі қоныстанған жерлері Нұра, Шерубай-Нұра, Атасу және Талды-Нұра өзендері мен олардың көптеген салаларының аңғарлары, Бұғұлы, Беғазы, Қызыларай, Кент, Қарқаралы, Баянауыл, Көкшетау жоталарының аралығындағы жазықтар.
Орталық Қазақстандағы андрондық қорымдардың көпшілігі осы мәдениеттің Қазақстанның басқа өңірлеріне қарағанда ескерткіштерінің күрделігімен, көрнектілігімен және бейіт құрлыстарын салудың жоғары техникасымен көзге түседі.
Қазіргі уақытта Орталық Қазақстанда қола дәуірінің 50-ге жуық қанысылар, 150 ірі қорым табылды. Қазба ісі 40 қорым мен 10 қоныста жүргізілді. Орталық Қазақстандағы андронов мәдениеті тайпалары өз дамуында екі кезеңнен өтті: оның алдыңғысы – Нұра кезеңі, ортаңғысы – Атасу кезеңі /Нұра, Атасу өзендерінің аттарымен аталғанға шартты белгілер/. Соңғы қола дәуірі /б.э. дейінгі Х-ҮІІІ ғасырлар/, олар андрон мәдениетімен салыстырғанда анағұрлым жоғары, көрнекті Дәндібай-Беғазы мәдениетін құрды.
Қола дәуірінің Нұра кезеңі әзіріше толық зерттелмеген, бұл тек бейіттерден шыққан материалдар бойынша ғана мәлім.
Нұра кезеңінің тайпаларына өлген адамды өртеп жерлеу ғұрпы тән. өлген адамның денесі қазылып қойылған зираттыі сыртына өртеп, одан соң күлін қыш ыдыстардың ішіне салып зиратқа қойған, ал өртеген жерге тас үйген.
Нұра кезеңінің қорымдарының аумағы онша үлкен емес, әдетте ол аласа төмпешік болды, ал айналасын тігінен немесе жалпағынан салынған тақта тастармен дөңгелентіп немесе тік бұрышты етіп қоршайтын болған. Қабір қоршаудың ішінен қазылды. өлген адам жалпағынан салынып шегенделген тас табыттың ішіне жерленді. Жерлеу ғұрпы жасалғаннан кейін лақыт тас тақталар мен жабылды.
Нұра кезеңіндегі тайпалардың мәдениетін қыш ыдыстар ерекше айқын сипаттайды. Ыдыстардың ернеуінің жиегі сыртқа қарай иілік, мойны мен бұйірі иіліп барып жасалатын құмыралар болып келеді. Түбі тайпақ, вазаға ұқсас. Қыш ыдыстардың сыртына үш бұрұштар, меандралар, қатарлас коннюлюлер түрінде ернеуіне, ортан беліне, кейді ыдыстың тұп жағына сәндеп өрнек салды.
Қорымдарының дені Бұғылы-1, Ақсу-Аюлы-1 ескерткіштері. Бұғылы-1 қорымы бірнеше қоршаудан турады, қорым Шерубай-Нұра өзені алқабының батыс жағында, Бұғылы тауының етегіне орналасқан. Бұл қорымнан бірнеше қоршаулар қазылды, олар дөңгелек немесе тік бұрұшты қабірлер болып келеді, кей жағдайда тақта тастармен шегенделген /цисталар/ лақаттар кездеседі. Бейіттегілердің көпшілігі өлікті өртеу ғұрпы бойынша жерлеген. Зираттардың іштерінен мол өрнектелген қыш ыдыстар, балшықтан жасалған ұршықтың бастары, дөңгелек қол айналар, қола моншақтар кездеседі. Молалардан және оның жанынан үй жануарларының /жылқының, қойдың/ - батаға сойылған мал сүйектері табылды.
Ақсу-Аюлы 1 қорымы өзі аттас өзеннің оң жақтағы биік жағалауына орналасқан. Қорымның орта шенінде жағаны бойлай қатарласқан сегіз оба тобы ерекше көзге түседі. Үйілген топырақ астынан жалпағынан салынған тақта тастардан дөңгелете қаланған қоршаулар шықты. Қоршаулардың ішіндегі шүңқырға тік бұрышты цисталар қаланған, олардың бұрыштарында адам сүйектері мен екі-үш қыш ыдыс жатыр. Нұра кезеңінің соңына таман өлікті жерлеу ғұрпы оны өртеу салтын бірте-бірте ығыстыра бастады. Бұл бірсыпыра ескерткіштерден көрінеді, бұларда жерлеу ғұрпы аралас, өлікті өртеу де өлікті жерлеу де кездеседі, оның үстіне өлікті көміп жерлеу басымырақ.
Атасу кезеңіндегі андрон тұрғындарының мәдениеті. Бұл кезең қоғамның экономикасы мен мәдениетінің дамуындағы жаңа, неғұрлым жоғары кезең, яғни қола дәуірінің дамыған ортаңғы кезеңіне жатады.
Шаруашылық жағынан бұл кезең мал өсірудің бұрынғыдан гөрі кеңірек тарауымен және кетпенмен өңдейтін егіншілік көлемінің өсуімен сипатталады. Атасу заманының тұрғындары сиыр мен қой-ешкі және жылқы өсірген. Кен жұмыстарының көлемі өсті, мыс пен қолайы табу, оны балқытып, құю артты. Демек қоладан еңбек құралдарын, тұрмыстық және сәндік заттар жасау едәуір ұлғайды.
Мыс пен қола металлургиясының, бақташылық мал шаруашылығының дамуы шаруашылықтың мамандауына және бірқатар әлеуметтік өзгерістерге жеткізді.
Атасулық андроновтық тайпаларда жерлеу ғұрпы тұрақты сипат алды. өлген адамдар жерленгенде бұктетілтіп, көбінесе сол қырына жатқызылды, қолдары құсырылды, басы батысқа қаратылып жатқызылды. өлгендерді тік бұрышты тас жәшіктерге жерледі, ол шомбал жалпақ төрт тақта тастан құралып, қабір шұңқырының төрт жағына қойылды.
Атасу кезеңінде иіні дөңшеленіп иілген ыдыстар сақталды, дегенмен қарапайым құты сияқты ыдыстар басым болды.
Иіні дөңгеленіп келетін көзелер бұрынғы әсем көрнекілігінен айрылды, олардың биікше, жіңішке түбі жоғалды, өрнектер үш қатарға – ыдыстың мойнына, бүйірінің жоғарғы бөлігіне және түбіне салынды. Ыдыстардың жоғарғы жағына тік бұрышты немесе тең қабырғалы үш бурұштар, ромбалар, сынық сызықтар салынды. өрнектердің екінші қатары үш бұрышты фестондардан, меандралардан, қатарлас каннелюрлерден құралады. Түпкі қатар ұшы жоғары қаратылған үш бұрыштармен әсемделген. Қарапайым құты тәрізді ыдыстарда күрделі меандрлар немесе фестонды суреттер салынбаған.
Атасу заманда металлды балқыту және оны құю өнері жоғары дәрежеде кемеліне жеткен. Табылған бұйымдардың бәрі соғу, құю, ою және қақтау арқылы жасалған. Көне замандағы шеберлер қалақ түріндегі қанжарларды, жеберлердің қос қанатты, жалпақша ұштарын, екі сүйір моншақтарды, дөңгелек және тік бұрышты айналарды құйды. Соғу мен қақтау әдісін төрт қырлы біздерді, инелерді, білезіктерді, алуан түрлі алқаларды, мүсінді тоғаларды жасағанда қолданған.
Ол замандағы қорымдардың көбі Атасу өзенінің алқабындағы қорымдар тобына ұқсас. Бұлардың ең ірілері – Дарат, Санғыру, Мыржық, Ақсай, Телжан, Қосағыл және Үйтас қорымдары. Адам жерленген бейіттердің сыртқы бейнесі жер бетінен 20-50 см. сыртқа шығып тұратын көлемді тақта тастармен қоршалған. Қоршаулардың бәрінде дерлік лақыт жәшіктері екі-үш гранит тақтамен жабылған. өлген адамды бүктетілтіп жанына жантайтып жерлеген.
Қорымдардан көптеген қыш ыдыстар, қола білезіктер, алтын жалатылған сырғалар, қола моншақтар, алқалар және мерулерттен, тастан жасалған моншақтар, т.б. әшекей заттар кездеседі.
Орталық Қазақстанда Атасу кезеңінің ескерткіштері көп, олар: Ақтоғай өңіріндегі Былқылдақ, Қарасай, Темірастау, Қарабие қорымдары, Шерубай-Нұра алқабындағы Басбалдақ, Ақсу-Аюлы 1 қорымдары, Бетпақ даланың солтүстік шетіндегі Елшібек, Беласар қорымдары және басқалар.
Құрбан шалатын орындар Орталық Қазақстанның Атасу, Нұра, Қарасу, Жарлы, Ақбілек өзендерінің алқаптарынан кездеседі. Олар жазық қорымдар мен қоныстардан оңашалау жерде орналасқан. Бұл құрлыс дөңгелек тәріздес жалпағынан салынған сегіз-тоғыз шомбал тастан тұрғызылып.
Құрбан шалу алаңдарынан табылған заттар құрбан шалудың тек діни ұғыммен ғана емес, сонымен қатар өндірістік үрдіспен де едәуір байланысты болғанын көрсетеді. Оларды қазғанда еңбек құралдары – тас кетпендер, қол тирмендер, астық түйгіштер табылды. Боқсайдағы /Атасу өзені/ ғұрып орнында ағаш көмірі мен күлдің қалың қабаты, сондай-ақ қалыңдығы 40 сантиметрдей органикалық қалдықтар табылды /сірә, сүтпен жасалған тамақтың қалдықтары болар/.
Нұра өзеніндегі /Бесоба ауылы, Жаманта қойнауы/ құрбан шалу алаңында кварцты құм қосып, алебастрден жасаған екі мүсін табылды, бірі – добал орақ сияқты, екіншісі – параболалық үш бұрыш тәрізді. Мұнда сонымен қатар ұзыншылау тас келсап, түбі жайпақ ыдыстар керамикасының фрагменттері болды.
Дамыған қола дәуіріндегі Орталық Қазақстан тұрғындарының шаруашылығы мен тұрмысын қоныстардан табылған археологиялық заттарға қарап топшылауға болады: мұндай қоныстар әдетте тау қойнауларында немесе даладағы өзендер мен көлдердің үскірік пен аңызақ соқпайтын жағалауларында орналасқан.
Тұрғын үйлер мен қора-қопсылар тобы /10 және одан көбірек, кейде 80-100 дейін/ ортада ашық алаң қалдырып айнала салынған, ол алаң мал қамауға арналған.
Әдетте тұрғын үйлердің орнын жерді қазып, қабырғаларын көлденең қаланған таспен бекітеді, немесе қырынан қойылған тақта тастармен қаптады.
Қоныстардың қалай орналасқанын, Шет ауданының территориясындағы Атасу қонысының қазылған орнына қарап білуге болады. Атасу қонысы дөңес аланға орналасқан, көлемі 15 мың шаршы метрге жетеді, бұл алаңда 35 тұрғын үй мен қора-қожылардың орны байқалды.
Қонысты алғаш зерттегенде бір тұрғын үйдің, мыс рудасын қорытатын бір шеберхана, екі құлшұңқыр шықты. Қоныс екі мәдени қабаттан тұрады, алғашқы қоныстанушылар үлкен өрттен кейін қонысты тастап шыққанға ұқсайды. Адам тұратын жартылай жетөле тік бұрышты болып келеді, аумағы 13х12 м. Тұрғын үйдің солтүстік – шығыс бұрышында гранит тақталардан қаланған ұзындығы 4 м., көлденеңі 1 м. ошақ табылды, оның арнайы бөлінген үш бөлімшесі бар. Ошақтың бір тармағы үйді жылытқан, екіншісінде тамақ пісірген, үшіншісі қорту пешінің рөлін атқарған. Ошақта 5 кг. мыс құймасы, мыс шлагы, тас және қыш ожаулар мен шөміштердің сынықтары, құю қалыба жатыр. Кейінгі қазба жұмыстары кезінде Атасу қонысынан жирмадан астам мыс және қола металлдарын қорытқан күрделі пештің қалдықтары руда ұсақтайтын тас құралдар, балғалар, келсаптар, тоқпақшылар, дәнүкіштер, тас кетпендер табылды.
Атасу қонысының тұрғындары ыдыстың түрлі үлгілерін – тамақ пісіретін өрнексіз қыш ыдыстармен, тамақ ішетін, геометриялық өрнектермен сәнделген ыдыстарды жасай білген.
Шаруашылық пен тұрмыста қола құралдармен қатар сүйектен жасалған тескіш, біз, теріні өңдеу үшін жылқының жағынан жасалған қырғыш-пышақ сияқты құралдар да қолданылған. Ірі малдың жілігінен жасалған ұршықтың бастарынан табылуы жүнді ұқсатып, дөрекі мақта тоқи білгендікті көрсетеді.
Жаман-Қарасу, Бұғылы қоныстарының тұрғын үйлері мен қора-қопсыларының орналасуы, салыну әдістері, сондай-ақ материалдың мәдениетінің бүкіл бейнесі Атасу қоныстарындағыға ұқсас. Тұрғын үйлері тік бұрышты, бірақ Атасу қонысындағы үйлерден көлемі анағұрлым кіші. Үйлер жердің бетіне салынған, қабырғалары-жалпағынан қаланған тас блоктар, ал оның сыртынан да, ішкі жағынан да тігінен қойылған тақта тастармен қапталған. Қалаудың ішкі жағынан ағаш жақтау салынған, бөренелерден құрастырылған күрке тәрізді шатыр осыған тіреледі. Бүкіл құрлыс буылған қалыспен және бұтамен жабылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет