Дәріс №8. Қола ғасыры. Қола дәуіріндегі Қазақстандағы мәдениеттер Жоспар



бет6/13
Дата15.03.2022
өлшемі139,5 Kb.
#135623
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
daris 8 arheologiya

Ортаңғы қола мәдениеті.
Б.э.дейінгі ІІ-мыңжылдықтың екінші ширегінде өндіруші үлгідегі шаруашылық біржола орнықты. Ол қола ғасырының металлургиясы әбден гүлденген шағына жетеді. Солтүстік және Батыс Қазақстаннан ортаңғы қола дәуірінің бірінен соң бірі келетін үш кезеңі аңғарылды. Оның бірі – алдыңғы кезең осы мәдениеттің қалыптасуы тарихына жатады; бұл кезде алдыңғы қоланың жергілікті тұрғындар арасында басқа бір мәдениеттің – Арал маңы арқылы егіншіліктің ежелгі орталықтарымен байланысты мәдениеттің элементтері белсенді түрде енеді. Бұл заманның ең айқын ескерткіштері Есіл материалдарында жақсы бейнеленген: осы мәдениеттің белгілері Петровка-2 және Новоникольское-1 қоныстарының төменгі белдеулерінен Петровка селосы маңындағы қорымнан кездеседі.
Екінші кезеңнің ескерткіштеріне көпқабатты Алексеевское, Явленка-1, Петровака-2, Ақтөбе облысындағы Тастыбұтақ қорымы мен қонысы жатады.
Соңғы кезең андроновтық-қималық ортақ мәдениеттің белсенді өзара ықпалымен сипатталады. Батыс Қазақстанның мәдениетіне Еділ бойының қима мәдениеті, ал Солтүстік Қазақстанның мәдениетіне Орталық және Шығыс Қазақстанның Андронов мәдениеті күшті ықпал жасайды. Осындай өзара ықпал іздері Бурабай, Бүйренкөл, Борлық, Петропавл қорымдарында жақсы байқалды.
Алакөл кезеңінің алдыңғы дәуіріне жататын Петровка-2, Новоникольское-1, Семиозерное қоныстарының тұрғын үйлері үлкен емес, едендері 15-20 см. ғана қазылып жасалған, сондықтан оларды жер үстіндегі құрлыс деп атауға әбден болады. Үйлердің бейнесі тік бұрышты; төбесін ұстап тұрған тіреуіштердің шұңқырлары жақсы сақталыпты. Қабырғалары долбарлай қиылған бөренелерден салынған. Едені өзеннің қиыршағын араластырған балшықпен салынған. Тамақ дайындау үшін және үйді жылыту үшін жер ошақ қазылған; олар әдетте айналасына тастар қаланған кішкене сопақ шұңқырша болып келеді.
Алакөл заманындағы тұрғын үй құрлысы алдыңғы алакөлдік /петровтың/ құрылымнан өзгеше. Бұл – Явленко-1, Петровка-2 және Тастыбұтақ қоныстарындағы сияқты жартылай жертөле турпатындағы бірқатар тұрғын үйлер. Олар тік бұрышты ұзынша сипатта болып келеді. Үйлердің аумағы 140 шаршы метрден 200 шаршы метрге дейін барады.
Қазақстанның орманды-далалық аймағындағы қоныстарында тұрғын үйлер негізінен қайың бөренелерден салынды. Үйлердің негізгі салмақ түсетін қаңқасы қабырғаны бойлай тіреуіштер қойылған, кейбір үйлердің едендерінен 200-дей тіреуіштің шұңқырлары байқалды. Үйдің қабырғаларын бөрене қаптамамен, шарбақпен, балшықпен сыланған қамыспен, немесе шым қабаттарынан тұрғызған – осының бәрі климаттың қатаң жағдайларында үйді жылыту үшін істелді.
Батыс Қазақстан даласында ағаштың болмауы себепті Тастыбұтақ қонысындағы тұрғын үйлердің кейбір ерекшеліктері бар. Тіреуішті құрлыстар өте аз пайдаланылды, оның есесіне тас кеңінен қолданылды. Тастан ішкі қабырғалар қаланды, жер ошақтар таспен қоршалды, әр түрлі шаруашылық қажеттеріне тас қоршамалар жасалды. Тұрғын үйлердің ішінде қабырғалары сексеуімен шегеңделген құдықтар болды.
Дамыған қола дәуірінің қоныс-мекендерінің өзгешелігі – олар өте жинақы. Боголюбово-1, Петровка-2, Никольское-1, Семиозерное қоныстарынан қорғаныс бекіністердің қалдықтары кездеседі; олар үйілген топырақ қоршаулар, табиғи қорғаныштар – тік жарлар болып келеді. Петровка-2 қонысының жанындағы зираттар алдынғы алакөл заманының ескерткішін жатады. Олар сопақ және тік бұрышты қазылған шұңқырлар болып келеді, бұларда бейіт үстіндегі құрлыстардың ізі жоқ. Шұңқырларда адамды өртеп жерлеген, ішінен екі-үш қыш ыдыстар, қойдың сүйектері кездеседі.
Тастубұтақ-1 қорымының бейіттері дөңгелек тас қоршаулар болып келеді. Молалардың салынуы әр түрлі – қазылған таяз шұңқырлар, не тас жәшіктер.
Қорымнан жалғыз және қосарлап қойылған мурделер табылды. Қабірлердегі ыдыстардың саны бірден беске дейін, бірақ көбінесе екеу болып келеді. Дәстүр бойынша ыдыс жерленген адамның бас жағына қойылатын болған. Сондай ақ қола білезіктер, моншақтар, қабыршақтан жасалған сәндік заттар табылды.
Тобыл бойындағы Қостанай қаласына жақын женрдегі қорымнан бүктетілтіп жерлеген ер адам мен балалардың лақаттары шықты. Қабірлердің бірінен дәулетті әйел адамның киімінің қалдығы табылды. Бүкіл киіміне қола немесе ұнтақтан қатырып жасаған моншақтар, жарты шар тәрізді қола қаптамалар тігіліпті. Аяқкиімі жарты шар мен ромб тәрізді қаптармалармен сәнделіпті. Мойнында шетінде тесіктер бар, дөңгелете иілген қола өңіржиек, одан жоғарырақта үлкен күміс сырғалар бар. Шетінде тесіктері бар сегіз дөңгелек сопақша қаптырма иғының және бас сүйегінің тұсында шашынып жатыр. Білегінде шеті бұранды түрінде қайрылған екі қола жүзік, бұрымдарына ілінген төрт қола жомырақша шолпы табылды.
Ортаңғы қола дәуірінде Батыс және Солтүстік Қазақстанда өлген кісіні жерлеудің екі әдісі - өлікті жерлеу мен өртеу әдістері болды. өлгендер басы батысқа қаратылып жерленді. өліктер киімімен көмілді, бұл әсіресе әйелдердің қабірлерінен анық көрінеді.
өлікті өртеу ғұрпы бойынша жерлегенде мәйітті өртеу үрдісі қабірден сыртқарырақ, арнайы бөлінген жерде өткізілген. Киімді сәндейтін заттар мен бұйымдар, киімнің өзі де, күйген сүйектермен бірге молаға қойылатын болса керек. Олармен қатар сүттен немесе еттен жасалған тағамдар бар бір-екі ыдыс қойылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет