Дәріс Автомобильді динамикалыққа сынау



бет1/2
Дата14.12.2021
өлшемі0,64 Mb.
#126185
  1   2
Байланысты:
8КТБСА
8КТБСА, 8КТБСА, Тақырыбы Оталдыру жүйесі, Тақырыбы Оталдыру жүйесі, Тақырыбы Оталдыру жүйесі, Тақырыбы Оталдыру жүйесі, 17P6LL BAIDUALIYEV YERKIN

Дәріс 9. Автомобильді динамикалыққа сынау

Автокөліктің динамикалыққа сынау түрі, әдісі және сынау жағдайлары

Автокөлікті жолда динамикалыққа сынайтын аппаратура

Сынақ кезінде автокөліктің жылдамдыққа сынауда, төменгі тұрақты және жоғарғы қозғалыс жылдамдығы, жоғарғы шапшаңдығы, жүрген уақыты мен жолы екпін алу және күш алу уақыты, сынамен бірге дөңгелекке түсетін тарту күшін анықтайды.

Автокөлік динамикалыққа сынау, жолдағы және стенттегі болып 2-ге бөлінеді.

Жол бойындағы сынақтар қолданыс шарттарын кеңінен көрсетеді, бірақ олардың дәлдігі аз. Стендтердағы сынақтарда тұрақты жағдайлар жасалады, өлшеулердің нәтижелерін автоматты түрде өңдейтін заманауи аппаратура қолданылады.

Стендтіқ сынақтарды жылдың кез-келген мезгілінде өткізугеболады. Дегенмен, кей кезде стендтерда қолданыстық шынайы шарттарын көрсету қиындық келтіреді. Сондықтан жол бойындағы сынақтар стендтық сынақтармен толықтырылады .

Сынақ өткізу алдында автокөліктік массалық көрсеткіштері анықталады және доңғалақтың айналуына жолдың кедергі және ілініс коэффициентттері анықталады. Сынақтарды бастаудың алдында автокөліктің барлық агрегаттарын қыздырып алу керек ( 0,5-1 сағат уақытында жүргізу ), ал сынақ барысында суыту ортасының температурасы және массасы берілген шектеулерге сай болуы керек. Жел жылдамдығы 3м/c-нан аспағанда, ауа температурасы +5 пен +25 0C аралығында болғаны жөн. Сынақтар көлігінің толық жүктелген күй інде тегіс горизанталь асфальтты бетондық жабындысы бар жолда өткізіледі.

Автокөлік сынағында мынадай жылдамдық сипаттамалары анықталады: ең жоғарғы және одан төменірек берілісте және профильді ауыспалы жазық жоқ бетімен қозғалыс кезіндегі екпін және күш алу,сондай-ақ жылдамдықтықең жоғарғы және шартты алу, жылдамдықта оны учаскесінің ұзындығы 400 және 1000 м-де сонымен қатар берілген жылдамдықта екпін алу уақыты.

Жылдамдық сипаттамасы ұзындығы 13-15 км жолда анықталады. Ауыспалы ұзын жазық бет жолында көтерілу және төмен түсу ұзындығы 500-700м-де еңісі 4-5% болуы керек.Екпін алу және жылдам жүру сипаттамаларын анықтағанда, автокөліктің 2000м жолда ең жоғарғы жылдамдығына дейін жүргізіледі.Ең жоғарғы жылдамдықтолық жанармай берумен және еңжоғарғы берілісте анықталады. Шартты жоғарғы жылдамдық 2000м жолдың соңғы 400м жол бөлгенде көліктің орнынан қозғалғандағы орташа жылдамдығы болып табылады. Екпін алу және күш алу сипаттамасы бойынша 400-1000м жолдағы екпін алу уақытын анықтайды,сонымен қатар берілген жылдамдықтағы екпін алу анықтайды.

Ең аз тұрақты жылдамдықтың арасы 200-300м болатын, әрбірі 100м болатын екі жолда анықтайды. Тұрақты жылдамдық автокөлік бірінші жолға кіруіне дейін қарастырылу қажет. Аралық жолда жылдамдық жанармай беруді тез ұлғайту арқылы 20-25 км/сағ дейінге өседі. Жылдың екінші бөлігіне кірер алдында жылдамдық қайтадан төмендетіледі.

Автомовильдің тікелей берілістегі қозғалысында сондай-ақ, осы берілістегі80% құрайтын ең жоғарғы жылдамдыққа дейін бастапқы жылдамдығы 15 км/сағ кезінде тез екпін алу арқылы бейімделікке сыналады.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет