белгiлердiң осындай арақатынаста ажырауы
Мендельдiң екiншi заңы немесе ажырау заңы
деп аталады.
Жүргiзген зерттеулерiне талдау жасаудың негiзiнде Мендель қорытынды жасады:
рецессивтi бастамалар (задатки) гетерозиготалы организмде жоғалмайды, өзгерiске
ұшырамайды және көбею кезiнде дәл сондай рецессивтi бастамалармен кездескен кезде,
яғни келесi ұрпақтарда қайтадан көрiнедi. Мендельдiң осы гипотезасын У.Бэтсон
кейiнiрек (1902 ж)
"гаметалардың тазалық ережесi
" ретiнде генетика ғылымына еңгiздi.
Бұл ереже бойынша ажырау құбылысының негiзiнде доминантты және рецессивтi
бастамалардың гетерозиготалық организмде бiрiмен бiрi араласып кетпей, гаметалар
түзген кезде "
таза
" күйiнде ажырайтындығы жатыр. Мысалы, гетерозиготалы организм
Аа-
дан түзiлген
А
және
а
гаметалары бiрiмен-бiрi араласпайтын "
таза
" гаметалар. Тұқым
қуалаушы бастамалардың будандастыру кезiнде бiр-бiрiмен араласпай ұрпақтарына
тұрақты берiлуi тұқым қуалаудың дискреттiлiгiн (оқшаулығын) көрсетедi.
Егер доминантты және альтернативтi рецессивтi белгiлердi (мысалы, тегiс және бұдыр
тұқымдар)
А
және
а
- әрiптерi арқылы белгiлесек онда Мендель жасаған тәжiрибенi схема
түрiнде былай көрсетуге болады.
Моногибридтi будандастыру кезiндегi бастамалардың тұқым қуалауы
Мысалы, гомозиготалы
АА
немесе гетерозиготалы
Аа
өсiмдiктер тұқымдарының бетi
тегiс болғанымен олардың тұқым қуалау бастамалары бiрдей емес. Организмдердiң
сыртқы көрiнетiн белгiлерiнiң жиынтығын
фенотип
, ал тұқым қуалау бастамаларының
жиынтығын
генотип
деп атайды. Пеннет торынан ажыраудың генотип бойынша 1
АА
: 2
Аа
: 3
aa
, ал фенотип бойынша 3
А-
: 1
аа
қатынасында болатындығын оңай көруiмiзге
болады.
Достарыңызбен бөлісу: