Дәріс Генетика пәні. Қысқаша даму тарихы. Генетиканың зерттеу әдістері. Дәрістің мақсаты



Pdf көрінісі
бет9/71
Дата08.11.2022
өлшемі1,35 Mb.
#157243
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   71
Байланысты:
Краткий конс.лек. genetics

ДНҚ-ның синтезi жүредi. 
Редукциялық бөлiну I-шi профазадан басталады және ол митоздың профазасынан 
принциптi түрде өзгеше болады. I-профаза күрделi стадия. Ол бес кезеңге бөлiнедi: лептотена, 
зиготена, пахитена, диплотена және диакинез (2.8-сурет). 
Лептотена (нәзiк жiпшелер стадиясы) - 
митоздың алғашқы профазасын еске түсiредi. 
Хромосомалар әлсiз, өте нәзiк әрi ұзын (метафазадағыдан 2-5 рет ұзынырақ) жiпшелер түрiнде 
көрiнедi. Электронды микроскоппен бұл кезде хромосомалардың центромера арқылы қосылған екi 
хроматидтен тұратындығы көрiнедi. Ал бұл жағдай, мейоздың алдындағы интерфазада 
хромосомалардың екi еселенуi болып кеткенiн байқатады. 
Зиготена (қосарлы жiптер) - көлемi бiрдей хромосомалар коньюгацияланып 
қосылады. 
Ең басында жекелеген гомологты хромосомалар коньюгациялары жүредi. Бұл 
гомологты хромосомалардың қосы-луын синапсис деп атайды. Зиготенаның соңына қарай 
олардың қосылуы бүкiл ұзындығы бойынша аяқталады. 
Коньюгацияланушы гомо-логты хромосомаладың әр жұбы бивалент түзедi. Бұл стадияға 
синаптонемалық комплекстiң
көрiнуi тән. Электрондық микрос-коппен қарағанда синапто-
немалық комплекс коньюгацияланушы хромо-сомалар арасында орналасқан жiпше түрiнде 
болады (2.9-сурет). 


 
Пахитена (жуан жiпшелер стадиясы)
- ширатылу және конденсациялану есебiнен 
хромосомалардың жуандауымен қысқаруы арқылы сипатталады. Биваленттердiң саны 
хромосомалардың гаплоидты санына (n) тең. Бұл стадияда хромосомалардың хромомерлiк 
бейнесi жақсы көрiнедi. Пахитенада синаптонемалық комплекстiң түзiлуi аяқталады.
Мейоздың стадиялары 
Диплотенада
биваленттер және олардың әрқайсысын құрайтын төрт 
хроматидтер
анық 
көрiнедi. Бұл стадияда гомологтардың серпiлiп жiберiлуi басталады және 
хиазмалар
деп аталатын, 
гректiң 
«хи»
(χ)
әрiпiне ұқсас әртүрлi фигуралар пайда болады. Диплотена стадиясында көптеген 
ядрошықтар пайда болады. Диплотена стадиясында зигонемада жүрген процестерге қарама-қарсы 
процестер жүредi, яғни тартылудың орнына гомологтық хромосомалар сыртқа тебiледi.
Диакинезде 
ширатылу күшейе түседi де, хиазмалардың саны азайып, биваленттер ядроның 
шет жағына орналасады. Ядроның қабығы мен ядрошықтар жойылады және ұршықтың толық 
түзiлуiмен I-профаза аяқталады. 
I-шi метафазада биваленттер метафазалық пластинканы құра отырып, клетканың экватор 
жазықтығына орналаса бастайды. Хромосомалар толық жуандайды және қысқарады. Организмнiң 
сомалық клеткасындағы хромосомалар санынан биваленттер саны екi есе кем, яғни гаплоидты 
санға тең болады. 
I-шi анафазада бiр центромераға бекiген екi хроматидтерден тұратын хромосомалар 
қарама-қарсы полюстерге таралады. Митоздың анафазасынан мейоздың I-шi анафазасының басты 
айырмашылығы осы болып табылады. Әр биваленттiң аталық және аналық центромералары 
қарама-қарсы полюстерге тарайды және олар бiр-бiрiне тәуелсiз қозғалады. Одан әрi қарай 
центромералардың редукциясы жүредi. I-шi телофаза ядролық мембрананың түзiлуiмен және ядро 
құрылымының қалпына келуiмен сипатталады. 
Содан кейiн қысқа стадия интерфаза немесе интеркинез басталады. Кәдiмгi интерфазадан 
интеркинездiң айырмашылығы сол, интеркинезде хромосомалар екi еселенбейдi және ДНҚ синтезi 
жүрмейдi. 
Интеркинездiң iзiнше мейоздың екiншi бөлiнуi - эквациялық бөлiну басталады. Ол бөлiну 
митоз типiмен жүредi. 
II-шi профазада хромосомалардың ширатылуы есебiмен олар жақсы көрiне бастайды. 
Ядролық қабықша, ядрошық жойылады, ұршық тәрiздi жiпшелер түзiледi. 
II-шi метафазада барлық хромосомалардың центромералары экватор жазықтығына 
орналасады. Полюстен қараған кезде, клеткалардың хромосомалар саны гаплоидты, ал бiрақ әр 
хромосома екi хроматидтерден тұратындығы анық көрiнедi. 
II-шi анафазада екi еселенген центромералар бiр-бiрiнен ажырайды нәтижесiнде жаңа 
түзiлген хроматидтер әр полюстерге тарайды. 
интерфаза лептотена 
зиготена 
пахитена 
диплотена 
диакинез 
метафаза 

анафаза 

телофаза I 
метафаза II анафаза II 
профаза 



II-шi телофазада гаплоидты төрт ядролар түзiледi. Содан соң цитокинез жүредi де,
нәтижесiнде төрт клетка пайда болады.
Мейоздың биологиялық маңызы 
Мейоздың нәтижесiнде жетiлген жыныс клеткаларында хромосомалар саны гаплоидты 
болады, ал ұрықтанған кезде нақты сол түрге тән хромосомалардың диплоидты саны қайтадан 
қалпына келедi. Мейозда гомологты хромосомалар әрбiр жыныс клеткаларына ажырайды және 
ұрықтану кезiнде гомологты хромосомалардың жұбы қалпына келедi. Демек әр түр үшiн 
хромосомалардың толық диплоидты жиынтығының және ДНҚ санының тұрақтылығы қамтамасыз 
етiледi. 
Мейозда кезiнде хромосомалардың әр жүбының тәуелсiз таралуы, бөлiмдер алмасуы және 
сол хромосомалардың айқасуы нәтижесiнде түзiлетiн клеткалардың 
хромосомалар жиынтығы 
ұқсас
болмайды. Мейоз комбинативтiк өзгергiштiктi камтамасыз етедi. 
Сонымен, жануарлар мен өсiмдiктердiң жынысты көбеюiнде ұрпақтар арасындағы 
сабақтастылық тек жыныс клеткалары арқылы ғана қамтамасыз етiледi. Жануарлар мен 
өсiмдiктердiң аталық және аналық жыныс клеткаларының бiр-бiрiнен недәуiр өзгешелiктерi 
болады. Жануарлар мен өсiмдiктердiң жыныс клеткаларының даму жолдары, сол сияқты ұрықтану 
процестерi де әртүрлi, бiрақ екеулерiне де жыныс клеткаларының дамуы негiзiнде эмбриондық 
клеткалардың жалпы дифференцияциялану процесi мен мейоздағы хромосомалар санының азаю 
механизмi жатыр. Жыныс клеткаларының даму сатылары және фазаларымен қоса алғанда мейоз 
жынысты көбею процесiнiң тек бiр ғана кезеңi болып табылады. Мейоздан кейiн жетiлген жыныс 
клеткалары - гаметалардың түзiлуi кезеңi басталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   71




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет