кез келген аллельдермен
С
генi арқылы гетерозиготалы үй қояндарының жүнi жабайы қояндардiкi
сияқты сұр (агути) түстi болып келедi.
c
ch
аллелi бойынша гомозиготалы дарабастардың түсi
шиншилланың түсiне келедi және жабайы түрiне қарағанда бiршама ашықтау болады. Ал
c
ch
және
c
h
немесе
с
аллельдерiне гетерозиготалыларда түсi ашық сұр (шиншилла мен ақтың аралығында)
болып келедi. Олай болса
c
ch
аллелi
c
h
және
с
аллелдерiне толымсыз доминанттылық көрсетедi.
Гомозиготалы
c
h
c
h
пен гетерозиготалы
c
ch
с
болып келетiн қояндардың фенотиптерi гималай
тәрiздi, яғни башпайлары мен құйрығының ұшы, құлақтары және тұмсығы қара да, денесiнiң
қалған жерлерi ақ болады. Ал
С
аллелi бойынша гомозиготалыларда пигмент мүлдем болмайды,
олар таза ақ түстi келедi.
Адамда болатын көпаллельдiлiктiң мысалы ретiнде қан топтарын анықтайтын
АВО
аллельдерiн
алуға болады. Адамда қанның төрт тобы болады:
О,А,В
және
АВ
. Олар бiр геннiң үш түрлi
аллельдерi арқылы анықталады:
I
A
, I
B
және
i
.
I
A
және
I
B
аллельдерi
i
аллелiне қарағанда
доминантты, бiрақ олар бiр-бiрiне
кодоминантты
болып келедi, яғни
I
A
және
I
B
аллельдерiнiң екеуi де гетерозиготаларда бiрдей мөлшерде байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: