Дәріс жоспары: Кәсіпкерлік қызметті қалыптастыру және қаржыландыру көздері



бет5/10
Дата25.03.2022
өлшемі45,77 Kb.
#136792
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Тақырып 7 Кәсіпорын және кәсіпкерлік экономикасы 2021-2022

Несие алу шарттары.
Несиені пайдаланған үшін жылдық мөлшерде есептелінген несие соммасынан пайыз ретінде алынатын төлем алынады. Пайыздың мөлшері банк тарифтерімен байланысты, клиенттің статусы, несиелендіру мерзімі, кепіл затынан тәуелді бекітіледі.
Лизинг – ұғымы шетел мен отандық әдебиеттерде және кәсіпкерлік қызметте кең қолданыста.
Көптеген ғылымдардың ой-пікірлері бойынша қазіргі лизингтің мағынасы 1952 жылы АҚШ-тың Сан-Франциско қаласында ең бірінші «Лизинг компаниясының» ашылуымен тұспа-тұс келеді.
Босх деген адам Калифорния штатындағы азық-түлік өндірісімен айналысатын кішігірім фирмасының басшысы болады. Әскери ведомствоның үлкен тапсырмасын орындау үшін оған автокөлік паркін ұлғайту керек болады. Бұл фирманың капиталы шағын болғандықтан бұл мақсатта қолдану үшін қаржы көздері болмаған.
Босх керекті машиналарды жалға алуды жөн көреді, сонымен оларды алу процесін қаржыландырады. Мұндай операцияның өте тиімді екенін байқап және кейбір фирмалар оның жасаған операциясын қайталап келетіндігін естіп, Босх 20 мың доллар капиталы бар «U.S.Leasing» фирмасын құрды. Екі жылдан кейін бұл фирманың құны 3 млн. доллардан асатын машиналар мен құрал-жабдықтарды арендаға беріп отырды. Осыдан кейін Босх акциялар шығарып, қорында 400 мың доллар бар екінші «Bothe Leasing Corporation» фирмасын ашты.
Ал кейбір мамандар «лизинг» сөзінің өзі пайдалануға ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде енгізілген деп есептейді. Мұндай тұжырымға келуге 1877 жылы «Бели» телефон компаниясы тұтынушыларға телефон аппараттарын сатпай, оларды уақытша пайдалануға беру туралы қабылдаған шешімі себеп болған.
Лизинг – бұл машиналар мен құрал жабдықтардың ұзақ мерзімге жалға беру – жалға беруші мен жалгер арасында келісім шарт негізінде уақытша пайдалану. Лизинг капитал салымдарды, банктік несиеге альтернативтік және өзіндік қаржылық ресурстарын пайдалану спецификалық формамен қаржыландыру болып табылады. Ол кәсіпорынға қажет құрал жабдықтарды шығынсыз алуға мүмкіндік береді. Сонымен лизинг көп жылдық жылжымалы және жылжымайтын мүлікті жалға беру мен сипатталады. Ол қызметті қаржыландырудың жанама түрі және кәсіпорындарға берілген негізгі қаражаттарды алуға немесе қаржылық мүмкіндігі болмағандықтан қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет