Дәріс 7. Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру
Дәріс жоспары:
-
Кәсіпкерлік қызметті қалыптастыру және қаржыландыру көздері
-
Кәсіпкерліктегі лизингтік және факторингтік операциялар
-
Кәсіпкерлік қызметті қалыптастыру және қаржыландыру көздері.
Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру көздері: ішкі және сыртқы деп бөлінеді. Кәсіпорынның қаражат көздеріне жататындар:
Қысқа мерзімді қаражат көздері: заемдық және меншіктік капитал, ұзақ мерзімді авансталған капитал.
Тартылған қаражат көздері: банк несие, заемдық қаражат, облигация және басқа да бағалы қағазды сатудан түскен қаражат.
Меншікті капиталдың құрамы:
-
меншік иесі ұсынған капитал (жарғылық капитал, акционерлік қоғамның акцияларынан түсетін дивиденттер);
-
заңды және жеке тұлғалардың жарналары (мақсаттылық қаржыландыру, жарналар, қайырымдылық қор);
-
кәсіпорында жинақталған қор (резервтер, қосымша қор, жинақталған пайда).
Мониторингтік зерттеулер келесіні көрсеткен: меншік иелерінің меншікті қаражатынан құрылған кәсіпорындардың үлесі жыл сайын өседі. Меншікті қаражат 53%, құрылтайшылардың жарналары 19 %, туыстардың көмегі 13%, банк несиесі 7 % және қалған 8% басқада қаржыландыру көздері есебінен құрылған.
Достарыңызбен бөлісу: |