сәйкес келетіндей ғана кәсіпкерлік қызметпен айналыса
алады; 2) жекелеген ұйымдық құқықтық нысанындағы
коммерциялық емес ұйымдардың кәсіпкерлік қызметіне
Қазақстан Республикасының
заң актілерінде шектеулер
қойылуы мүмкін; 3) коммерциялық емес ұйым кәсіпкерлік
қызметі бойынша кірістер мен шығыстардың есебін жүргізеді;
4) коммерциялық емес ұйымдардың кәсіпкерлік қызметіне
салық салу Қазақстан Республикасының салық заңдарына
сәйкес жүзеге асырылады; 5)
коммерциялық емес
ұйымдардың кәсіпкерлік қызметінен алынатын кірістерді
коммерциялық емес ұйымдардың мүшелері (катысушылары)
арасыңда бөлісуге болмайды. Ол жарғылық мақсаттарға
жұмсалады. Қоғамдық және діни бірлестіктердің, қорлардың
өз қаражаттарын қайырымдылық мақсаттарға пайдалануына
жол беріледі.
Құрылтайшылардың (қатысушылардың) өздері құрған
заңды тұлғалардың мүлкіне құқықтары:
а) құрылтайшыға (қатысушыға) заттық құқығы жататын;
ә) құрылтайшыға (қатысушыға) міңдеттемелік
құқығы
жататын;
б) құрылтайшыға (қатысушыға) мүліктік құқығы
жатпайтын заңды тұлғаларға бөлінеді.
Заңды тұлғаның мүлкіне өз құрылтайшылары меншік
құқығын немесе өзге заттық құқығын сақтап калатын заңды
тұлғаларға шаруашылық жүргізу кұқығында немесе
оралымды басқару құқығында мүлкі бар ұйымдар жататын
болғандықтан мұның өзі құрылтайшының заттық құқықты
иеленетінін білдіреді. Мүлкіне
өз қатысушылары
(құрылтайшылары) міндеттемелік құқықтарын сақтап
қалатын заңды тұлғаларға шаруашылық серіктестіктер,
акционерлік қоғамдар мен өндірістік кооперативтер жатады.
Шаруашылық серіктестіктерінің мүлікке меншік құқығы
болғандыктан қатысушылар бұл мүлікке міндеттемелік
құқыққа (жарғылық капиталындағы үлесіне қарамастан) ие
болады.
Мүлкіне өз құрылтайшылары (қатысушылары) мүліктік
құқықтарын сақтамайтын
заңды тұлғаларға қоғамдық
бірлестіктер, қоғамдық қорлар және діни бірлестіктер
жатады (АКтің 36бабының 4тармағы). Жоғарыда
айтқанымыздай, Азаматтық кодекс коммерциялық емес ұйым
болып табылатын мекеме, қоғамдық бірлестік, тұтынушылар
кооперативі, қоғамдық қор, діни бірлестікті де құруға жол
ашады. Бірақ бұл тізіммен шектеліп қалуға болмайды, себебі
"коммерциялық емес ұйым" заң қүжаттарында көзделген өзге
де нысандарда қүрылуы мүмкін (АКтің 34бабының 3тармағы).
Достарыңызбен бөлісу: