Персоналды басқарудың мәні мен түсінігі



бет1/38
Дата27.06.2020
өлшемі336,09 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38






  1. Персоналды басқарудың мәні мен түсінігі

Адамдарды басқару ірі  және шағын, коммерциялық және коммерциялық емес, өнеркәсіптік және қызмет көрсету  сферасында әрекет ететін барлық ұйымдар  үшін зор маңызы бар. Адамдарсыз ұйым жоқ. Қажет адамдарсыз ешбір ұйым өзінің мақсаттарына жете алмайды және өмір сүре алмас еді.

Персонал (латынның personalis – жеке) – ұйымның жал бойынша жұмыс жасайтын және белгілі бір белгілерді иеленетін жеке құрамы. Персоналдың ерекше белгісі болып оның жұмыс берушімен еңбек қарым-қатынастарында болуы табылады. Персоналдың тағы бір маңызды белгісі – белгілі бір сапалық сипаттамаларды иеленуі. Жұмысшының иеленетін қандай да бір сапалық сипаттамалары арқылы ұйым персоналының категориялар бойынша құрылымын анықтайды: басшылар, мамандар, өзге қызметкерлер, жұмысшылар.

Персонал – бұл  адамдардың жеке сапаларының күрделі  жиынтығы, оның ішінде әлеуметтік-психологиялық  қасиеттері басты роль атқарады, персонал – кәсіпорынның экономикалық және инновациялық кеңістігінің маңызды бөлігі. Алдыңғы қатарлы кәсіпорындар жұмыс кезінде адам ресурстарының басқа ресурстар түріне қарағанда артықшылығын дәлеледейтін философиясымен басшылық ету кезінде шаруашылық субъектілерінің табысты іс-әрекетінің негізгі әлеуеті – кәсіпорын персоналында, олардың біліктілігі мен кәсіпорын мүдделеріне берілгенінде екенін жақсы түсінеді. Персонал – бұл ұйымның болашағын анықтайтын стратегиялық фактор, себебі, тек адамдар ғана жұмысты орындайды, идеяларды ұсынады және кәсіпорынның әрі қарай дамуына мүмкіншілік береді.

Персоналды басқарудың қазіргі замандағы тұжырымдамасы  әлеуметтік-экономикалық жүйе ретінде  кәсіпорынның іс-әрекеті негізінде  нақты адамдарды қояды және қызметкерді  кәсіпорынның ұйымдық-экономикалық механизмінің шешуші элементі ретінде қарастырады.

Персоналды басқару  – іс-әрекеттерінің функционалды ортасы, оның мәселесі – кәсіпорынды  керек уақытта, қажетті мөлшерде және талап етілетін сапада персоналдармен қамтамасыз ету, оларды дұрыс орналастыру және ынталандыру. Персоналды басқару мақсаты жалпы ұйымның игілігі мен жұмыскерлердің жеке мүдделерін ескере отырып, әрекет ететін еңбекке қабілетті ұжымды қалыптастыру болып табылады.

Ұйым персоналын басқару  – бұл ұйымның басқару құрамының, басқару жүйесі бөлімшелерінің басшылары  мен мамандарының кадр саясаты концепциясы  мен стратегияларын, персоналды басқарудың принциптері мен әдістерін жасаудан тұратын мақсатты бағытталған қызметі.

Кәсіпорын персоналы  бір мезетте басқарудың обьектісі  де, субьектісі де бола алады. Кәсіпорын  қызметкерлерінің объект болуының себебі: олар өндірістік процестің бір бөлігі болып табылады. Сондықтан, өндірісте  адам ресурстарын жоспарлау, қалыптастыру, қайта бөлу және тиімді пайдалану персоналды басқарудың негізгі мәні болып табылады және осы тұрғыдан қарағанда өндірістің материалдық – заттай элементтерін басқаруға ұқсас келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©www.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет