Дәріс. Кіріспе Геоақпарат жүйелер ұғымы туралы Географиялық ақпараттық жүйе немесе геоақпараттық жүйе (гаж)


дәріс. ДЕРЕКТЕР ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН МОДЕЛЬДЕРІ



бет4/32
Дата21.10.2022
өлшемі0,77 Mb.
#154279
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
Байланысты:
1 ä?ð³ñ. ʳð³ñïå 1 Ãåîà?ïàðàò æ?éåëåð ??ûìû òóðàëû Ãåîãðàôèÿëû?

3 дәріс. ДЕРЕКТЕР ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН МОДЕЛЬДЕРІ


3.1. ГАЖ-да нақты әлем объектілерін бейнелеу
Геоинформатикада қарастырылатын нақты әлемнің объектілері кеңістіктік, уақытша және тақырыптық сипаттамалармен ерекшеленеді.
Кеңістіктік сипаттамалар координаттардың алдын ала анықталған жүйесіндегі объектінің жағдайын анықтайды, осындай деректерге қойылатын негізгі талап – дәлдік.
Уақытша сипаттамалар объектінің зерттеу уақытын белгілейді және ағымына қарай объектінің қасиеттерінің өзгеруін бағалау үшін маңызды. Мұндай мәліметтерге қойылатын негізгі талап – көкейтестілік, бұл дегеніміз өңдеу үшін оларды қолдану мүмкіншілігін білдіреді, көкейтесті емес мәліметтер – бұл ескірген мәліметтер.
Тақырыптық сипаттамалар объектінің әртүрлі қасиеттерін, соның ішінде экономикалық, статистикалық, техникалық және басқа да қасиеттерді сипаттайды, негізгі талап – толыққандылық.
ГАЖ-да кеңістіктік объектілерді ұсыну үшін деректердің кеңістіктік және атрибуттық типтері қолданылады.
Кеңістіктік деректер – бір-біріне қатысты кеңістіктегі объектілердің орналасқан жерін және олардың геометриясын сипаттайтын мәліметтер.
Кеңістіктік объектілер келесі графикалық нысандардың көмегімен ұсынылады: нүктелер, сызықтар, аймақтар және беттер.
Объектілердің сипаттамасы объектілердің координаттарын және олардың құрамдас бөліктерін көрсету жолымен жүзеге асырылады.
Нүктелі объектілер-бұл X, Y координаттарының жұбымен ұсынылған кеңістіктің тек бір ғана нүктесінде орналасқан объектілер. Картографиялау масштабына байланысты мұндай объектілер ретінде ағаш, үй немесе қала қарастырылуы мүмкін.
Сызықтық объектілер бір өлшемді бір текті ұсынылады – объектінің ұзындығы, ені аталмыш масштабта көрінбейді немесе маңызды емес. Мұндай объектілердің мысалдары: өзендер, муниципальды аймақтардың шекаралары, жер бедерінің горизонтальдары.
Аумақ (полигондар) – алаңдың объектілер, координаттар жұбының (Х, У) жинағымен немесе тұйық контур түріндегі сызық типті объектілер жинағымен ұсынылады. Мұндай объектілерге белгілі бір ландшафт, қала немесе тұтас континент алып жатқан аумақ жатуы мүмкін.
Бет – оны сипаттаған кезде алаңдық объектілерге биіктік мәнін қосу қажет болады. Бетті қалпына келтіру X, Y, Z координаттарының бастапқы жинағы бойынша математикалық алгоритмдерді (интерполяция және аппроксимация) қолдану арқылы іске асырылады.
Объектілер туралы қосымша кеңістіктік емес мәліметтер атрибуттар жинағын құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет