Дәріс Кіріспе. Тарихи –өлкетану пәні, міндеттері, мақсаты мен негізгі ұстанымдары. Дәріс мақсаты


Қырғыз өлкесін зерттеу қоғамының ғылыми-зерттеу қызметі



бет14/17
Дата08.11.2023
өлшемі107,1 Kb.
#190187
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
лекция
Ежелгі Египет, соөж3 балалар әдебиеті, 9-ожсб, кері, Реферат Катар ONJ, ҚАМИЕВА Г.Б.-ОҒТ-ОҚУ ҚҰРАЛЫ-2019, Ш. Есенов атындағы Каспий сұраныс хат, срО Д, 8кл
Қырғыз өлкесін зерттеу қоғамының ғылыми-зерттеу қызметі. Міне, осы ғылыми мекеме жұмысы жүйелі жиналыс негізінде тек өлкетануға байланысты мәліметтерді зерттеу ғана емес, қазақтардың материалдық және рухани мәдениеті ,алғашқы әлеуметтік-әкономикалық зерттеме, өлкедегі тұрғылықты халықтың мәдени және әтникалық тарихы ауқымды хронологиялық диапазонымен органикалық байланысқан. Зерттеу қатарында, әсіресе, Т.Тоғжанов мен В.Г. Соколовскийдің еңбектерінде практикалық жағынан маңызды қазақ ауылдарының тоериялық және ұлттық әлеуметтік-әкономикалық құрылымының нақты тарихи аспектілері зерделенді. 1920-1930 жылдар аралығындағы ұйымдастырылған ауыл тексеру экспедициясы салдарында жинақталған жүйелі түрдегі материалдар негізінде өлкетануды жартылай негізі, материалдық мәдениеті және басқа да мәселелер бойынша зерттеді. Республиканың түрлі аймақтарына жүргізілген экспедиция барысында жинақталған тарихи-өлкетанулық және этнографиялық материалдар пәндік-тақырыптық алуандығымен ғана емес, мәліметтік маңыздылығымен және байлығымен өзгешеленеді.
Көп ұлтты Ресейді зерттейтін комиссия (КИПС, 1922 жылдан басталып-ҚСРО). Орталық Азия мемлекеттері мен Қазақстанда ұлттық-мемлекеттік бөлінуді даярлау – КИПС және оның бөлімшесінің қызметі болып табылады. Көшпелі қазақ жұртының көшіп қону шегі мен отырықшы қазақ жұртының тұрақты орны нақтыланды. 1928 жылы «Этнографическая карта народов СССР» шығарылып, мал шаруашылық аймақтарында далалық зерттеулер ұйымдастырылды. Профессор В.Н. Кунның басшылығымен ұйымдастырылған ғылыми коммисия Түркістанның тұрғылықты халқының тұрмысын зерттеді.
1930 жылы Алматыда зерттеушілермен өлкетанулық мекемелер мен ұйымдар, музейлер және басқа да мәдени орталықтар өкілдерінің қатысуымен І Бүкілқазақстандық өлкетанулық съезд шақырылды. 1930 ж бүкіл ел бойынша техникумдармен жоғары оқу орындарының оқу жоспарына өлкетану енгізілді. 1931 жылы Наркампрос, Госплан және Қазақстанды зерттеу қоғамы басқармасының өкілдерімен Републикалық ұйымдасқан өлкетанулық бюро құрылды. Аймақ орталықтарында (Алматы, Шымкент, Семей, Орал, Ақтөбе) өлкетанулық басқарма және 42 жаңа өлкетанулық ұяшықтар ұйымдастырылды. ІІ Бүкілқазақстандық өлкетанулық конференция (1932 ж.). Республикада өлкетану құрылымын қайта ұйымдастыру КазКСР Наркомпростың тікелей бақылауымен Қазақстанда Орталық өлкетанулық бюросы сайланды.
ХХ ғасырдың 30-жылдары алғашқы археологиялық, 1933 жылы құрылған ГАИМК-нің (Государственная Академия истории материальной культуры) Нұра экспедициясы жүргізді. Оның құрамында белгілі археологтар П.С. Рычков, М.И. Артомонов, И.В. Синицын болды. Экспедицияның басты міндеті Шерубай-Нұра өзені бойындағы, Қарағанды қаласынан оңтүстікке 60 км жердегі Дәндібай мәдениетін ашу болды. Бұл ескерткішті қазу кезінде қола кезеңдеріне тән емес, құрылыс типтері мен керамикалық материалдар шықты.
Қазақстанның археологиялық зерттеуіне геология және жаратылыстану ғалымдарының өкілдері, оның ішінде П.Л. Драверт, Қ.И. Сәтбаев, В.А. Селевин, А.В. Мухля, А.Н. Формозов, Г.Н. Щерба, т.б. басқалары баға жетпес үлес қосты.
Академик Қ.И. Сәтбаев, археология және ежелгі кен орындарының кей сұрақтарына жауап іздеді. Бірақ ХХ ғасырдың 40-жылдарының басына дейін бұл аймақта кең және жүйелі түре зерттеу бола қойған жоқ.
Қазақстанның тарихын нақты және кеңінен зерттеудің жаңа кезеңі Ұлы Отан соғысынан кейін басталды және Қазақ КСР Ғылым Академиясының құрылуымен байланысты болды. Ғылым Академиясының жанынан Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы құрылды, оған ғылыми жетекшілікті 30 жылдан астам академик Ә.Х. Марғұлан жүргізді. Ғылыми зерттеу бағыттарын анық белгілеу, қысқа уақыт ішінде бірнеше кезеңдегі ескерткіштерді ашуға мүмкіндік берді.
Орталық Қазақстан экспедициясы үш бөліктен тұрды. Біріншісін Ә.М. Оразбаев, екіншісін, Ә.Х. Марғұлан, үшіншісін М.Қ. Қадырбаев басқарды. Алғашқы зерттеу-барлау жұмыстарынан кейін экспедиция өз назарын Жаңаарқа, Шет, Ақтоғай, Қарқаралы аудандарына аударды. Экспедиция жүргізген қазба жұмыстары мен барлау жұмыстары мен барлау жұмыстары тек қамтылған территориялық ауқымымен ғана емес, сонымен қатар, зерттелген ескерткіштердің хронологиялық диапозонымен де ерекшеленді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет