Дәріс литосферның химиялық экологиясы литосфераның құрылысы және химиялық құрамы


Сығылысуы – құрғау кезінде топырақ көлемінің азаюы. Байланыстылығы –



бет10/22
Дата07.02.2022
өлшемі263 Kb.
#82609
түріҚұрамы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22
Байланысты:
лекция 5
лекция 5, My dream job
Сығылысуы – құрғау кезінде топырақ көлемінің азаюы.
Байланыстылығы – топырақ бөлшектерініңбір-бірінен айыруға бағытталған сыртқы күшке қарсы тұру қабілеті. Ол топырақ бөлшектері арасындағы тұтасу күшімен анықталып, топырақтың гранулометриялық, минералдық және химиялық құрамына, ылғалдылығына, топырақ құрылымына және т.б. байланысты болады.
Топырақтың су өткізгіші деп оның жоғарыдан төмен қарай су өткiзу қасиеттін айтады.Топырақтың су өткізгіштігі де оның кеуектілігіне тікелей байланысты. Құрылымы (структурасы) жақсы топырақтарға су оңай сіңіп, өсімдік тамырларына тез жетеді. Мұндай топырақтарда сумен қатар жеткілікті мөлшерде ауа да сақталады. Сондықтан да бұл топырақтарда судың булануы төмендейді де, топырақ сіңірген ылғал ысырап болмай біраз уақытқа дейін дұрыс сақталады.
Топырақтың суды өз денесіне сіңіріп, ұстап қалу қасиетін оның су сыйымдылығы деп атайды. Әртүрлі топырақтың су сыйымдылығыәртүрлі болады.
Топырақтың су сыйымдылығына оның кеуектілігімен қатар механикалық құрамы, топырақтағы қара шіріктің мөлшері де әсер етеді. Мысалы, қара шірікке бай 100 грамм балшықты топырақ 50 грамдай суды бойына ұстаса, 100 грамм құмдақ топырақ не бары 5-25 грамм суды ғана ұстай алады. Ал органикалық заттарға өте бай шымтезекті топырақтардың 100 грамы өзінен екі-үш есе артық көлемдегі суды сіңіре алады.
Топырақтың құрылымы бұзылып, кажетті кеуектілігі сақталмаған жағдайда топырақ нығыздалып, ондағы капиллярлар бір-бірімен жалғасып, топырақ ішіңдегі сулар осы капиллярлар арқылы тез буланып кетеді. Мұны болдырмас үшін топырақты дер кезінде өңдеп тұру кажет. Ал суармалы жерлерде топырақты суару шаралары қалай болса, солай жүргізілмей, мұнда оның су сыйымдылығы, су өткізгіштігі, т.б. сияқты қасиеттері ескеріледі.
Топырақтың суды көтергіш қасиеті де оның механикалық құрамына тікелей байланысты. Мәселен, құрамы ірі құмдақ топырақтар жерасты грунт суларынан ылғалды не бары 50-60 см-ге ғана көтереді. Ал механикалық құрамы ауырлау саз балшықты топырақтар өздерінің майда қылтүтіктері арқылы жерасты грунт суларының ылғалын 3-3,5 метрге шейін көтере алады.
Топырақ әр түрлі заттарды өзіне сіңіріп, әсіресе өсімдікке керекті заттарды ұстап қалу арқылы өз құнарын арттыра түседі. Сіңірілген заттардың ішінде өсімдіктерге қажетті азот, фосфор, калий, кальций және микроэлементтер кездеседі. Сіңірілген заттардың құрамына байланысты топырақтың физикалық және химиялық қасиеттері де әр түрлі болады. Әдетте құрамында кальций катионы бар топырақтың қасиеттері жақсы, ал құрамында натрий катионы мол топырақтың физикалық қасиеттері өте нашар, сортаңдаған болып келеді. Топырақ құрамында иондары мол болса, онда өсімдіктер уланып, ештеңе өспейді. Олар сортаңдалған, тұзы мол топырақтарға жатады.
Топырақ ортасының реакциясы әр түрлі болып келеді. Бұған негізінен, топыраққа сіңірілген, алмасу реакциясына қатысатын катиондар құрамы әсер етеді. Топыраққа сіңірілген заттардың құрамына қарай, олардың реакциясын қышқыл, бейтарап және сілтіленген деп бөледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет