Дәріс литосферның химиялық экологиясы литосфераның құрылысы және химиялық құрамы


Топырақтың сортаңдануы немесе тұздануы



бет18/22
Дата07.02.2022
өлшемі263 Kb.
#82609
түріҚұрамы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
лекция 5
лекция 5, My dream job
Топырақтың сортаңдануы немесе тұздануы онда суда еритін минералдық тұздарды жинау процесі. Ол көбінесе шөл мен шөлейт, ағымсыз ойпат жерлерде және табиғи тұзды су айдындары жағасында тараған. Топырақтың үстінгі қабатында және оның жоғарғы горизонттарында көбінесе хлорлы, күкіртті тұздар шоғырланады, кейде сода кездеседі. Топырақта мынадай көмірқышқыл тұздары көбірек кездеседі: көмірқышқыл натрий, көмірқышқыл магний, көмірқышқыл кальций және күкіртқышқыл натрий және магний және т.б. Мұндай тұздардың ішінде әк, көмірқышқыл кальций топырақ үшін зиянсыз. Ал қалғандары өсімдіктердің өсіп-өнуіне азды-көпті зиянды болып саналады. Ең зияндысы натрий тұздары. Ол топырақтың құрамын өзгертіп, құнарлылығын төмендетеді.Ал суға тез ерігіш тұздар топырақтың беткі қабатынан бастап, мол болып кездессе, олар сор топырақтар болып саналады. Тұздардың мөлшерден көп кездесуі ондағы өсімдіктерге зиянды (улы) әсер ететіндіктен бұл топырақта өсімдіктер дүниесі жоқтың қасы. Мұнда тек тұздың молдығына табиғи бейімделген соршөптер (галофиттер) өседі, ал тұз мөлшері аса көбейіп кетсе, жалаңаш сорға айналады.
Сорланған топырақтардың пайда болуының тағы бір жолы – адамның өндірістік әрекеттерімен байланысты. Қуаңшылық аймақтарда көп жерлерді суармалы егіншілікке пайдаланады. Осы алқаптарда жерасты ағысын реттеп дұрыс жолға қоймаған жағдайларда топырақ астындағы ыза сулар суару кезінде жер бетіне тез көтеріліп, жақындап, топырақты сорландырады. Топырақтың сорлануының осы жолын екінші сорлану немесе адам әрекетінен сорлану деп атайды.
Еритін тұздары бар топырақтардың үстіңгі қабатынан ағынды сулар, нөсер жауындар болғанда, беткейлердің ортаңғы және төменгі бөлігінде, сонымен қатар ойпаңдарда тұздану процесі байқалады. Сондықтан тұзданудың алдын алу шараларды дайындағанда ағынды реттеуші және эрозияға қарсы шараларды ескеру керек. Топырақтардан тұздарды кетіру үшін оларды бірнеше рет тұщы сумен жуып тазарту керек, ал кебірлер мен кебірленген топырақтарда гипс немесе фосфогипсты қолдану керек, сонымен қатар кебірлі және карбонатты горизонттарды араластыру үшін үш ярусты жырту жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет