Дәріс литосферның химиялық экологиясы литосфераның құрылысы және химиялық құрамы


Топырақтағы зиянды заттарды нормалау



бет20/22
Дата07.02.2022
өлшемі263 Kb.
#82609
түріҚұрамы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
лекция 5
лекция 5, My dream job
5.7 Топырақтағы зиянды заттарды нормалау
Топырақтағы зиянды заттарды гигиеналық нормалаудың теориясы мен тәжірибесінің негізгі ережелері төмендегідей, яғни:
1) топыраққа түскен экзогенді химиялық заттарды барлық кезде қоршаған ортаға және адам денсаулығына қауіпті деп қарастыру дұрыс емес;
2) топыраққа түскен химиялық заттардың қауіптілігі топырақтың экологиялық (өзін-өзі тазарту) қабілеттілігімен анықталады;
3) нормативтер микробиоценоз және топырақтың өзін-өзі тазарту процестеріне әсер ету есебімен экстрималды – климаттық жағдайларда (топырақ ортасынан заттардың қарқынды көшуі) алынған мәліметтерге негізделеді;
4) гигиеналық нормативтер зияндылықтың шектеулі көздерінің есебімен бекітіледі, яғни: жалпы санитарлық, миграциялық, ауалық, органолептикалық, фитоаккумуляциялық (зиянды заттардың өсімдіктерде жиналуы немесе оларға өтуі) және санитарлы-токсикологиялық.
Топырақтың ластану дәрежесін анықтауда топырақтағы заттардың ластану концентрациясының коэффициентті (ЛiКК) қолданылады:
ЛiКК = Xi / ШРКi немесе ЛiКК = Xi / Хф,
Xi -i – заттегінің мөлшері, Хф – осы заттектің фондық мөлшері.
Өнеркәсіптер жедел қарқынмен дамыған сайын соғұрлым бүлінген жер көлемі арта түседі. Санитарлы-токсикологиялық нормативтер топырақ құрамындағы заттардың адам ағзасына бір мезетте бірнеше жолдармен, яғни, шаң-тозаң, атмосфералық ауа, ауыз суды тұтыну, тамақ өнімдері және т.б жолдармен түсу мүмкіншіліктерін ескереді.
Топырақтағы ластағыш заттар үш бағытта нормаланады:
- ауыл шаруашылығында пайдаланатын егістік қабатындағы улы химикаттардың мөлшері;
- кәсіпорынның территориясындағы улы заттардың жинақталуы;
- елді мекендердің, көбінесе тұрмыстық қалдықтарды сақтайтын жер топырағының ластануы.
Егістік қабаттағы улы химикаттарды нормалауға екі көрсеткіш қолданылады: ШРКт және уақытша рауалы концентрация (УРКт)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет