Дәріс Мәдениет морфологиясы. Мәдениет тілі



Дата27.09.2022
өлшемі3,26 Mb.
#150877
Байланысты:
Дәріс 1. Мәдениеттану. Мәдениет морфологиясы
МЕханикалық тербелістер Жания

Дәріс 1. Мәдениет морфологиясы

Мәдениеттану


Мәдениеттану пәні ғылым реттінде ХІХ ғасырдын аяғында мәдени антропологиялық және мәдени философиялық зерттеулердің нәтижесінде қалыптасты.
Мәдениеттану пәні негізінен үш құрлымдық бөліктен тұрады:
1. Мәдениет философиясы немесе мәдениет теориясы
2. Әлемдік мәдениеттердің теориясымен тарихы
3. Қазақ мәдениетінің теориясы мен тарихы

Мәдениет ұғымы және мәні

  • Мәдениет (латын. cultura - өңдеу, егу деген сөзінен шыққан) – табиғат объектісіндегі адамның әрекеті арқылы жасалатын өзгерістер.
  • Бұл сөзде адам еңбегінің ерекшелігі, оның адамның іс-әрекетімен байланыстылығы, адамның және оның қызметінің бірлігі негізделген. Кейіннен «мәдениет» деген сөз жалпылық маңыз алды, адам жасағанның бәрін де «мәдениет» деп атады. Осы ұғымда мәдениеттің мазмұнды белгілері, түсінігі көрсетілді. Мәдениет – адам жасаған «екінші табиғат».
  • Мәдениет – жеке адамның өмір сүру мақсаты мен құндылық жүйесі, адамның өмір сүрген ортамен қарым-қатынасы. Ол - өзара қарым-қатынас нәтижесінде қалыптасатын ерекше құбылыс. 

мәдениет


Материалдық
адамның қолымен жасалып шыққан заттар, құралдар. Мысалы, конфессионалдық инфрақұрылым; ғылымның, білімнің, әдебиет және өнердің, медицинаның, дене тәрбиесі мен спорттың материалдық заттық құрылымдары; бұқаралық коммуникация құралдарының материалдық техникалық базалары,рухани іс-әрекетті өнімдерін өндірудегі материалдық базалар енеді.
Рухани
санамен, түйсікпен қабылданатын мәдениет жетістіктері. Мысалы, дін, мораль; саясат, құқық; ғылым, білім, дене тәрбиесі, спорт, медицина; әдебиет, өнер; бұқаралық ақпарат құралдары, тіл; рухани іс-әрекеттің материалдық заттық өнімдері енеді.

Мәдениет нормалары


нақты үлгілер, мінез-құлық пен әрекет ережелері. Олар қоғамның үйреншікті танымында қалыптасады, бекітіледі. Осы деңгейде мәдени нормалардың қалыптасуында дәстүрлі және аңдаусыз сәттер үлкен рөл атқарады. Қабылдау дәстүрлері мен тәсілдері жылдар бойы қалыптасып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырған. Қайта өңделген түрінде мәдени нормалар идеологияда, этикалық ілімдерде, діни тұжырымдарда іске асырылған.

Мәдениет нормалары


Мәдениеттің нормативтілігі адамдардың тұлғааралық, көпшілік қарым-қатынастары және әртүрлі әлеуметтік институттардың жұмыс істеуі арқасында қолдау табады. Ұрпақтан ұрпаққа рухани тәжірибені жеткізуде білім беру жүйесі орасан зор рөл атқарады. Онда өмірге аттап басқан индивид тек білім алып қана қоймайды, қабылдау мен әрекет ету, қоршаған ортаны түсіну және қатынас жасау ұстындарын, нормаларын алады. Мәдениет нормалары өзгермелі, мәдениет ашық сипатта болады. Ол қоғамда болып жатқан өзгерістерді бейнелейді.

білім


Білімнің көптеген түрлері өмірдегі іс-әрекеттердің белгілі типтерімен, деңгейімен ара-қатынаста болады.
- Тәжірибелік білім
- Рухани білім
- Эмпирикалық білім
- Теориялық білім
- Экзотеориялық білім

мағыналар


маңыз, мән, белгілер адам мен табиғатты немесе жалпы субъекті мен объектіне белгілеу арқылы қауыштыратын арнайы мәдени құралдар. Белгілер жүйесінің қатарына табиғи және жасанды тілдер, әртүрлі дыбыс белгілер жүйесі, бейнелеу жүйесінің тілдері жатады.

Мәдениеттің маңыздылығы


1. Мәдениет – бұл өте күрделі, көп деңгейлі жүйе. Әрбір мәдениет этносқа, халыққа қатысты болады, ұлттық болып табылады.
2. Мәдениет белгілер мен мағыналардың әлемі болып табылады. Бұл нұсқа бойынша, адам баласы мән-мағыналар жүйесінде өмір сүреді, ал бұл мән-мағыналар жүйесі адам баласын басқа адамдарға және жалпы қоршаған әлемге қатысты бағыт-бағдар беріп отырады.
3. Мәдениет – бұл белгілер жүйесі (мәдениеттің семиотикалық қызметі). Бұл түсіндірме алдыңғы анықтамаға мазмұны жағынан жақын, бірақ кейбір ерекшеліктерімен ерекшеленеді. Белгілер мен мәндер мағынаға қарағанда оның рәміздік дәнекерлері болып табылады

Дәріс 1. Мәдениет морфологиясы



Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет