Дәріс Психологиялық кабинет. Психологиялық құралдар


Әдістемелерге қойылатын талаптар



бет3/10
Дата13.12.2021
өлшемі153,02 Kb.
#125529
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
4 дәріс
4 дәріс, 5 дәріс, 5 дәріс, 5 дәріс
Әдістемелерге қойылатын талаптар. Практикалық психолог кабинетінің әдістемелік базасын қалыптастыратын талаптарға сәйкес болуы қажет:

  • Әдістемені қолдану мақсаты, пәні мен саласы бір мағынаға жинақталуы мүмкін;

  • Қоғамдық практиканың әлеуметтік саласы немесе ерекше әлеуметтік орта, сынама жүргізілетін тұлғалар контингентіне (жынысы, жасы, білімі, кәсіби тәжірибе, лауазымдық ереже) байланысты қолдану саласы анық бөлінген;

  • Әдістеменің мазмұнына тесттік балды есептеу мен стандарттаудың статистикалық негізделген әдістерін өңдеудің процедурасы анық баяндалу қажет;

  • Әдістеменің барлығы берілген қолдану саласына репрезентативтілігі, валидтілігі және сенімділікке тексерілуі керек;

  • Бланктік әдістемелер жеке парақта ұсынылуы керек, орфографиялық және грамматикалық тұрғыдан мұқият тексеріледі;

  • Сурет пен мәтіндік материалы бар әдістемелер нақты типографиялық мөрмен айқындалуы қажет.

Жоғарыда келтірілген талаптарды қанағаттандырмаған әдістемелер, кәсіби психодиагностикалық құрал болып табылмайды. Практикалық психолог аттесталған психодиагностикалық әдістемелерді пайдалануға құқылы.

Түзету жұмыстарына арналған психологиялық құралдарды таңдаудың да маңызы зор, оның ішінде әртүрлі таратуға арналған материалдар бар: доп, ойыншық, балалар ойыншықтары, мөрлері және ойын терапиясынада немесе ертегі терапиясында қолдануға болатын өзге де материалдар.

Әртүрлі психологиялық құралдарды пайдаланудың тиімділігі өзара байланысты және өзара бір-бірін толықтырушы ретінде кешенді қолданғанда арта түседі. Осындай тәсіл психологиялық диагностика мен одан кейін түзету шараларында, психологиялық қолдау, психологиялық эмоциональды жүктемені шешу, өзін-өзі реттеу дағдыларына үйрету үдерісінде де маңызды. Осындай құралдарға жекелей алғанда ойын терапиясы, музыка терапиясы және қозғалыс терапиясында қолданылатын аудиовизуальды құралдар, ойын материалдары жатады.

Мектеп психологиялық кабиенетінің психологы түзету мен дамыту, нұсқаудың тиімділігі мен соңғы нәтиже бағдарламасын іске асыруға толықтай жауапты.

Өз жұмысын бағалау үшін психолог арнайы дайындалған сауалнаманы пайдалана алады. Нақты бір цикл аяқталған соң жиі өткізілетін сауалнама нәтижесі бойынша әртүрлі жастағы оқушылармен жеке жұмыс жүргізгенде пайдаланылған әдістемелік құралдар мен дамытушы бағдарлама таңдаудың дұрыстығын болжауға, мысалы, жеке қамығу немесе күйзеліске тұрақтылық деңгейінің өзгерісіне және т.с.с).

Әртүрлі жастағы балалармен жобалық әдістемелерді өткізуде бала психикасының ерекше жағдаятқа таңдануын ескерген дұрыс. Бала шығармашылығын зерттеуге қызыға бермейтін ата-ананың өзі бала фильм қарағаннан кейін сол фильмнің тақырыбына орай бір нәрсенің суретін және мүсінін жасайтынын байқаған. Осылайша олар алған әсерін жинақтап, жаңа тәжірибені игеру үшін жұмыс жасайды.

Мектеп оқушыларымен жұмыс жасағанда балаға әлеуметтік нормалар және «өтірік» шкалалары әлі дұрыс немесе тіпті жұмыс жасайтынын ескерген дұрыс. Мектеп оқушысы кіші болған сайын сауалнаманың қажеттігі төмен.

Бала психодиагностикасында диагностикалық процедуралар нәтижесі толыққанды болмауы балалар әдістемеден талап етілген дүниенің мағынасын дұрыс түсінбеуінен де болады. 12-13 жасқа дейінгі балалардың сөздік қорының дамуы көптеген нұсқаулар мен сұрақтардың мағынасын түсінуге мүмкіндік бермейді. Сондықтан мектеп психологтары сөйлеу тілінің стимулдық материалын пайдаланатын вербальды әдістемеге шамадан тыс қызықпауы қажет.


КАБИНЕТТІ МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАУ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет