Дәріс Психологиялық кабинет. Психологиялық құралдар


Әдістемелік қамтамасыз етуге



бет2/10
Дата13.12.2021
өлшемі153,02 Kb.
#125529
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
4 дәріс
4 дәріс, 5 дәріс, 5 дәріс, 5 дәріс
Әдістемелік қамтамасыз етуге психодиагностикалық процедураларды жүргізуге арналған құрал-саймандар, психотүзетуші бағдарлама өткізуге арналған материалдар, психотерапиялық әсер етудің әртүрлі формаларына (іс тігу, ине терапиясы, арттерапия, муызаклық терапия т.с.с.) арналған қажетті реквизиттер жатады.

Әдістемелік құрал-саймандарды сұрыптау. Зерттеу әдісін таңдау – практикалық психологтың диагностикалық-түзетуші жұмысының күрделі кезеңінің бірі. Қазіргі таңда қолда бар диагностикалық әдістеменің әртүрлілігін зерттеу мақсаты мен міндетіне, сонымен қатар бірқатар маңызды ұстанымдарына сәйкес әдістемені таңдай білу керек. Бұл ұстанымдар бастаушы маман жұмысында диагностикалық құралдардың қажетті минимумды анықтай отырып, практикалық психологтың әдістемелік жабдықталуын ұйымдастыруға тікелей қатысты. Осындай ұстанымдарды келтірейік:

Практикалық психолог кабинетінде бар әдістемелік арсенал психологиялық үдерістер, тұлғаның қасиеті, қалпы, бағыты, оның қалыптасқан негізі, құнды бағдары, зияткерлік деңгейі, тұлғааралық өзара байланыс ерекшеліктері, қиын жағдаятта күйзеліске төзімділік және мінезқұлық реакциясы сияқты адамның психологиялық өмірінің барлық қырын қамти отырып әртүрлі бағытты сипатта болуы қажет.

Практикалық психолог кабинетінде әртүрлі жас тобына арналған әдістемелік құрал болуы қажет. Ғылыми психологияда дайындалып, тәжірибе жүзінде апробациядан өткен әдістемелерді жасы кіші балаларға пайдалануға терең психологиялық талдау мен әртүрлі көрсеткіштердің динамикасындағы кешеннің сауатты интерпретациясын қарастырады. Бала психологиясында бала дәл осы уақытта не орындай алатынына назар салып қоймай сонымен қатар, жақын болашақта ол қандай қалыпқа жетеді, жақын арада жететін аймағы қандай екендігін болжау қажет. Бұл әсіресе, дамудағы ауытқушылық диагностикалауда аса маңызды, осыған байланысты білім алушы, эксперимент қалыптандырушы формада жеке диагностикалық әдістемені дайындау қажет.

Әдістемелер жеке, сонымен бірге топтық зерттеуге де ұсынылған.

Психологқа оперативті ақпарат қажет болғандықтан, экспресс диагностикалық өңдеу және оны жасауға мүмкіндік туғызатын процедурасымен байланысты емес әдістеме маңызды орынға ие болады.

Заманауи технология практикалық психолог кабинетін компьютерлік диагностикалық әдістемемен уақыт үнемдеуге, тест материалы мен бланк дайындауға кететін шығынды азайтады, нәтижені өңдеу процедурасын жеңілдетеді. Компьютерлік психодиагностиканың күмәнсіз артықшылығымен мөлшерден тыс қызығуға болмайды, өйткені, компьютермен диалог құру клиенттің психологпен тікелей эмоционалды қатынасын алмастыра алмайды, эмпатиялық өзара байланыс, қабылдау, сенімді байланыс және түсіну сезімі болмайды, бұл – психологқа келудің негізгі мақсаты.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет