экономиканың тауар өндіруден қызмет көрсетуге қайта бейімделуі;
интеллектуалдық технологияның өндірістік жəне технологиялық салаға теңесуі;
материалдық меншіктің құндылықтар жүйесіндегі маңызының кемуі;
материалдық өндірістегі ақпараттық жəне ғылыми қызметтің бəсекелестік басымдылығының артуы;
қоғамның технологиялық жəне саясиəлеуметтік құрылымы негізіндегі білім, ғылым маңызының артуы;
кез келген саланың ғылыми жəне білім берушілік қызметіне ерекше мəн берілуі;
əлеуметтік ұйымдар құрылымындағы өзара бірлесу, яғни мəдени саладағы өзгерістер.
Ақпараттық қоғам құруда бұқаралық ақпарат құралдары маңызды рөлге ие болып отыр. Сондықтан ақпарат кеңістігінде жергілікті, өңірлік, ұлттық бұқаралық ақпарат құралдарымен қатар, əлемдік ақпарат көздері тұрғындарға кеңінен таралып, медиажаһандастыру үрдісі бізге таңдаудың жаңа формулаларын ұсынып отыр.
Жаңа ақпараттанған қоғам қалыптаса бастады, бүгінгі күнде қоғамдағы ең басты құндылық ақпарат пен білім. Саяси-əлеуметтік қатынастарды реттеу жолындағы қоғам үшін ақпараттық процестер маңызды болып табылады. Ақпараттық технологиялардың дамуы жəне кең қолданылуы экономика, саясат, мəдениет пен ғылым сияқты барлық қоғамға қажетті салаларға ықпал етеді. Жалпы ақпарат адам үшін қоршаған ортадағы бағыт-бағдарларды түсінуге, келесі болатын қимылдарға шешім қабылдау үшін қажет. Негізінен ақпарат, үгіт-насихат алып ағаш ретінде ортақ тамыр арқылы тарайды жəне дами түседі. Оның негізгі бастауы – бұқаралық коммуникация мен телекоммуникация.
БАҚ – адамдарды демократия мен өркениет құндылықтарын, өз құқықтары мен міндеттерін білуге жəне құрметтеуге тəрбиелейтін аса маңызды ақпараттың информациялық функцияларды жүзеге асырушы демократиялық институт. Бұқаралық ақпарат құралдарының қазіргі кезде, өмірдің демократияланып жатқан дəуірінде орны зор. Əсіресе сөз, баспасөз бостандығы шын мəнінде беріліп, радио мен теледидарды пайдалану мүмкіндігі қамтамасыз етілген елдерде азаматтардың өзіндік санасының өсуіне, қоғамның ісіне белсенді араласуына, адамдардың басшылығы мен жауапкершілігін тəрбиелеуде ақпарат құралдарының мүмкіншілігі ерекше.
БАҚ-тың негізгі билігі адамдарды сендіру арқылы олардың мінез-құлқы мен іс-əрекетіне ықпал етуіне негізделетінін білеміз. Заңға негізделген мемлекеттік билікке қарағанда, баспасөздің ықпалы мемлекет пен оның институттарына жəне жүргізіп отырған саясатына қатысты адамдардың ойы мен мінез-құлқын қалыптастырып бағыттай алады.
БАҚ-тың маңызды рөлі – қоғамның өміршең даму жағдайын қамтамасыз ету. Қазақстандық ақпарат кеңістігінде қоғамда болып жатқан экономикалық, демократиялық, саяси, əлеуметтік өзгерістерді түсіну, жаңаша қабылдап бағалау процестері көрінуде.
Пікірлер мен ойлардың сан алуандығы, мақсат, талап, пікір қайшылығы, саяси жəне əлеуметтік əртүрлі бағыт ұстанған ақпарат құралдары қоғам мүшелерінің рухани сұранысына, таңдауға, талдау, бағалау қабілеттіліктерін арттыруға қоғамда болып жатқан процестерді дұрыс түсіну мен шешім қабылдауларына септігін тигізеді.
Бүгінгі жаңаша даму жолына түскен Қазақстан халқы мен экономикалық, əлеуметтік, саяси өмірінде демократиялық жаңарулар тереңдетіліп, қоғамды жалпы трансформациялау процестерінің қажетті шарттары тұрақтандырылуда. Жас мемлекетіміздің алдында қоғамдық дамудың бүгінгі кезеңде өркениеттің жетістіктерін материалдық жəне рухани игілік ретінде сақтау мəселесі туындап отыр. Мемлекеттік тəуелсіздік жаңа экономикалық саясатпен, құқықтық, əлеуметтік, демократиялық мемлекет құру міндеттері республика ақпарат кеңістігіне үлкен өзгерістерді қалыптастырды. Ол міндеттерді жүзеге асыру қоғамның өмірін дұрыс түсініп, қабылдап, шынайы суреттеу мүмкіндігінен соң жүзеге аспақ.
Ақпараттық пікір алмасулар демократиялық жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, тұрақты саяси, əлеуметтік, демократиялық процестердің орнығуына əкеледі. Сөз бостандығы, баспасөз бостандығы, пікірлер плюрализмі тəуелсіз жеке меншік ақпарат құралдарының пайда болуы қазақстандық ақпарат кеңістігінде демократиялық үрдістердің нəтижелері.
Қазақстан үшін дамудың тұрақты демократиялық моделін таңдауда қоғамды еркін жəне құқықтық, демократиялық үлгіде трансформациялау жолдары мен əдістерін іздеу, объективті шынайы ақпараттардың маңызы зор.
Ақпараттық қоғам түрлі идеялар мен ілім, білім, сан алуан өркениет пен құндылықтарды саралап, адамдардың ой-санасын кеңейтуге белгілі бір идеялар төңірегінде топтасуға, оларды тереңірек түсініп-білуге ықпал етеді. Егер экономика мемлекеттің жұлыны болса, оның ұлттық рухы мен санасы жүрегі іспеттес. Қоғамдағы əлеуметтік институттардың ерекше түрі саналатын БАҚ мемлекет жүрегі арқылы оның бүкіл денесіне қажетті нəр, азаматтардың мемлекеттік бірлігі мен мақсат-мүдде ортақтығына түйсінуін таратады. Онсыз тəуелсіз мемлекеттің болашағын баянды ету қиын.
Қазіргі кезеңде Қазақстан əлемдік аренада тек экономикалық мүдделер нүктесі ғана емес, стратегиялық саяси, əлеуметтік, экономикалық жағынан əлем елдерінің назарын аудартып отыр.
Қоғамның өркениеттілігі мен зайырлылығы мемлекеттің мəдениетке деген көзқарасымен өлшенеді. Бүгінгі дамыған өркениетті қоғамдағы білім мен ақпарат билігі қаражат пен мемлекеттік күштеуді екінші кезекке ысырып тастап, оны басқаруда шешуші ықпал ете алар саяси күшке айналып отыр.
Қазақстандағы экономикалық-əлеуметтік, мəдени дамуға ықпал ететін əртүрлі маңызды мəселелер ақпарат кеңістігінен терең ашық жарияланып, жариялық принциптері тұрғысынан кеңінен көрініс табуда. Бүгінде қоғамымыз нарықтық экономикалық, саяси, əлеуметтік күрделі өзгерістерге түсіп, жаңа жағдайға рухани-психологиялық бейімделу кезеңін бастан кешіруде. Екінші жағынан, мемлекет идеологиясы жаңа азаматтық қоғамның өркениетті құқықтық құрылымға ұлттық бірлік пен теңдік принциптері арқылы гүлдену идеясын қолға алып отыр.
Қоғам өмірінде мəдени жинақталған түрлі құндылықтарды сақтау ғана емес, енді олардың қалыптасқан жаңа жағдайға сай гүлденуі мен бірін-бірі толықтыра түсуінің мəні терең нақты тəуелсіздікке жету күшті қолдауды қажет етеді.
Кез келген мемлекеттің ішкі, сыртқы міндеттері мен мақсаттарын жүзеге асыру үшін бұқаралық ақпарат құралдарының орны маңызды.
БАҚ арқылы адамдар əлеуметтік нормаларды, этикалық жəне адамгершіліктік құндылықтарды қабылдайды, өмірлік ұстанымдары қалыптасады. БАҚ қоғамда болып жатқан процестерді бейнелей отырып, қоғамдық пікірді қалыптастырады. Қоғамдық пікір қалыптастырып əлеуметтік процестерді басқаруға, шешім қабылдауға ықпал етеді. БАҚ ақпараттық салада ақпараттық қажеттіліктерін қамтамасыз ете отырып, əлеуметтік дамуды, қоғам талаптарына сəйкес құндылықтардың қалыптасуына ықпал етеді. Сондықтан БАҚ-тың қызметінде жəне ақпаратты өндіруде, тұтынуда, таратуда ақпараттық қарым-қатынастарда əлеуметтік жауапкершілік жүктелінеді. Ақпараттық қоғамда тұлғаның ақпараттық мəдениетінің қалыптасуы оның ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандырып, табысқа жетуде мол мүмкіндіктерін жүзеге асыруын жəне қоғам өміріне белсенді араласуын қамтамасыз етеді.
Қазіргі ақпараттар ағымы заманында бұқаралық ақпаратқұралдары мемлекет өмірінде шешуші рөл атқарады. Қоғамдық-əлеуметтік құрылымда ақпарат қоғамның маңызды əлеуметтік құралы. Олар азаматтардың өз құқықтары мен бостандықтарын білуіне, өз мұрат-мүдделерін қорғауына, күнделікті болып жатқан оқиғалар турасындағы ой-пікірлерін қалыптастыруына мүмкіндік беретін маңызды институттардың бірі болып отыр.