Дәріс тақырыбы Дәріскөлемі



бет1/18
Дата20.10.2023
өлшемі115,56 Kb.
#186974
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
Әлеуметтану-дәрістер қысқаша мазмұны
6 с Баламалы энергия




Дәріс тақырыбы

Дәріскөлемі

СОӨЖ

СӨЖ.


Әлеуметтік әлемді түсінудегі әлеуметтану

1

1

1


Әлеуметтану теорияларына кіріспе

1

1

1



Әлеуметтанулық зерттеулер

1

1

1


Әлеуметтік құрылым және қоғамның стратификациясы

1

1.


1


Әлеуметтену және бірегейлік.

1

1

1


Отбасы және қазіргі заман.

1

1

1


Девиация, қылмыс және әлеуметтік бақылау

1


1

1


Дін, мәдениет және қоғам

1

1

1


Этнос және ұлт әлеуметтануы

1

1

1


Білім және әлеуметтік теңсіздік

1

1

1


Масс-медиа, технологиялар және қоғам

1

1

1



Экономика, жаһандану және еңбек

1

1

1


Денсаулық және медицина

1

1

1


Халық, урбанизация және қоғамдық қозғалыстар

1

1

1


Әлеуметтік өзгерістер: жаңа әлеуметтанулық пікір-таластар

1

1

1
«ӘЛЕУМЕТТАНУ» ПӘНІНЕН ДӘРІС САБАҚТАРЫНЫҢ
ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ
Дәріс 1.Әлеуметтік әлемді түсінудегі әлеуметтану.
Әлеуметтануға кіріспе. Индивид және қоғам. Әлеуметтік орта мен әлеуметтік мінез-құлық. Әлеуметтік қарым-қатынастар мен әлеуметтік институттар. Әлеуметтену және бірегейлік. Әлеуметтік шынайылық пен ақыл-ой. Әлеуметтанулық ойлау. Әлеуметтанулық қиял. Әлеуметтанулық перспектива.
«Әлеуметтану» ұғымы латын тілінің «Societas» қоғам және гректің logos – ілім, ұғым деген сөзінен шығады. Социология, яғни әлеуметтану қоғамның пайда болуының, ондағы әлеуметтік байланыс, қатынастардың, алуан түрлі әлеуметтік адам бірліктерінің , ұйым, мекемелердің, институттардың, құбылыстардың, процестердің дамуының жалпы заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Әлеуметтану ұғымын ХIХ ғасырдың ортасында атақты француз әлеуметтанушысы О.Конт енгізді. Оның алғашқы мазмұны қоғамтану болатын. Тек қана кейіннен, әлеуметтану пәнінің осы ғасыр ішінде бірнеше рет ауысуына байланысты ол өзінің дұрыс, дәл атын тапты. Ендігі жерде біз әлеуметтанудың объектісі мен пәнінің орындарын алмастырып алмауымыз керек. Бұл екі мәселе бір-бірімен тығыз байланысты болғанымен, олардың айырмашылығы бар.
Объект дегеніміз – бізді қоршап тұрған объективтік нақтылы өмір, ол қоғам, адамдар, оның алуан түрлі бірліктері (отбасы, топ, тап, әлеуметтік мекемелер, институттар, мемлекет, т.б.), тіпті адамның өзі, оның барлық іс-әрекеті, қызметі, санасы, тәртібі, т.б. Бұлар зерттелетін объекті болғаннан кейін субъектіден тәуелсіз, тыс өмір сүреді. Оларды адам өзінің теориялық немесе практикалық мәселелерін шешу арқылы алға қойған мақсатына жету үшін пайдаланады. Осыдан әлеуметтану пәні шығады.
Әлеуметтану пәнінің  байланыс, қатынастар жиынтығы «әлеуметтік» қоғамның біртұтас жүйесін құрайтын нақтылы ұғымдарға кіреді. Олар әрбір объектіде, құбылыста, процесте ерекше ұйымдастырылған белгілі бір әлеуметтік жүйе ретінде болады. Ал, әлеуметтану пәнінің қалыптасуы объектінің қасиеті мен зерттеушінің алдына қойған мәселелерінің мақсаты мен сипатына, оның ғылыми білімінің деңгейіне және өз дүниетанымында қолданатын құрал – тәсілдеріне байланысты. Зерттеу пәні әр уақытта зерттеу объектісін қажет етеді, бірақ, оған кірмейді, онымен тең емес, өйткені бір ғана әлеуметтік объект өмірдің алуан түрлі мәселелерін шешу үшін зерттелуі мүмкін. Осыған орай әлеуметтанудың пәні зерттелетін объектінің шекарасын белгілейді. Сондықтан әлеуметтану пәнінің басты міндеті - әлеуметтік жүйелерді типологизациялау (яғни, ортақ белгілеріне қарай жіктеу, топтау), әрбір әлеуметтік объектінің байланысы мен қатынастарын заңдар деңгейінде зерттеу – бұл заңдылықтардың әрбір әлеуметтік жүйесін басқару, оның тәртібін реттеу, оның іс - әрекет, қызмет ету тетіктерін анықтау болып табылады. Сонымен, әлеуметтілік - әлеуметтік байланыс пен қатынастарды ұйымдастырудың негізгі бастамасы ретінде болса, ал, әлеуметтік заңдылықтар бұлардың мәні мен мазмұнын түсінудің негізі болып есептеледі.
«Әлеуметтік» дегеніміз, нақтылы қоғамдағы қоғамдық қатынастардың жиынтығы. Бұл қатынастардың жиынтығы жеке тұлғалар мен олардың белгілі бір тобының белгілі бір кеңістікте, уақытта іс - әрекетінде атқарған қызметтерінде байқалады.Қандай да бір қоғамдық қатынастардың жүйесі әр уақытта адамдардың өзара қарым-қатынасынан және қоғамға қатынасынан көрінеді. Сондықтан әрбір қоғамдық жүйенің әлеуметтік жағы болады.Қорыта айтқанда, әлеуметтік - әр түрлі жеке тұлғалардың бірігіп істеген қызметінің жемісі, нәтижесі. Бұл олардың бір – бірімен байланыс – қатынастарынан тікелей көрінеді. Ал, олардың қоғамдық құрылымындағы алатын орны, атқаратын рөлі және әр түрлі жағдайлары бір – бірінен өзгеше қоғамдық үрдістерге қатынасынан көрінеді.
Әлеуметтану пәнінің қалыптасуы әруақытта оның категориялары арқылы жүзеге асырылады. Категориялар өмірдің нақтылы шындығын, әлеуметтік құрылымның дамуындағы маңызды жақтарды, ондағы қатынастар мен байланыстарды бейнелейді. Олар осы қатынас, байланыстардың тұрақты, қайталанатын, маңызды түрлерін және құбылыстар мен процестердің өзара іс – қимылын көрсетеді. Бұл категориялар бір – бірімен тығыз байланыста, қатынаста болады, олар ешуақытта бір – бірінен бөлек, оқшау тұрмайды.Категориялардың негізінде әлеуметтанудың заңдары қалыптасады. Әлеуметтанудың категориялары алуан түрлі болады. Бұған адам қоғамына тән қасиеттердің бәрі кіреді.
Негізінде әлеуметтану екі үлкен категорияға басты назар аударады. Ол – қоғам және тұлға. Ал, қоғам туралы әлеуметтану мәселесі қозғалғанда төмендегі категориялар арқылы зерттеу жүргізеді. Ол – «әлеуметтік бірлік». Бұл адамдардың арасындағы әр түрлі қарым – қатынастар. Осы қарым – қатынас, байланыстардың негізінде олардың күнделікті өмірі мен іс - әрекетінің мұң – мұқтажын, талап – тілектерінің бірлігі жатыр.
Әлеуметтік бірлестіктер қоғамды қайта құру, өзгерту субъектісі болып саналады және бұл - әлеуметтік субъектінің өзін - өзі ұйымдастыруының тұрақты түрі. Әлеуметтік бірлестіктің түрлеріне: отбасы, адамдардың әлеуметтік – таптық, топтық, әлеуметтік – демографиялық, ұлттық, территориялық, мемлекеттік және бүкіл адамзаттық қоғам бірліктері, қозғалыстары, т.б. жатады.
Әлеуметтанудың басқа қоғамдық және гуманитарлық ғылымдардан ең басты айырмашылығы – оның өзіне ғана тән әлеуметтік – экономикалық, саяси, рухани, құбылыс, процестерді зерттейтін арнаулы әдістерінің болуында.Әлеуметтанудың арнаулы әдістері: сұрыптау, бақылау, сұрау, құжаттарды талдау, сараптау, модель (үлгілеу), тест, т.б. Жоғарыда көрсетілген алуан түрлі әдістерді кеңінен қолдана отырып, әлеуметтану білімнің жаңа қайнар көздерін ашып, әрбір адамның қоғамдық құбылыстар, процестер туралы танымын, білімін толықтырып отырады. Мұндай танудың, білімнің өзгеше құрылымы, түрі және деңгейлері болады.
Әлеуметтанудың құрылымына, оның таным, білім деңгейлеріне анықтама беру үшін алдымен «құрылым» , «деңгей» деген ұғымдарға анықтама берген жөн. Құрылым дегеніміз – біртұтас әлеуметтік құбылыстар мен процестердің элементтері мен бөліктерінің іштей өзара орналасуын айтамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет