Дәріс тақырыбы: Ес және зейін Жоспары



бет4/5
Дата07.02.2022
өлшемі23,36 Kb.
#96106
1   2   3   4   5
Байланысты:
6- сабақ. Ес және зейін
аром карбонильді қосыл, 2-8.09
Зейіннің қасиеттері. Зейін мынадай қасиетімен сипатталады: көлемі, бөлінуі, шоғырлануы, тұрақтылығы, ауысуы. Зейіннің көлемі – бұл адамның бір мезгілде қабылдаған обьектілердің саны. Зейіннің бөлінуі деп - адамның кез келген іс-әрекет үстінде бірнеше объектіге бір мезгілде зейін аудара алатындығынан көрінеді. Бір мезгілде өлең жаттап, әрі қарапайым қосу мен азайту амалмен есеп шығарып көрсек, мұның оңай емес екенін бірден байқаймыз. Зейіннің шоғырлануы адамның жұмылу күшін сипаттайды және жаңа тітіркендіргіштің бұрынғы доминантаны өшіріп, жаңасын жасау үшін қажетті күшімен анықталады. Бала үйде қолдан жасалатын ұшатын аппарат құрастырумен шұғылданып отыр дейік. Оның ата-анасының сөйлескені де, інілерінің ойын-шуы да, теледидар да ештеңе алаңдатпайды. Оның зейінінің жұмылу күшінің шоғырлануы көп. Зейіннің тұрақтылығы деп - оның объектіге ұзақ уақыт бағытталуынан айтады. Тұрақтылыққа қарсы қасиет - алаң болушылық. Зейіннің бұл қасиеті көптеген жағдайларға, нерв процестерінің күшіне, әрекеттік сипатына, ісәрекетке деген қатынасқа, қалыптасқан әдеттерге т. б. байланысты болады. Зейіннің аударылуы - деп бір объектіден екінші объектіге назарымызды әдейі ауыстыруды айтады. Айналысқан істің нәтижелі орындалуы, зейіннің қасиеттерінің бір-бірімен тығыз байланысты және олардың іс-әрекет кезінде өзара үйлесімді болуына тәуелді болып отырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет