Дәріс тақырыбы: Инклюзивті білім беру ұйымдарының халықаралық тәжірибесі



Дата02.11.2022
өлшемі28,5 Kb.
#156252
Байланысты:
Әлем елдеріндегі инкл бб
20.10 дене, 8 бжб 3 т электромагниттік құб, 251119 140506 oshsorgeometriya9-klasskaz, 9А гео БЖБ №1 Вектор

Дәріс тақырыбы: Инклюзивті білім беру ұйымдарының халықаралық тәжірибесі

Дәріс жоспары:





  1. ТМД елдеріндегі инклюзивтік білім беру тәжірибелері




  1. Қоғамдық ұйымдар тәжірибелері

Инклюзивтік білім беруді ТМД елдерінің көбі енгізіп отыр (Ресей, Украина, Прибалтика елдері, т.б.). Бұл іс­әрекеттердің арасындағы жағымды нәтижелер – білім беру сапасының көтерілуі мен оқушылардың жетістіктері (оқудан шығып қалушылар мен үлгермеген оқушылар санының азаюы).


Әдебиеттерді аналитикалық талдау барысында Н.Н.Малофеевтің пікірі бойынша Ресейде инклюзивтік білім беру жүйесі кеңес дәуірінде құрылған (1927­1935 жж.) және жалпыға міндетті оқу туралы Заңмен байланысқан дегенді көрсетеді. Бұл кезеңдерде мемлекет баланың арнайы оқу мекемесіндегі тұрмысын толық төлеп отырды, ал бала мектеп пен отбасынан бөлек өмір сүрді. Тап осы уақытта Л.С.Выготский мен басқа да ғалымдардың әлеуметтік­мәдени теориялары қалыптасты. Тек елу жыл өткеннен кейін ғана Л.С.Выготскийдің теориясы Батысқа мәлім болып, дамуында проблемалары бар балаларға білім беруге үлкен ықпал етті. Өз жұмыстарында ол мүгедек адамдарға оқшауланғандықтың қаншалықты теріс әсер ететіндігі туралы жазды. Ол баланы өз отбасы мен достарынан бөліп, оған ерекше орта жасаудың өзі екінші мүгедектікті тудырады, ал бұған кінәлі – қоғам деп тұжырым жасайды.


Ал бүгінгі күні Ресейде ерекше білім алуға мұқтаждықтары бар әр түрлі дәрежедегі балаларға инклюзивтік білім беру жүйесіне компьютерлік технологияларды ендіруге алғашқы қадамдар жасалып отыр, соның негізінде инструменталдық типтегі арнайы көп функционалды компьютерлік бағдарламаларды жасау тұжырымдамасы дайындалды (Кукушкина О.И.), дамуында әр түрлі ауытқулар бар балаларға арналған ресейлік бағдарламамен қамтамасыз етуді даярлау басталды. Ұсынылған тұжырымдық идеяларды жүзеге асыру мүмкіндіктері қолданбалы зерттеулер барысында дәлелденді. Мәселен, Ресейде бірінші рет есту, сөйлеу қабілеттері бұзылған жоғары мектепке дейінгі және кіші мектеп оқушыларына арналған «Сенің терезеңнің сыртындағы әлем» атты арнайы бағдарлама жасалды (Королевская Т.К., Кукушкина О.И., Гончарова Е.Л.) Мұндай үлкен көлемді мәселені шұғыл шешу көптеген мамандарға инклюзивтік білім беруді компьютерлеудің мағынасын түсінуге, жаңа технологиялардың бала мен мұғалімге беретін жаңа мүмкіндіктер спектрін бағалауға ықпал етті.


Ресейдегі «Сібір Мұғалімдерінің инициативасы» – Новосибирск облысының кіші қалалары мен селолары мұғалімдерінің бірлестігі. Бірлестіктің негізгі мақсаты – әр түрлі жастағы, білім алуға мұқтаждықтары да, әлеуметтік мұқтаждықтары да әр түрлі балалармен бірлесіп әрекет жасауды ұйымдастыру. Бірлестіктің жұмысы әр баланы құнды да толық құқылы етіп, қоғамға қосуға жағдайлар жасауға бағытталған. Автор Новосибирск ауданының Кольцово мектептерінің бірінде әдеттегі білім беруді инклюзивтік білім беруге жылжыту дәрежесін анықтауға зерттеу жүргізді. Жыл сайын


білім алуға ерекше мұқтаж 30­40 бала Кольцовоның екі мектебіне келеді. Олардың ата­ аналары мен әкімшілік таңдап алған пәндер бойынша аптасына 8 сағаттық білім алуға мүмкіндіктері бар. Инклюзивтік білім беру үрдісіне қатысушылардың барлығы мүмкіндіктер өрісі әр түрлі балалар үшін мұндай білімнің маңыздылығын, олардың өзара қарым­қатынастары мен әрекеттерінің пайдалы екендігін атап өтті. Көптеген ата­аналар саналы түрде өз балаларына білім берудің инклюзивтік түрін таңдады.

«Еркін қозғалыс» ұйымы жүзеге асырған, 2003ж. желтоқсан айында іске қосылған


«Баспалдақтар» жобасы – аса маңызды әлеуметтік бағдарламалардың бірі. Реабилитациялау мен әлеуметтік үйренудің арнайы, кешенді «Баспалдақтар» бағдарламасы мүмкіндіктері шектелген балалар мен жас адамдарға үйреніп, білім алуға, біртіндеп қоғамға енуге, өзіне­өзі қызмет жасау дағдыларын барынша дамытуға мүмкіндік береді.


Балаларды әлеуметтеу бойынша үйретіп, білім беру мен сабақтарды өткізудің алғашқы бір жарым жылы мынадай жағымды нәтижелер берді:





  • бұрын оқытуға мүмкін емес деп танылған кейбір балалар қазіргі уақытта үйлерінде білім алып жатыр.




  • ұйымға Дауна синдромымен келген алты баланың төртеуі балалар бақшасына

барды.




  • қызмет мамандарымен 161 адам алғашқы кеңестен өтті.

Ерекше мұқтаж балалар мүдделерімен жұмыс істейтін мекемелер көп, олар өз жұмыстарын жақсы орындап жатыр. Егер инклюзивтік білім беру әдістері мекемелердің барлық жүйелеріне қатысты жасалатын болса, онда әр бала білім алу үшін өз орнын табады. Бұл бала үшін таптырмас орын, өйткені бала үшін мектепте білім алу отбасында өмір сүрумен қатар жүреді.


Жобаны жүзеге асырудың 3 жылында бұқаралық және балама білім беру мекемелеріне қатысатын балалардың саны 77%­дан 93%­ға дейін өсті.


Жағымды өзгерістер мына себептерден болды:





  • өзара ведомствалық ынтымақтастық;




  • іс­әрекеттің осы бағытына деген мамандардың қарым­қатынасының өзгеруі;




  • балама формаларды жасау («Феникс» орталығында әлеуметтеу тобы, «ерекше бала» сыныбы – педагогикалық медико психологиялық комиссия шешімі бойынша бұрын «оқытуға мүмкін емес» балалардан тұратын);

  • педагогикалық медико психологиялық комиссия көзқарастары

әрекеттерінің өзгеруі;








  • білім беру мекемелеріне ертіп жүретін ассистенттерді енгізу.

Жалпы украиналық «Крок за кроком» қорының, «Step by Step» (Нидерланды) Халықаралық Ассоциациясының, «Каждому ребенку» (Ұлыбритания) мен «Жалпы білім беру орындары жағдайларында білім алуға аса мұқтаж балаларға инклюзивтік білім берудің модельдік орталықтарын дамыту» ұйымдарының бірлескен жобалары қорытындыларын талдау аса мұқтаж балалардың жетістіктерге жеткенін дәлелдейді: сөйлеу дағдылары дамыды, танымдық әрекеттері өсті, денелерінің даму көрсеткіштері жақсарды. Әр бала өзіндік жетістікке жетті: қайсыбірі үшін – шеберліктер мен дағдылардың жоғарғы объективтік көрсеткіштері, ал қайсыбіріне – аздаған болса да маңызды көрсеткіш, мысалы, өз есімін қатесіз жазу.


Алынған нәтижелер Украинадағы инклюзивтік білім беру тәжірибесін ары қарай дамытудың, педагогтарды дайындау жүйесіне қажетті өзгерістерді енгізудің, жасы үлкен адамдарды оқытуды ұйымдастырудың, қоғамдық көзқарасты қалыптастырудың және қоғамды демократизациялаудың негіздері болып отыр.

Украинаның Педагогикалық ғылымдар Академиясының арнайы педагогика Институтының және Жалпыукраиналық «Крок за кроком» қоры ұсыныстары бойынша білім беру орындарында жаңаша іс­әрекетті байқап көру мақсатында Украинаның білім және ғылым Министрлігі «Жалпы білім беру орындарында психикалық­физикалық ерекшеліктері бар балаларды оқытуды ұйымдастыру жолдарымен оларды қоғамға әлеуметтік үйрету мен біріктіру» тақырыбында Жалпыукраиналық ғылыими­ педагогикалық сынақ өткізу туралы бұйрық шығарды. Алғаш рет Украинада ғылыми негізде психикалық­физикалық ерекшеліктері бар тұлғаларды біріктіру жағдайында оқыту ұйымдастырылды. Сынаққа Украинаның 16 обылысынан білім беру мекемелері қатысты.


Алғаш рет Прибалтикада ғылыми негізде психикалық­физикалық ерекшеліктері бар тұлғаларды біріктіру жағдайында оқыту ұйымдастырылды. Сынаққа білім беру мекемелері қатысты. Сынақ жұмыстары мына бағытта жүргізілді:





    • жалпы білім беру орындары жағдайында психикалық­физикалық даму ерекшеліктері бар балалалрмен жұмыс істеуге педагогтарды даярлау мен қайта даярлау;




    • сапалы білімге тең қол жеткізушілікті қамтамасыз ету қажеттілігі туралы бұқаралық пікірді қалыптастыру және аса мұқтаж балаларды қоғамға, күнделікті өмірге қосу.




    • психикалық­физикалық даму ерекшеліктері бар балалармен жалпы білім беру орындарында жұмыс жүргізуге арналған оқу­әдістемелік әдебиеттерді даярлау және басып шығару.

  • аса мұқтаж балалар мен олардың құрбы­құрдастарын оқытудың анағұрлым тиімді формаларын анықтау мақсатында зерттеулер жүргізу.




  • аса мұқтаж балаларды белсенді қоғамдық өмірге біріктіруге бағытталған нормативтік­заңды құжаттарды қабылдау, жетілдіру.

Даярланған концептуалдық құжаттар: «Физикалық және интеллектуалдық мүмкіндіктері шектелген балалар мен мүгедек балаларды реабилитациялау Тұжырымдамасы», «Жалпы білім берудің Мемлекеттік стандарты жобасы», «Ерекше мұқтаж балаларға арнайы білім берудің мемлекеттік стандарты Тұжырымдамасы» біріктіріп оқытуды жүзеге асырудың ғылыми­теориялық негіздері болып табылады. «Жалпы білім беру (мектепке дейінгі) орындарда ерекше мұқтаж балаларды біріктіріп оқыту туралы Ереже» жобасы дайындалды.


ТМД елдерінде инклюзивтік білім беруді енгізу тәжірибесін талдау мынадай қорытындылар жасауға ықпал етті:






      1. инклюзивтік білім беру жүйесіне білім берудің жаңа технологияларын енгізуді қамтамасыз ететін педагогикалық кадрларды дайындау мен қайта дайындауды жүзеге асыру;

      2. балалар туралы қамқорлықты жүзеге асыратын, олардың дамуы мен қоғам өміріне енуіне ықпал ететін, орталық институт ретінде тануға негізделген, бағдарламалық шаралардың маңызды мақсаты бола алатын отбасына назар аудару.

Сонымен, барлық балалар өз қажеттіліктері мен қабілеттіліктеріне қарамастан, білім алуға деген тең қол жеткізушілік арқылы өзінің мүмкіндіктерін дамытуға құқығы бар деген сенімді өмірде көрсете отырып, инклюзивтік білім беру жергілікті және
мемлекеттік дәрежеде әлеуметтік әділеттікке қол жеткізуге ықпал етеді. Ол екі мақсатқа: біріншіден, ерекше мұқтаж балаларға өз мүмкіндіктерін толығымен жүзеге асыруға көмектесетін іс­әрекеттерді дамытады, өз қауымдастығы өміріне қатысуға және дербес болуға ықпал етеді, екіншіден, қоғамда орнығып, тұрақтап қалған қарым­қатынасқа үн тастайды, дамуында проблемалары бар балаларды өз ата­аналары дұрыс қабылдауына көмектеседі, әлеуметтік инклюзивтілікке көбірек ықпал етеді.


Негізгі әдебиеттер



  1. Баймуратова А.Т. Проблемы образования детей с ограниченными возможностями, обучающихся в начальных классах общеобразовательной школы: Материалы Международной научно­практической конференции «Дошкольное и начальное образование: современное состояние, тенденции и проблемы развития» ­ Алматы, 2007.




  1. Акимова М.К. и др. Индивидуальность учащегося и индивидуальный подход. М.,

2000 3.Айджанова Д.К., Искакова А.Т. Пути сотрудничества в работе с детьми с особыми


нуждами. – Алматы, 2003.


4.Айджанова Д.К., Искакова А.Т.Вместе –мы лучше.­Алматы, 2003.
5.Включение исключенных. Соответствие разнообразию в образовании. Уганда и Румыния.­ Бухарест, 2001
6.Гончарова Е.Л., КукушинаО.И. Реабилитация средствами образования: особые потребности детей с выраженными нарушениями в развитии. Альманах Института Коррекционной Педагогики РАО, выпуск 1/2000.
7.Даниелс, Е.,Стаффорд, К. Создание инклюзивных классов. Гл.4. Подготовка планов индивидуализированного обучения.­ Нью­Йорк,2000.
8.Информационные технологии в образовании. – Новосибирск, 1995. – вып. 12.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет