Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі



бет21/28
Дата17.01.2023
өлшемі99,62 Kb.
#165755
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   28
Байланысты:
Дәріс тезистері
document (3), Лексика-фразеологиялық бірліктерге қатысты терминдер глоссарийі
Кері байланыс (ағылш. feedback) – адамның өзі куә болған оқиғаға немесе басқалардың әрекетіне айтылған пікірі, реакциясы. «Сырт көз сыншы» дегендей, мұндай сырт пікірдің өз әрекеттеріңді реттеуге, жақсартуға тигізетін септігі өте жоғары. Сол себепті бүгінде кері байланыс үйренудің (білім алу жүйесінің) маңызды ұғымы деп есептелінеді. Кері байланыс арқылы алынатын мәліметтер әсіресе өз біліміне түзету мен өзгертулер енгізу ісінде өте құнды болып табылады.
Кері байланыстың мәнін «Екі жұлдыз, бір тілек» атты тәсіл жақсы келтіреді. Алдымен біреудің әрекеті мен жасаған ісін мақтаймыз, оның жағымды және тиімді жақтарын атап көрсетеміз, содан соң бұл жұмысты қалай жақсартуға болатындығы туралы ұсыныс айтамыз, бағыт-бағдар сілтейміз.
2013 жылдың наурыз айында Амстердамда өткен «Ұстаз сапасы» атты оқытушылық қызметтің Халықаралық Саммитінде оқу мен оқытудың сапасы көп жағдайда кері байланысқа тәуелді екендігі аталды. Ұстаздардың оқушылар тәрбиесіне жасайтын ықпалын бағалау өте қиын, алайда ата-ана, оқушылар мен қоғам мүшелерінің кері байланысы осы мәселені айқындауға қолғабыс болады. Саммит мұғалімдерге өздерінің кәсіби біліктілігін жақсарту үшін кері байланыстың өте қажет екендігін және біраз жетістіктерге бастайтындығын кеңінен атап көрсетті (http://asiasociety.org/teachingsummit).
Кері байланысты қолданғанда мынандай жәйттерді есте ұстаған дұрыс:
- Кері байланыстың үйренудің ең тиімді әдісі екендігін ұмытпаңыз, өзіңізге қажетті екендігін де естен шығармаңыз. Бұған қоса кері байланысты жұмысымызды жақсартудың, өз олқылықтарымызды түзетудің ең тиімді нысаны деп қабылдау керек. Сол себепті кері байланысты сабырлықпен және іштей болса да ризашылықпен қабылдау керек. Бұл жерде «Ал егер кері байланыс атаулының бәрі де ақшаға жасалынып, ақылы болса, не болар еді?» деп өзімізден сұраған орынды болар.
- Кері байланыс әрқашан да субъективті болады, өйткені ол біреудің өзіндік пікірі. Осы тұрғыдан алғанда кері байланысты ақиқат деңгейіне шығарудың қисыны жоқ шығар. Оны басқа адамның бағасы деп қабылдап, оның еш міндетті емес екендігін естен шығармаған абзал. Бізге қандай да кері байланыс берілсе де оның тиімді/тиімсіздігін, пайдалы/пайдасыздығын өзіміз өлшейміз және бағалаймыз, оны қабылдау не қабылдамауды өзіміз шешеміз.
- Мүмкін кері байланыстың ең құнды жағы бізге ұнамайтын бөлігі болатын шығар: айтылған сын мен ескертпелер, айқындалған кемшіліктеріміз бен қателеріміз. Алайда мен сіздерге кері байланыс бергенде тым қатал сыншы болмауды ұсынамын, өйткені «Суық-суық сөйлесе, мұсылман діннен таяды», «Адамның көңілі бір шөкім насыбайдан қалады», «Итің жаман!» дегенде, ой, өлгенім-ай!» дегендерді ұмытпайық! Сондықтан да кемшіліктерді тіке бетке баспай, оларды жанамалай жеткізген жөн болар? Мысалы, мынандай сұрақтар арқылы: «Неліктен Сіз бұлай жасадыңыз (айттыңыз, жаздыңыз, ұйғардыңыз, т.б.)? Мүмкін олай емес, былай болар?» немесе «Егер мына жерге мынандай өзгертулер енгізсе, не болар еді?»
- Негізінен кері байланыстың үш негізгі қызметін ажыратуға болады: әрекеттерді түзету мен реттеу, тұлға аралық қатынастарды реттеу, өзін өзі тану құралы. Сондықтан оның мазмұны жағымды, позитивті болу керек. Кері байланыстың негізгі идеясы жасалған істі бағалау емес (оның жақсы не жаман жасалынғандығын анықтау), керісінше, не жасалуы керектігін көрсету.
Сонымен, кері байланыс оқу/оқыту мен үйренудің/үйретудің қалай жүріп жатқандығын, оның сапасын анықтау мүмкіндігін береді. Кері байланыс арқылы оқу мен оқушылардың жетістіктері мен кемшіліктерін анықтауға болады. Кері байланыс дұрыс жауап немесе бағыт таңдалынып, қателерді түзету әрекеттерін іске қосады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   28




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет