Дәріс тақырыбы және тезистер



бет2/16
Дата02.02.2023
өлшемі84,7 Kb.
#167125
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
5.ДӘРІСТЕР
Силлабус. Механика,2022, Баха
Дәріс бойынша ағымдық, аралық, қорытынды бақылауға арналған тест тапсырмалары
1.Математиканы оқыту әдістемесі:
A)Есептер шығарудың әдістерін ғана үйрететін пән;
B)Педагогикалық құбылыстардың жалпы байланыстары мен заңдылықтарын зерттейтін пән;
C)Қоғамның алға қойған мақсаттарына сәйкес математиканы оқытудың заңдылықтарын зерттейтін педагогиканың бір саласы;
D)Ақиқат дүниенің кеңістік формалары мен сандық қатынастарын зерттейтін математиканың бір саласы;
E)«Математиканы не үшін оқытамыз?» деген сұраққа ғана жауап беретін пән.
2. Математиканы оқытудың негізгі міндеттері:
A) салыстыру, дамыту және білім беру міндеттері;
B) жалпы білім беру, тәрбиелеу және түсіндіру міндеттері;
C) білімдік, дамытушылық және тәрбиелік міндеттер;
D) тәрбиелеу, қорытындылау және жалпы білім беру міндеттер;
E) тәрбиелеу және жинақтау міндеттері.
3. Математиканы оқытудың дидактикалық принциптері:
A) бақылау мен тәжірибе, салыстыру мен аналогия, анализ, синтез, индукция мен дедукция;
B) ғылымилық, білімнің берік болуы, саналылық пен белсенділік, көрнекілік, түсініктілік, жүйелілік;
C) жүйе-құрылымдық әдіс, статистикалық әдіс, тарихи әдіс, салыстыру әдісі, эмпириялық әдіс;
D) педагогикалық бақылау, педагогикалық эксперимент, үлгерім тесті, анкеталау;
E) синтетикалық әдіс, аналитикалық әдіс, проблемалық, эвристикалық әдістер.
4. Математиканы оқытудың әдістемесі мына сұрақтарға жауап іздейді:
A) Математиканы не үшін оқытады?
B) Нені оқу керек?
C) Математиканы қалай оқыту керек?
D) Аталған үш сұраққа бірдей жауап іздейді.
E) Бастапқы екі сұраққа ғана жауап іздейді.
5. Математиканы оқыту әдістемеcін шартты түрде мынадай бөлімдерге бөлуге болады:
A) математиканы оқытудың жалпы әдістемесі;
B) математиканы оқытудың ерекше әдістемесі;
C) математиканы оқытудың дербес әдістемесі;
D) математиканы оқытудың біртұтас әдістемесі;
E) математиканы оқытудың көрнекі әдістемесі.

1

№ 2
дәріс

Жалпы білім беретін мектепте математиканы оқытудың мақсаты мен мазмұны. Математиканы оқыту үдерісінің принциптері.
Қарастырылатын мәселелер:
1. Мектеп математика курсының жалпы орта білім беру жүйесіндегі мәні мен маңызы. 2. Мектепте математиканы оқытудың мақсаты мен міндеттері.
3. Мектеп математика курсының базалық білім мазмұнына сипаттама.
4. Математикадан жалпы білім беретін мектепке арналған типтік оқу бағдарламалары.
Дәрістің қысқаша мазмұны
Математика – нақты дүниенің сандық-мөлшерлік қатынастары мен кеңістіктік формалары туралы ғылым. «Математика» термині ежелгі Грекияда қалыптасқан «mathema» сөзінен келіп шыққан, қазақша мағынасы-«танып-білу, ғылым».
Адамзаттың рухани дүниесін байыта түсуде, оның адамгершілік және зияткерлік құндылықтарын қалыптастыруда математиканың атқаратын ролі зор. Сондықтан да ол жалпы білім беретін мектептің 1 сыныбынан бастап 11 сыныптарға дейін жүйелі түрде оқытып-үйретіледі.
Мектепте математиканы оқыту:
1) оқушыларға қоршаған ортаны танып-білудің математикалық құралдарын меңгеруге көмектеседі;
2) оқушылардың жалпы ой-өрісін дамытуды, оларды болашақ өмірге дайындауды қамтамасыз етеді;
3) математикалық білімдерді күнделікті өмір мен тұрмыста туындайтын мәселелерді шешуде қолдана білуге үйрете отырып, математиканың ғылыми-техникалық прогрестің дамуындағы маңызын түсінуге ықпал жасайды;
4) оқушылардың кеңістік туралы түсініктерін, зияткерлік және логикалық ойлауын, сондай-ақ шығармашылық қабілеттерін дамыта түсуге ұйтқы болады;
5) оқушылардың бойында зейін қоя білу, ұқыптылық, дәйектілік, дербестік және жоспарлай алу сияқты еңбек мәдениетін дарытуға көмектеседі;
6) оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыруға қолайлы жағдайлар туғызады.
Мектепте математиканы оқытуда мына сияқты міндеттерді шешу жүзеге асырылады: 1) білімдік міндет; 2) тәрбиелік міндет; 3) дамытушылық міндет және 4) практикалық міндет.
Оқытудың мақсаты мен міндеттерінің шешілуі математикалық білім мазмұнын тиімді реттеу, сондай-ақ оқытудың әдістерін, оқытуды ұйымдастырудың формалары мен оқыту құралдарын дұрыс іріктеп алу барысында жүзеге асырылады. Мұндағы ең басты мәселе, білім мазмұнын іріктеп алу және оның құрылымын түзу болып табылады. Математикалық білім мазмұны деп жалпы білім беретін мектепте математикадан оқытып-үйретілетін міндетті оқу материалдарының дәл белгіленген шеңбердегі көлемін айтады.
Математика пәні бойынша берілуге тиісті математикалық білімнің мазмұны негізінен алғанда, мына сияқты нормативтік құжаттарда қамтылады:
1) Жалпы орта білімнің жалпыға міндетті мемлекеттік стандарттары (ГОСО);
2) Математиканың типтік оқу бағдарламалары;
3) Математика оқулықтары;
4) Мұғалімге арналған әдістемелік нұсқаулар;
5) Дидактикалық материалдар.
Бұл нормативтік құжаттар математикадан оқу – әдістемелік кешен деп аталады.
5-6 сыныптарда оқытып-үйретілетін «Математика» атты курстың базалық білім мазмұны негізінен алғанда, төмендегідей оқу - әдістемелік желіні қамтиды:
1) Арифметикалық материал;
2) Геометриялық материал;
3) Алгебралық материал;
4) Информатика элементтері;
5) Шамалар және оларды өлшеумен байланысты материал.
Негізгі мектепте «Алгебра» және «Геометрия» атты пәндерге бөлініп, оқытып-үйретілетін математика курсының базалық білім мазмұнын мына сияқты оқу-әдістемелік желіге топтастыруға болады:
1) Арифметикалық материал;
2) Планиметриялық материал;
3) Алгебралық материал;
4) Комбинаторика элементтері;
5) Стохастика элементтері;
6) Математикалық статистика элементтері.
Жалпы білім беретін мектептің жоғары буынында математика пәні «Алгебра және анализ бастамалары» және «Геометрия» атты жүйелі курстарды оқыту арқылы жүзеге асырылады және ондағы базалық білім мазмұнын мынадай оқу-әдістемелік желіге бөліп қарастыруға болады:
1) Арифметикалық материал;
2) Стереометриялық материал;
3) Алгебралық материал;
4) Математикалық анализдің бастамалары;
5) Аналитикалық геометрияның бастамалары;
6) Ықтималдықтар теориясының элементтері;
7) Математикалық статистика элементтері.
Қоғамның әлеуметтік сұранысына және математика ғылымының дамуы мен оның қолданылу салаларының кеңейе түсуіне байланысты мектептегі математикалық білімнің базалық мазмұны жиі өзгеріп отырады. Бұл өзгерістер жалпыға міндетті мемлекеттік стандарттар мен оқу бағдарламаларында көрініс табады. 2012 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» № 1080 қаулысы қабылданып, осыған сәйкес, оған 2016 жылдың 13 мамырында №192 бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілді және мынадай құжаттар қабылданды:
1. «Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты»;
2. «Жалпы орта білім берудің жалпыға міндетті Мемлекеттік стандарттары».
Қазіргі күні бұл стандарттар кезең-кезеңімен қолданысқа енгізілді.
Математикалық білім берудің базалық мазмұны стандарт талаптары негізінде әзірленген төмендегідей оқу бағдарламаларымен айқындалады:
1) 5-6-сыныптарға арналған «Математиканың» оқу бағдарламасы;
2) 7-9-сыныптарға арналған «Алгебраның» оқу бағдарламасы;
3) 7-9-сыныптарға арналған «Геометрияның» оқу бағдарламасы;
4) 10-11-сыныптарға арналған қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы «Алгебра және анализ бастамаларының» оқу бағдарламасы;
5) 10-11-сыныптарға арналған жаратылыстану-математикалық бағыттағы «Алгебра және анализ бастамаларының» оқу бағдарламасы;
6) 10-11-сыныптарға арналған қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы «Геометрияның» оқу бағдарламасы;
7) 10-11-сыныптарға арналған жаратылыстану-математикалық бағыттағы «Геометрияның» оқу бағдарламасы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет