Дәріс. Тақырыбы: Салауатты өмір салтын насихаттау. Мақсаты



бет1/5
Дата15.05.2023
өлшемі1,43 Mb.
#176778
  1   2   3   4   5
Байланысты:
№9 Салауатты өмір салтын насихаттау.
Силлабус-1608050576088, 8 СЫНЫП ЗЕРТХАНА

дәріс.
Тақырыбы: Салауатты өмір салтын насихаттау.
Мақсаты: Салауатты өмір салтын насихаттауды түсіндіру.
Дәріс тезистері:
1. Денсаулығын нығайту бойынша іс-шаралар.
2. Денсаулық ұғымының түрлері
3. Денсаулықты нығайтуды іске асырудың негізгі стратегиялары
4. Денсаулыққа жағымды әсер ететін факторлардың бөлінуі.
5. Денсаулықты нығайтудың теориялық негіздері
6. Профилактикалық медициналық қызметтердің тиімділігі.
7. Диспансерлік медициналық тексеру
8. Алдын ала медициналық тексерулердің мақсаты
9. Динамикалық медициналық қадағалау
10. Медициналық профилактикаға
11.Салауатты өмір салтын насихаттаудың негізгі бағыттары мен әдістері
12.Насихат жұмыстарын жүзеге асыру келесі бағыттары
13.Санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізудің түрлері мен тәсілдері

Денсаулықты нығайту –өз денсаулығын жақсартуда бақылауды күшейтуге мүмкіндік беретін процесс.
Денсаулық адамның негізгі құқықтарының бірі боп табылады. Адамның денсаулығына келесі негізгі фактор әсер етеді:
• әлеуметтік-экономикалық жағдай, денсаулық сақтау жүйесін қоса алғанда;
• тіршілік ортасы;
• адамның өмір сүру салты және стереотиптері

Денсаулығын нығайту бойынша іс-шаралар


• жекеленген;
• топтасқан.
• Жекеленген - бұл адамға нақты бағытталған, оның әдеттері мен өмір салтына
топтық- яғни н белгілі бір популяция немесе субпопуляцияға бағытталған.
Мысалы, тымау эпидемиясы кезінде жекеленген іс шаралар иммундық резистенттілігін жоғарлатуға бағытталған болуы қажет. Оған дәрумендерді, иммундық системаны жоғарлататын заттарды қабылдауды қосуы мүмкін.
Сонымен қатар тымауға қарсы алдын алу екпесін егуде жеке резистенттілігін арттырады. Алайда жаппай вакцинация кезінде вирусты гепатитті жұқтырған жұқтырған тұлғалардың папуляция саны төмендейді. Сондықтанда денсаулықты нығайту бойынша жаппай вакцинация (халықтың әртүрлі топтарын кеңінен қамти отырып жүргізілу) топтық іс шара боп табылады.
Адам денсаулығын сақтау мен нығайту ең басты құндылық. Біздің еліміздің болашағы халықтың денсаулығымен тығыз байланысты.Оның дәлелі Ел Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына « Қазақстан-2050» жолдаған стратегиялық бағдарламасында экономикалық жағдайдың өсуі, халықтың әл-ауқатының артуына жол ашқанымен, оның денсаулығын жақсартуға толық кепілдік бере алмайды деп атап көрсетілді.Қазіргі таңда халықтың денсаулығы төмендеп кеткені белгілі.Бұл жағдай әртүрлі әлеуметтік және қоршаған ортаның қауіпті факторларымен қатар азаматтардың өз денсаулығына жауасыздықпен қарауына, әрі салауатты өмір салтын сақтамауына тікелей байланысты екені баршамызға аян. Сондықтан жаңа қоғам құру кезеңі халқымыздың бүкіл өмір бойы дені сау болуы және қоршаған орта тазалығын сақтау үшін барынша күш-жігер жұсамуды қажет етеді.
Осы мақсатты іске асырудың негізгі стратегиясы:
- Ауруды болдырмау және салауатты өмір салтын ынталандыру
- Нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрес
- Темекі мен алкоголді тұтынуды қысқарту
- Әйелдер мен балалар денсаулығын жақсарту
- Тамақтануды, қоршаған орта мен экологиялық тазалықты жақсарту
Осы аталған шараларды іс жүзінде орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметінің мемлекеттік бағдарламасы қабылданды.Бұл жағдай медицина саласында бірсыпыра реформалар жүргізумен қатар медицина қызметкерлері алдына да жауапты міндеттер қойды. Атап айтқанда, балалар мен жасөспірімдер денсаулығын жақсарту, медицина ғылымын әрі қарай дамыту, ауыл тұрғындарының денсаулығына көңіл бөлу және халық арасында салауатты өмір салтын кеңінен насихатту болып табылады.
Енді ауру және денсаулық деген не? деген сұраққа келетін болсақ ол медицина -да зерттелетін негізгі мазмұндардың бірі,денсаулық және ауруды зерттеудің мәні зор.
Ауру-организмнің белгілі бір ауру себебінен зияндалып, өзіндік реттелуінің бұзылуынан болған қалыпсыз тіршілік барысы, яғни оргазимнің тепе-теңдік күйінің және тіршілік әрекетерінің бұзылуы.Адам ағзасының ауытқуы.
Ауру пайда болуының негізгі теориялары:
- Әлеуметтік ауру-әлеуметтік ортаға бейімсіздік нәтижесі
- Энергетикалық – адам организмдегі энергия мөлшерінің тепе-теңдігінің бұзылуы
- Биологиялық – аурудың негізгі себебі адам организмінің биологиялық ырғағы мен табиғат ырғағының арасындағы үйлесімдігінің бұзылуы

Денсаулық дегеніміз не? деген сұраққа Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының «ДДСҰ» жарғысы бойынша денсаулық дегеніміз –ағазада аурудың немесе физикалық кемістіктің жоқ болуы ғана емес , ол табиғи, рухани және әлеуметтік аман-есенділік болып саналады.


Денсаулық ұғымының түрлері:
- Дербес денсаулық- жеке адам денсаулығы
- Топ денсаулығы- азғантай қоғамға біріккен адамдардың денсаулығы
- Тұрғындар денсаулығы-Белгілі бір аймақта тұрып жатқан адамдардың денсаулығы

Денсаулықты сақтау үшін мыналарды орындау қажет:


Денсаулыққа жағымды әсер ететін факторлар бірнеше топка бөлінеді.
1. Бұлшық ет қимылдарының белсенділігі. Адамның барлык тіршілік әрекеті түрлі кимыл-козғалыстар жиынтығынан түрады. «Қозғалыс - тіршілік тірегі» деген ұғымда зор мән бар. Қозғалыс белсенділігі жұмыс істеу қабілетін арттырады, түрлі ауруларға қарсы тұруына көмектеседі.
Тынысалу мүшелерінің жұмысын жақсартып, жүрек бұлшықеттерін шынық -тырады, зат алмасудың қалыпты жүруін қамтамасыз етеді. Әсіресе спорт пен дене шынықтыру жаттығулары қозғалыс белсенділігін арттырады.
Қимыл белсенділігінің негізгі түрлері мынадай:
•таңертеңгі гимнастика;
•денебап;
•қимыл ойындары;
•сауықтыру жаттығулары;
•спорт секцияларына қатысу;
•серуендеу.
2. Еңбек пен демалысты дұрыс ұйымдастыру. Бұлардың денсаулық үшін маңызы зор. Адам өмірінде еңбек басты орын алады. Еңбек ету арқылы адам өзіне қажетті жағдайларды жасап алады. Шектен тыс еңбек ету ағзаның қажуына әкеп соқтырады. Сондықтан да еңбек ету мен демалысты дұрыс үйлестіре білу қажет. Бұл адам ағзасындағы барлық мүшелердің жұмысын жақсартады. Адамның ұзақ өмір сүруіне де септігін тигізеді.
3. Дұрыс тамақтана білу. Дұрыс тамақтанудың нөтижесінде асқорыту мүшелерінің жұмысы жақсарады. Адамның дұрыс өсіп дамуына, зат алмасу үдерістерінің қалыпты жүруіне жағдай жасайды жөне т. б. Адамның ұзақ өмір сүруінде дұрыс тамақтана білудің рөлі зор. Көбіне көкөніс, жеміс-жидектерді пайдалану, тамақтану ережелерін мұқият сақтау. Майлы етті тағамдарды шектеп пайдалануды естен шығармау қажет. Дұрыс тамақтану адамның дене салмағының біркалыпта болуына жағдай жасайды. Артық салмақ аурудың пайда болуына әсер етеді.
«Артык салмақ - аурудың белгісі» деген ұғым соны аңғартады. Адам денсаулығына халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлері де жағымды әсер етеді. Мысалы, ораза ұстау - адам ағзасын қажетсіз заттардан тазартады. Балаларды сундетке отырғызу - терінің таза болуына септігін тигізеді. Намаз оку - тазалықты сақтап, буын қозғалыстарының белсенділігін арттырады. Әрбір адам өз денсаулығына қамқорлық жасап, үнемі көңіл бөліп отыруы тиіс. Ұзақ өмір сүрудің негізгі шарты - денсаулықты сақтау мен нығайту екенін естен шығармауымыз керек.
Дегенмен дұрыс тамақтанудың 10 кеңесі бар, ол:

1.аш қарынға су ішу, әсіресе таңертең


2)Ыстық шайды ас қабылдау кезінде ішіңіз
3)« Күніне бір алма сізді барлық дерттерден қорғайды » дейді ұлттық даналық
4) Иммунитетті күшейтіңіз
5) Асты дұрыс қабылдаңыз
6)Кейбір өнімдерді қабылдауды шектеңіздер
7)Барлық аурулар тістерден-тісті емдетіңіз
8)Тамақты жақсылап шайнаңыз
9)Өз салмағыңызды қадағалап жүріңіз
10)Салауатты өмір сүру салты -ұзақ өмір сүрудің жолы!
4.Тағамды ластандыратын бактерияларды жұқтырмау ережелерін сақтау үшін:
1.Қолыңызды жуыңыз, жемістер мен көкөністерді жуыңыз.
2) Сатып алу, тамақ əзірлеу жəне сақтау кезінде шикі, пісірілген жəне пайдалануға дайын тағамдарды бір бірінен бөлек ұстау керек
3) Микроорганизмдерді жою үшін тамақ əзірлеу кезінде оларды қауіпсіз температураға дейін қыздыру керек.
4) Жылдам бұзылатын тамақтарды тоңазытқышта сақтау керек.
5) Мыналарды пайдаланудаң алшақ болыңыздар:
•шикі (пастерленбеген) сүттен жəне құрамына пастерленбеген сүт кіретін тағамдардан;
•шикі не шала пісірілген жұмыртқалардан, құрамына шикі жұмыртқа кіретін тағамдардан
• шикі немесе шала піскен еттерден, тауық етінен;
• пастерленбеген шырыннан
Адам денсаулығының басты үш көрсеткіші бар.
- Олар: біріншіден - адам ағзасының орта жағдайларына бейімделуінің жоғары дәрежеде болуы. Ол ағзадағы барлық мүшелер жүйесінің бірімен-бірінің үйлесімді жұмыс аткаруы аркылы байқалады.
-Екіншіден - адамның психикалық көңіл күйінің калыпты дамуы арқылы айқындалады, ойлау, есте сактау, зейін, дарындылық және т. б. қабілеттіліктерді қоғамның қажетіне жұмсай білу.
-Үшіншіден - жеке тұлғаның қоғамдағы өз орнын білуімен, жауапкершілігін сезінумен айқындалады. Бұл адамдардың бірімен-бірінің қарым-қатынасы аркылы білінеді.
Дүниежүзілік денсаулық ұйымының шешімімен 7 сәуір «Бүкіләлемдік денсаулық сақтау күні» деп белгіленген. Біздің елімізде де адамдардың денсаулығын сақтауға ерекше көңіл бөлінуде. Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы қаулысымен «Салауатты өмір салтын қалыптастырудың Ұлттық орталығы» ұйымдастырылды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет