Дәріс. Тақырыбы: Салауатты өмір салтын насихаттау. Мақсаты


Санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізудің түрлері мен тәсілдер



бет4/5
Дата15.05.2023
өлшемі1,43 Mb.
#176778
1   2   3   4   5
Байланысты:
№9 Салауатты өмір салтын насихаттау.
Силлабус-1608050576088, 8 СЫНЫП ЗЕРТХАНА
Санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізудің түрлері мен тәсілдер:
Тәсілдері:

Түрлері:

  • дәрістер,

  • әңгімелер,

  • кеңестер,

  • дискуссиялар,

  • сұрақ-жауап кештері,

  • әртүрлі парақтар, плакаттар тарату,

  • санитарлық бюллетендер шығару,

  • Телеарнаға шығу

  • -кино, театр,радио

Ауызша әдіс,әңгіме-тыңдаушылармен бірге талқыланып отырған мәселе төңірегінде ой қозғау,әсіресе аурулар арасында.
Дәріс –бұл әдіс көпшілікке арналған,бұнда бір адам сөйлейді,қалғандары тыңдайды. Әрбір дәрістің 3 бөлімі болады:
-кіріспе
-негізгі мазмұнын баяндау
-тұжырым жасау
Сұрақ жауап кештері-алдын ала дайындықты және жоғары ұйымдастыршылықты талап етеді.Сұрақтар алдын ала қойылады да, оған дәрігерлер жауап береді.
Баспасөз әдісі-бұл аса кең тараған әдіс және жан жақты насихат жүргізуге арналған құрал-кітаптар, журналдар, газеттер және сұрақ-жауап тақталары
Санитарлық бюллетень-бір тақырыпқа арналған қысқаша мазмұнды қабырға газеті, ол көрнекті, сөзі аз болуы керек
Плакаттар мен брошюралар-аурулар туралы қысқаша мәлімет беретін әдіс. Көрнекті әдіс- сурет, фотосурет, плакат, диаграмма, макет, муляж т.б.
Кино арқылы насихат жүргізудің артықшылығы өте зор,себебі көпшілікке қызықты көп мәліметтерді тез арада және қажет болған кезінде қайталап көрсетуге болады.
Теледидар таралымының ұлғаюына байланысты санитарлық-ағарту жұмысының мүмкіншілігі арта түсті. Атақты ғалымдардың, дәрігерлердің ғылыми кеңестерін,маңызды медицина жаңалықтары мен жетістіктерін және түрлі аурулардың алдын алу туралы ақыл-кеңестерін мыңдаған көрермендер бір мезгілде көре алады.
Театр арқылы медициналық тақырыптағы ойындар көрсету.
Радио арқылы берілетін ақпарат қысқа ,әрі түсінікті болу керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет