Дәріс Тақырыбы


Мемлекетті басқару формасы



бет3/3
Дата04.11.2023
өлшемі0,95 Mb.
#189626
1   2   3
Байланысты:
лекция 7
АТӨТКжҒЗН Тақырып 3.3 лек (7 жума) (1)
Мемлекетті басқару формасы.
  • Мемлекеттік басқару формасы бұл мемлекеттік билік жоғарғы органдарынын ұйымдастырылуы мен өмір сүруі және олардың халыкпен өзара тығыз қарым-қатынастарынын тәртібі.
    • Монархия бұл биліктің толық немесе жартылай бір адамның — монархтың (король, патша, шах, хан, император және т.б.) қолына шоғырлануы. Монархия институты казірдің өзінде элемнің 30 астам елінде сақталған.
    • Конституциялық монархия абсолюттік монархияға қарағанда монарх билігінін белгілі бір дәрежеде заңмен, қоғамда жүзеге асып отырған конституция негізіндегі дәстүрмен және т.с.с. шектеу қоюмен айырмашылыгы бар. Баскарудың мүндай формасы Иордания, Кувейт, Мароккода бар. Парламенттік монархияда мемлекет басшысы өкілеттілік функцияларын және біршама атқару билігін иеленген. Мемлекет басшысының парламент шешімдеріне кейде "ветон қоюға құқысы бар, бірақ бұл практикада қолданылмай келеді. Парламенттік монархияда үкіметті парламенттік көпшілік қалыптастырады және ол монархка емес, парламент алдында есеп беретін болады. Қазіргі кезде парламенттік монархия Англияда, Швеиияда, Данияда, Бельгияда, Испанияда, Голландияда, Люксембургте, Норвегияда, Жапонияда бар.
    • Республика — бүл мемлекеттегі жоғарғы биліктін сайланушы органдардың - парламенттін, президенттін кұзырында болатын баскару формасы.. Бүгінгі таңда республиканын үш негізгі түрлері бар:
    • Басқарудың парламенттік формасы жағдайында халық үкіметті қалыптастыратын және оған немесе оның мүшелеріне сенімсіздік білдіріп кері шақырып алатын парламентті сайлайды. Бұл жерде үкімет мүшесі мен парламент депутаты қызметін бірге аткаруға мүмкіндік жасалған. Нақты билік үкімет басшысы премьер-министрдің немесе канцлердін колында болады. Президент (мемлекет басшысы) негізінен өкілдік (представительские) және салтанатты (церемониальные) функцияларды 1 иемденеді. Премьер-министр президентке парламенттарату
    • Президенттің бір мезгілде мемлекет басшысы және үкімет басшысы болуы, ішкі және сырткы саясатқа басшылық жасауы, қарулы күштердің қолбасшысы болуы президенттік республиканың ерекше белгісі болып саналады. Президенттің парламентті таратуға құзыры жоқ. Президенттік республиканың үлгісін АКШ көрсетіп отыр. Бүгінде президенттік республика Бразилияда, Аргентинада, Венесуэлада, Ресейде, Казакстанда атқарып келеді.
    • Жартылай президенттік (аралас) республиканың ерекшелігі сол, үкімет әрі президенттің, әрі парламенттің алдында жауап беретіндігі. Баскарудың бұл формасы күшті президенттік билік пен атқарушы биліктін кызметіне парламент тарапынан қатан бакылау қоюды үлестіруге негізделген.


    Достарыңызбен бөлісу:
    1   2   3




    ©www.engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет