Дәріс. Тақырып: Философиядағы адам мәселесі. Философия тарихындағы адам мәселесі



бет6/7
Дата06.02.2022
өлшемі32,13 Kb.
#81846
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Адам мәселесі

Психология ұғымына адамның ішкі жан дүниесі, онда жүріп жататын саналы және санадан тыс құбылыстар мен процестер, адамның еркі мен сипаты, темпераменті, т.б. кіреді. Жеке-жеке алып қарағанда бұл екі компоненттің бірде-бірі адам ұғымын тұтас тұлға ретінде ашып бере алмайды. Адамның биологиялық организмінен оның психологиялық қасиеттерін, оның миынан бөліп қарастыру, түсіну мүмкін емес. Сондай-ақ оның барлық сезім жүйесі (құмарлығы, жек көру не сүю, мақтаныш не қорлану, күйініш не ырзалық сезімдерін) әлеуметтік өмірінен жырып алып, тек биологиялық заңдылықтарға бағындырмақ болса, бәрі-бір бұл әрекеттен ештеңе шықпайды. Адамның барлық үш өлшемі тығыз байланысты. Мысалы, адамның мінез-құлқы ген арқылы пайда болады, ал патриоттың, баққұмарлық - тәрбиенің әсері. Адам өмір сүруінің психикалық және биологиялық жақтарын бейнелейтін философиялық антропологиядағы бейсаналық пен саналық мәселесі де биологиялық және әлеуметтілік мәселесімен тығыз байланысты. Ұзақ уақыт бойы философияда антропологиялық рационализм принциптері үстемдік етті, адам, оның қылықтары және болмысының өзі саналық өмір көрінісі ретінде қарастырылып келді. Адам "ақылды адам" ретінде ғана саналып келді. Ал Жаңа заманнан бері философиялық антропологияда бейсаналық мәселесі үлкен орын ала бастады. Лейбниц, Кант, Къеркегор, Шопенгауэр, Ницше сияқты авторлар адам санасынан тыс психикалық үдерістердің маңызы мен рөлін әр түрлі қырлары мен позициялары тұрғысынан талдай бастады. Адамның өлшемі мен өмір сүруінің аса маңызды факторы ретінде бейсаналыңты бекітіп, философиялық антропологиядағы бүкіл бір бағытты ашқан З. Фрейд бұл мәселенің шешілуіне зор ықпал етті. Ол бейсаналықты санаға қарсы тұратын күш ретінде танытады. Бірақ, сонымен қатар Фрейд бейсаналықтың рөлін біршама абсолюттендіріп көрсетеді.
Біз, керісінше, жан-тәнімізбен, қанымыз және миымызбен табиғатқа жатамыз. Бірақ туған күнінен бастап адам бұрыннан қалыптасып қалған күрделі қоғамдық байланыстар жүйесінен орын алады, соның ішінде өсіп жетіледі, білім-тәрбие алады, сол жүйеде оның әлеуметтік орны, жағдайы анықталады. Оның адамдық касиеттері, ұстайтын жолы, дүниеге көзқарасы, мақсат-тілегі, мінез-құлқы, моральдық бейнесі тек қана қоғамда, басқа адамдар арасында өмір сүру барысында қалыптасады. Адам жақсы маман, азамат тәрбиесіз бола алмайды.
Адам барлық әлемнің өзі үшін, адамзат үшін құндылығын мойындайды, оған солай қатынас жасайды, себебі өзін де сол дүниеге барабар, сол дүниеге тепе-тең құнды жаратылыс деп қабылдайды. Әрбір жеке адам мойындасын немесе мойындамасын, оның дүниеге қатынасының түпкі мәні осылай. Яғни, адам үшін бүтін дүние өзінен-өзі, басқа ешнәрсеге тәуелсіз бағалы, сол сияқты адам да өзінен-өзі басқа ешнәрсеге тәуелсіз бағалы. Адам өзінен-өзі бағалы құбылыс болмаса, оны ешбір сыртқы күш бағалы ете алмайды. Басқаша айтсақ, адамның бағалы не бағасыз болуы оның өзіне ғана байланысты, ол өзі ғана осы қасиетке ие бола алады немесе бола алмайды. Әрине, біз бұл жерде адамның сатылатын нәрседей бағасының болуын айтып отырған жоқпыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет