Дәріс. Тақырып: Философиядағы адам мәселесі. Философия тарихындағы адам мәселесі


Философия тарихында адамға берілген анықтамалар көп



бет4/7
Дата06.02.2022
өлшемі32,13 Kb.
#81846
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Адам мәселесі

Философия тарихында адамға берілген анықтамалар көп:
- Аристотельдің анықтамасы бойынша Адам – « қоғамдық хайуан», басқа хайуандардың адамнан айырмашылығы - оның қоғамнан тысқары жағдайда өмір сүре алмайтындығы.
- Орта ғасырдағы католицизм діни философы Фома Аквинский адамды дене мен жанның бірлігі, хайуан мен періштенің аралығындағы нәрсе деп қарады.
- Неміс философы Фейербахтың айтуынша жеке-дара, жалғыз өзі ғана өмір сүре алатын адамның болуы мүмкін емес. «Менің» болуымның міндетті шарты «сенің» болуың, басқалардың болуы.
Марксизмнің адам туралы ой жүйесінің алғашқы бастамасына негіз болған Фейербахтың осы тезисі еді. «Индивид» (дара адам) - деп жазды К.Маркс, бұл - қоғамдық хайуан. Сондықтан оның өмірінің әрбір көрінісі қоғамдық өмір көрінісі және тұрақтануы болып табылады.
Басқаша айтқанда, адамды жан-жануарлардан әлдеқайда жоғары қоятын қасиеттері тек қоғам ішінде өмір сүруінің нәтижесі. Себебі қоғамдық болмыс тәжірибесін бойына сіңіріп үлгермеген жас баланың тәуелсіз жеке өмір сүруге ешбір қабілеті болмайды. Осы жағынан қарасақ, ол жануарлардың кез келгенінен әлсіз екені белгілі жай. Ата-ананың, басқа адамдардың қамқорлық көмегінсіз ол адам болып өсіп, жетіле алмақ емес. Тарихтан белгілі фактілерге қарасақ, кездейсоқ бір себептермен кішкентай балаларды жыртқыш аңдардың алып кетіп, жылдар бойы өз орталарында тірі қалдырғанда, балалар адам қалпынан айырылып шыққан. Төрт аяқтап еңбектеп жүгіріп, өзін асырап өсірген жануарлардың барлық қимылдарына еліктеуден басқа ешбір қабілет қалмаған. Мысалы, Туркменияда Жұма Жұмаев деген адамды 13 жасында қасқырлардың ортасынан тауып алған. Қазір ол адам 40 жаста болса да, ол әлі жетілген адамдар қатарына кіре қойған жоқ.
Адамның жануарлар дүниесінен бөлініп шығуының негізі - өмір сүру ортасын өз еңбегімен өзгерту, қайта жасау тәсілін, ол үшін еңбек-құралын оның ең жабайы түрінен бастап, бірте-бірте жетілдіру жолын меңгеру қабілетінде болу.
Тек еңбек процесінде адамдар бір-бірімен қатынас, байланыс жасаудың, керекті ойларын сөз арқылы бір- біріне жеткізуді үйренеді. Бара-бара адам еңбегі бүкіл материалдың және рухани мәдениет дүниесінің жасаушысы болып шықты.
Қоғамдық қатынастар адамның өмір сүруіне қажетті материалдың игіліктерді өндіру тәсілінен туады. Адам дегеніміз - еңбек әрекетімен шұғылдана алатын, әлеуметтік қатынастарға түсетін өзара байланыс жасауға толық қабілеті бар тіршілік иесі деп анықтама беруге болады.
Адамның үш түрлі өлшемі бар: биологиялық, психологиялық және әлеуметтік. Биологиялық өлшем - адам организмінің түр бейнесі мен құрылымын (морфология), орындайтын қызметін, генетикалық негізін, ми, жоғары жүйке жүйесін, т.б. қамтиды.
Адамдар нәсілдерге бөлінеді. Әсіресе соңғы уақытта адамның табиғатын тану ісінде биологтар үлкен белсенділік көрсетуде. Оларға биотехнология мен этологияның таңғаларлық табыстары ерекше күш беруде. Сол табыстардың арқасында кейбір хайуандардың мінез-құлықтарына әсер етуге, тіпті олардың бірлі-жарымын қолдан қалыптастыруға мүмкіндік беретін генетикалық механизмдер ашылды. Осының буымен адамды да хайуандар патшалығының бір өкілі ретінде биологиялық ғылымдар шеңберінде зерттеу арқылы-ақ оның барлық сырын ашуға әбден болады-мыс деген болжау айтуда. Канада философы Майкл Рьюз тек дарвинизм негізінде «адам туралы жаңағылым» жасау қажеттігін дәлелдеуге тырысуда. Оның ойынша адамды зерттеуші әрбір ілім, оның ішінде тарихи, философиялық ілімдер биологиялық білімнің құрамындағы бөлімдер болып қалуға тиіс. Мұндай таза биологиялық көзқарастың қарсыластары, негізінен, гуманитарлық ғылымдардың өкілдері, адам табиғатының әлеуметтік құрамдас бөліктерінің ерекше маңызын баса көрсетуге тырысады. Бірақ оны биологиялық компонентке қарсы қоюды, болмаса, екеуінің арасына меже тартып, бір-бірінен бөліп қарауды үлкен қате деп есептейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет