Дәріс Тақырып Инфекция туралы ұғым


Жедел респираторлы вирусты инфекция (ЖРВИ)



бет2/2
Дата12.09.2020
өлшемі41,84 Kb.
#78239
1   2
Байланысты:
ИнфекцияБАЛА 2020
Фарм 2 лекция (1), Фарм 2 лекция (1), Балалардың ИНФ Ауру 2020 3-4, ИнфекцияБАЛА 2020, ИнфекцияБАЛА 2020, Анатомия, Анатомия, КӨКЖӨТЕЛ ПАРОТИТ 5-6 лекц
Жедел респираторлы вирусты инфекция (ЖРВИ)

ЖОСПАРЫ:

ЖРВИ және тұмау анықтамасы

Жіктелуі

Этиологиясы

Патогенетикалық факторлары

Клиникасы

Диагностикасы Емі

Алдын-алуы
ЖРВИ анықтамасы

Жедел респираторлы вирусты инфекция (ЖРВИ)– әр түрлі жастағы адамдарда кездесетін, интоксикация дәрежесіне және тыныс алу жолдарының зақымдану деңгейіне байланысты клиникалық көріністері, түрлері түрлі ауырлықта өтетін кең таралған ауру. Тұмау- интоксикация және жоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабатының зақымдануымен, әсіресе айқын трахеитпен көрінетін жедел вирусты инфекция.



Тұмау және басқа ЖРА-дың клиникалық жіктелуі:

Этиологиясы бойынша:

А типті тұмау

В типті тұмау

С типті тұмау

Паратұмау инфекциясы

Аденовирусты инфекция

Респираторлы-синцитиальды инфекция

Риновирусты инфекция

Коронавирусты инфекция

Микоплазмалы инфекция

Бактериальды этиологиялы

ЖРА Аралас этиологиялы

ЖРВИ

Клиникалық ағымының түрлері:

• Симптомсыз • Жеңіл • Орташа ауырлықта • Ауыр • Өте ауыр

Инфекцияның таралу көздерi: әр түрлi клиникалық формалары бар ауру адам (7-10 күннiң iшiнде ), аденовирус инфекциясы кезінде 25 күн және одан көп; вирус тасымалдаушылар (аденовирусты инфекция).

Берiлу жолдары: Ауа-тамшы; Тұрмыстық-қатынас Алиментарлы(аденовирусты инфекция кезінде) Маусымдық - күзгi-қысқы. Жоғары қабылдағыштық. Иммунитет- Постинфекциялық иммунитет ерекше және ұзақ емес.

Патогенетикалық факторлар ЖРВИ-дың жанасу орны-тыныс алу жолдарының шырышты қабаттары. Вирустың репродукциясы (олардың деструкция және қабыну процесi) тыныс алу жолдарының эпителий қабатында өтеді, содан соң вирусемия және токсинемия дамиды, әсіресе ол грипта жиі кездесіп, интоксикация мен қалтыраудың негізі болып табылады. Сонымен қатар аденовирусты инфекция кезінде вирус макрофагоцитарлы жүйесіне бай ағзаларға жанасады (лимфа түйіндері, бауыр, көкбауыр).

Клиникасы ЖРВИ клиникасы екі синдроммен анықталады Жалпы интоксикация синдромы, ол ЖРВИ-ң барлық түрлеріне тән. Үрдістің орналасуымен байланысты синдром - грипп кезінде- кеңiрдек; - парагриппте - көмей; - аденовирусты инфекция кезінде – жұтқыншақ және макрофагоцитарлы жүйе элементтеріне бай ағзалар. Жергілікті көріністер синдромы- диагностика және салыстырмалы диагностика тұрғысында ең негізгі синдром.

Грипптің клиникасы

Грипптің клиникалық жіктелуі Типті Атиптік түрі : Жеңіл - акатаральды - афебрильды

Ауыр - «найзағай» тәріздес – геморрагиялық

Ағымы бойынша жеңіл орташа ауыр

Типті түрі Клиникасына 2 синдром тән

Интоксикация синдромы.

Катаральды синдром.

Аурудың ауырлық дәрежесін анықтайтын негізгі синдром – интоксикация синдромы.

Инкубациялық кезең бірнеше сағаттан 7 күнге дейін, орташа 2 -3 күнді құрайды. Аурудың басталуы жедел, интоксикация синдромымен сипатталады. Бірнеше сағат ішінде дене температурасы 39 -40 С дейін кӨтеріледі, әртүрлі дәрежедегі қалтырау , мерзімі қысқа, 3 -5 күн. Әдеттегiдей аурудың басы өткiр, кенет интоксикация синдромынан басталады. қалтырауы бар науқастарда (өте жылдам бiрнеше сағат ағымында) дене температурасы 39 -40 С көтеріледі, қалтырау қысқа және әртүрлі сипатқа ие (ремиттирлеуші, интермиттирлейтiн сипаттағы қалтырау тағы басқалар), маңдай бөлімінің, әсіресе қабақ үсті аймағының ауырсынуы, бас айналу, тершеңдік, буындардың, сүйек-бұлшықеттерінің ауырсынуы тән, адинамия, жалпы әлсіздік үдей түседі. Грипптің ауыр ағымында ұйқының қашуы, көп ретті құсу, ес бұзылыстары, менингиальді белгілердің болуы тән.

Катаральды синдром Бұл синдром интоксикация синдромымен бірге немесе 12 -24 сағаттан кейін пайда болады. Оған тән белгілер: -тамағының жыбырлауы -жұтынғанда ауырсынуы -мұрынның шырышты қабатының қызаруы және ісінуі -мұрынның бітелуі -мұрыннан су ағуы -дауысының қарлығуы - «құрғақ» , қысқа түрдегі жөтел аранның шырышты қабатының ісініп, қызаруы

Аурудың алғашқы күнінен көз алмасының ауырсынуы, жас ағуы, жарыққа сезімталдығының жоғарылауы, конъюктивит анықталады. Гриппен ауыратын науқастардың сыртқы келбеті : беті ісінген, аздап қызарған, жүрек-қан тамыр жүйесі жағынан тахикардия мен гипотония байқалады.

Атипті түрлері: Акатаральды түрінде интоксикация синдромының белгілері басым болып, катаральды синдром болмайды. Афебрильды түрінде температурадан басқа белгілердің барлығы болады, бірақ әлсіз түрде. «Найзағай» тәріздес түрлерінде ауыр ағымды және летальды аяқталу болады. Геморрагиялық түрі петехиалды бөртпелері мен әртүрлі қан кетулермен өтеді, ауыр ағымды.

Парагрипп клиникасы

Парагрипп келесі клиникалық түрлерінде өтеді: 1) грипп тәріздес 2) ларингит, ларинготрахеобронхит 3) пневмония Ауырлық дәрежесіне байланысты Жеңіл Орташа ауырлықта ауыр

Инкубациялық мерзімі 1 -7 күн, орташа 2 -3 күн. Клиникасында айқын 2 синдром бөлінеді: - интоксикация - катаральды (ларингит) Интоксикация синдромы парагриппте әлсіз болады.

Сырқат көбінесе біртіндеп катаральды белгілерінен басталады да, мұрыны бітеліп немесе су ағып, құрғақ жөтел мазалай бастайды. Одан кейін дауысы қарлығып, жөтел де қарлыққан түріне айналады. Жалпы тыныс алу жолдарының барлық бөліктері зақымдалады, яғни трахеит, бронхиолит, пневмония болуы мүмкін. Парагриппте интоксикация синдромы болмайды немесе әлсіз болады, біртіндеп дене температурасы 38 С көтеріледі, кейде әлсіз қалтыраумен, жалпы әлсіздік, адинамия, бас ауруымен бірге жүреді. Парагриппозды инфекцияның ауыр ағымы сирек кездеседі.

Аденовирусты инфекцияның клиникасы: Аденовирусты инфекцияның клиникалық көріністері әр түрлі болады. Негізгі клиникалық белгілеріне қарай келесі клиникалық түрлері ажыратылады: 1. жедел респираторлы ауру (ринофарингит) 2. жедел фарингит 3. фарингоконъюктивальды қызба 4. жедел конъюнктивит 5. кератоконъюнктивит 6. ринофаринготонзиллит 7. аденовирусты пневмония

Инкубациялық мерзім 4 -14 күн, орташа 5 -7 күн. Клиникасында 2 синдромды бөлуге болады: -интоксикация синдромы -патологиялық процесстің орналасуына байланысты синдром. Сырқат жедел интоксикация және катаральды көріністерден немесе тыныс алу жолдарының зақымдану көріністерінен басталады. Аденовирусты инфекцияда интоксикация синдромы көбінесе шамалы түрде өтеді: -дене қызуы жоғарлайды, максималды көрсеткіші 2 -3 күн бойы сақталып, ұзақтығы 1 -12 күнге дейін созылады; -адинамия, -енжарлық; -бас ауру, -бұлшықеттердің ауырсынуымен өтеді. Ас қорыту жолы жағынан: жүрек айну, құсу, эпигастральды аймақтағы ауырсыну, диарея болуы мүмкін.

Лимфаденопатия – аденовирусты инфекциясының көрнекті белгісі (көбінесе мойын, жақ асты лимфа түйіндері). Науқастарда жиі бауыр мен көкбауырдың ұлғаюы анықталады. Кейбір науқастардың денесіне бөртпелер шығады: розеолезды, дақты – папулезды, петехиальды.

Аденовирусты инфекция, лимфоаденопатия, мойын лимфа түйіндерінің ұлғаюы

Грипп және ЖРВИ-ң ауырлық дәрежесі бойынша критерийлері Жеңіл дәрежесі- Дене температурасынң 38 с-дейн жоғарылауы Шамалы бас ауыру Пульс-90 р/мин Систолалық АҚҚ-110 мм. с. б. ТАЖ-24 реттен жоғары

Орташа ауырлық дәрежесі Температурасы -38, 1 -40 С-дейн Айқын бас ауру Пульс -90 -120 р/мин Систолалық АҚҚ 110 мм с. б. -кем ТАЖ -24 реттен жоғары гиперестезия

Ауыр дәрежесі Жедел басталады Дене температурасы -40 с-дейн жоғарылайды Интоксикация синдромының айқын көрінуімен (бастың қатты ауырсынуы, бүкіл денесіндегі сырқырап ауырсыну, ұйқысыздық, сандырақ, анорексия, жүрек айну, құсу, менингиальды симптомдар) Пульс -120 минутына реттен артық, толымдылығы әлсіз Систолалық АҚҚ -90 мм с. б. Жүрек тондары тұйықталған ТАЖ -28 минутына реттен жоғары

Өте ауыр дәреже Басталуы - Найзағай тәрізді Интоксикация синдромы өте айқын және ауыр болады ТІШҚҰС дамуы

Диагностикалық шаралар тізімі:

Негізгі: 1. Шағымдарын жинау және анамнез, соның ішінде эпидемиологиялық анамнез 2. Объективті қарау (визуальды қарау, пальпация, перкуссия, аускультация, термометрия, АҚҚ өлшеу, пульс және ТАЖ санау) 3. ҚЖА (Гемоглобин, эритроцит, лейкоцитарлы формула, ЭТЖ) 4. Аурудың этиологиясын анықтау үшін ИФА, серологиялық реакцияларды қолдану 5. Қанның микрореакциясы 6. Құрт жұмыртқаларын анықтау үшін нәжістің микроскопиясы

Қосымша: 1. ИФА, вирусологиялық зерттеу және ПЦР 2. Тромбоциттер, МНО, ПВ-геморрагиялық синдром болғанда 3. Қақырық микроскопиясы –туберкулезге күмән болғанда 4. Малярия плазмоидтарын анықтау үшін қанның жуан тамшы микроскопиясы 5. Ликворды зерттеу (м-жұлын пункциясы) 6. Өкпе рентгенографиясы –пневмония және бронхитке күмән болса 7. ЭКГ- ЖҚЖ-ң асқынуы болса 8. Менингоэнцефалит көрінісі болса – невролог кеңесі 9. Пневмония белгілері болса – пульмонолог кеңесі 10. Жүктілік фонында тұмау немесе ЖРВИ дамыса –акушер-гинеколог кеңесі

Емі ЖРВИ науқастарына ем амбулаторлы және стационар жағдайында да жүргізіледі. Науқастарды госпитализациялау клиникалық белгілері бар ЖРВИ-ң барлық түрлерінде, грипп кезінде –эпидемиялық көрсеткіштер бойынша жүргізіледі.

Тәртіп, диета. Вирусқа карсы дәрілер: ü -занамивир (ингалицияға арналған дозаланған ұнтақ 5 мг/доза) 2 ингаляция тәулігіне 2 рет – 5 күн аралығында ü -римантадин – 1 -күні -100 мг 3 рет, 2 -3 күні 100 мг 2 рет, 4 -5 күні 100 мг 1 рет ü -0, 25% оксолин жақпамайы – аурудың бірінші күнінен бастап мұрын саңылауларына жағу ü -осельтамивир – тәуліктік доза -150 мг (75 мг күніне 2 рет) 5 күн, жүктілерге және ауыр пандемиялық грипп кезінде қолданылады

Интерферон және интерферон синтезінің индукторлары (аурудың бастапқы 2 -3 күндері тағайындау қажет) Тилорон – 1 -күні 125 мг 1 рет тәулігіне, кейін 125 мг әрбір 48 сағат сайын қабылдау Виферон (интерферон рекомбинантты альфа-2) 500000 ХБ 1 суппозиторий 2 рет 12 сағат сайын күнделікті, 5 -10 күн аралығында Арбидол – 200 мг тәулігіне 4 рет 4 күн аралығында Анаферон -1 таблетка сублингвальды тәулігіне 3 рет 5 күн аралығында

Патогенетикалық және симптоматикалық емдер көрсеткіш бойынша Дезинтоксикациялық терапия -жеңіл және орташа ауырлық дәрежесіндегі науқастарға 20 -40 мл/кг дене салмағына есеппен көп мөлшерде сұйықтық ішу (шай, морс, су, шырындар) -ауыр дәрежесінде сұйықтықты пероральды қабылдай алмағанда инфузионды терапияны қолдану, осы мақсатта кристаллоидтар және коллоидты ерітінділерді қолданады -дене қызуын төмендететін препараттар (ҚҚСЕП) -қан тамырыны тарылтатын назальды тамшылар мен спрейлер Жөтелге қарсы және қақырық түсіретін препараттар

Алдын-алу шаралары 1. Денені шынықтыру 2. Грипп кезінде ең тиімдісі вакцинация-қыркүйек-қазан айлары, барлық тұрғындардың 70 пайызын қамту керек. Келесі инактивирленген грипп вакциналары қолданылады ь ь ь Гриппан (Россия) б/е; Флюарикс (Бельгия) б/е; Инфлювак (Нидерланды) б/е; Бегрубак (Германия) б/е; Заксикгрипп (Франция) б/е т. б. .

Тұмауға қарсы 5 қадам Бірінші қадам: Жеке бас тазалығын сақтау ! Киімнің, төсек орын тазалығын қадағалау қажет. Бөлмені үнемі желдтіп, тазалау керек. Екінші қадам : Салауатты өмір салты! Үнемі қозғалыста болып, зиянды әдеттерден абас тартып, демалыс пен жұмыс уақытын дұрыс жоспарлау қажет. Үшінші қадам : Иммунитетті жоғарылату! Спортпен, дене шынықтырумен жиі айналысу. күнделікті рацинонға витаминдерге, минералды заттарға, аминқышқылдарға бай тағамдар енуі қажет. Төртінші қадам : Алдын алу шараларын жүргізу! Эпидемия қаупі туған кезде арнайы дәрілік заттармен алдын алып немесе вакцина жасау керек. Бесінші қадам: Абайлаңыздар-тұмау! Өзіңізді нашар сезінсеңіз дәрігерге қаралыңыз. басқа адамдармен қатынасқа түспеңіз. егер туысқандарыңыз бен таныстарыңыз ЖРВИмен ауырған жағдайда маска тағып жүріңіз.

Тесты:


  1. Тұмаудың арнайы алдын алу:

    A. тұмау вакцинациясы

    B. ремантадин

    C. оксолин майы

    D. продигиозан

    E. интерферон

    2. Парагрипптің ауру көзі:

    A. ауру адам

    B. ауру жануар

    C. тағамдар

    D. күтім заттары

    E. вирустасмалдаушы
    3. Грипптің орташа жасырын кезеңі:

    A. 2-3 күн

    B. 3-7 күн

    C. 7-9 күн

    D. 10-15 күн

    E.  15 күннен аса

    4. Гриппте жедел алдын алу препараты:

    A. вакцина

    B. интерферон

    C. анатоксин

    D. қансарысуы

    E. иммуноглобулин

    5. Грипптің эпидемиялық процессінде:

    A. спорадикалық ауру

    B. аурудың көбейуі

    C. пандемиялық ауру

    D. топтық ауру

    E. эндемиялық ауру

    6.Грипптің алдын алудағы арнайы шаралар:

    A. шектеулі

    B. санитарлы-гигиеналық

    C. дезинфекциялық

    D. госпитализация

    E. Вакцинация

7.Грипп ошағында жүргізілетін эпидемияға қарсы шара қандай:

A. науқасты оңашалау


В. дезинсекция
С. фагопрофилактика
Д. дератизация
Е. дезинфекция

8. Аденовирус қоздырғышының берілу жолы қандай:

А ауа-тамшы

В тағам


С су

Д ауа-шаң

Е жыныс

9.Зақымдалған организмнен грипп қоздырғышы қалай бөлінеді:

А ауамен

В термен


С зәрмен

Д нәжіспен

Е қанмен

10.Парагриптің инкубациялық кезеңі



A. 2-3 күн

B. 1-7 күн

C. 7-9 күн

D. 10-15 күн

E.  15 күннен аса

Эталоны ответов1-А



2-А

3-А


4-В

%-С


6-Е

?-А


8-А

9-А


10-В

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет