3. Тұтас педагогикалық әрекеттің тәсілдеріне қарай (Ю.К.Бабанский): - оқу-танымдық әрекеттерді ұйымдастыру;
- оқуға ынталандыру әдісі;
- оқытудағы бақылау және өзін-өзі бақылау әдістері.
4. Әдістің логикалық және психологиялық сипатына қарай (Р.Г.Лемберг): - ауызша баяндау әдісі;
- есеп шығару әдісі;
- өнер құралдарын пайдалану әдісі.
5. Мұғалім мен оқушылардың жасайтын әрекетінің ерекшеліктеріне қарай (В.Оконь): - жаңа білімді игеру әдісі;
- өзіндік білім әдісі;
- проблемалық әдіс;
- практикалық әдіс;
-көркем әдебиет пен құралдарын пайдалану әдісі.
Солардың ішінде ең көп тарағаны – білім берудің көздеріне сәйкес (И.Т.Огородников, С.И.Петровский, Е.Я.Голант): - сөздік немесе баяндау әдісі;
- көрнекілік әдістер;
- тәжірибелік әдістер.
Оқу процесінде білім берудің көздеріне қарай қолданылатын әдістер: Сөздік әдістер: түсіндіру, әңгіме, әңгімелесу, дәрісбаян, кітаппен жұмыс.