Дәріс№1 Тақырыбы: Биологиялық мембраналардың құрылымы мен функциялары. Биологиялық мембраналар арқылы заттарды тасымалдау. Мақсаты



бет7/15
Дата06.06.2020
өлшемі91,89 Kb.
#72525
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15
Байланысты:
МЕД БИОФИЗИКА

Индуктотермиякезінде емделуге тиісті дене бөлігін генератордың терапевтік контурымен қосылған соленоид орамының ішіне орналастырады (сурет 1,б). Соленоидтың магнит өрісі ұлпаларда жиілігі 10—15 МГц болатын токтарды тудырады (индукциялайды). Бұл диатермиямен салыстырғанда ұлпаларды тереңірек қыздыруға мүмкіндік береді. УЖЖ-терапия (УЖЖ-ультражоғары жиілікті ) кезінде емделуге тиісті дене бөлігін терапевтік контурдың конденсаторын құрайтын екі электродтың арасына орналастырады (сурет 1,в). Олардың арасында жиілігі 40— 50 МГц (ультражоғары жиілікті) айнымалы электр өрісі пайда болады. Осындай

жиіліктегі электр өрісі тек токты өткізетін ұлпаларға ғана емес, сонымен қатар диэлектрик- ұлпаларға, сүйек затына әсер етіп, оларда бағытталған поляризацияны тудырады. Поляризация нәтижесінде ұлпалардың дипольді молекулалары тербелмелі қозғалысқа келеді, осы қозғалыс жылулық энергияның пайда болуымен және емдік эффектінің алынуымен сүйемелденеді.

УЖЖ- терапия аса кең таралған электрмен емдеу әдісі. Оның мәні науқастың ұлпаларына ультражоғары жиілікті электр өрісімен әсер ету. Электр өрісі УЖЖ-ті тербелістер генераторымен өткізгіш сымдар арқылы қосылған екі конденсаторлы электродтардың көмегімен алынады. Емдеуге тиісті дене бөлігі электродтар аралығына немесе ішкі қуысты әсер ету кезінде электродтардың біреуі ағзаның қажетті қуысына енгізіледі, ал екіншісі- дене бетінің жанына орналастырылады.

УЖЖ –терапия кезінде науқастың беттік ұлпалары мен терең жатқан ұлпалары арасында жылудың үлестірілуі диатермиямен салыстырғанда біршама қолайлы. УЖЖ-ті терапияның диатермиямен салыстырғандағы маңызды артықшылығы- электрод пен дене бетінің аралығындағы саңылауларда процедураны (емдік шараны) жүргізу мүмкіндігі. Саңылаулардың болуы беттік ұлпалардың қажетсіз қызуын біршама төмендетуге мүмкіндік береді, өйткені күш сызықтарының жиілігі (қоюлығы) максимал болатын электродтар маңайындағы аймақ науқас денесінен тыс орналасады.

УЖЖ электр өрісіндегі ұлпалардың қызуы өріс кернеулігінің квадратына пропорционал. Реал жағдайларда болатын біртекті емес өрісте кернеулік әртүрлі және ол өрістің күш сызықтарының концентрациясымен (мөлшерімен) сипатталады. Науқастың денесі болмаған жағдайда электродтар арасындағы өріс оның центрінде аса бірқалыпты болады, ал шетіне қарай күш сызықтары шеткі эффект есебінен қисаяды. Электродтар арақашықтығының олардың диаметріне қатынасы неғұрлым кіші болса, онда бірқалыпты өрістің аймағы соғұрлым үлкен болады. Науқасты электродтар арасына орналастырған кезде, құрылысының гомогенді еместігіне (біртекті еместігіне) байланысты өріс сызықтары ешбір жерде бірқалыпты болмайды, олар ортаңғы бөлікте майысатындығы соншалықты, сол кезде электродтар арасында аса жоғары өріс кернеулігі пайда болады.

Осыған байланысты ауа саңылауы аз не мүлдем болмаған жағдайда жылудың аса көп бөлінуі дене бетінде болады және тереңдеген сайын кенет төмендейді. Беттік және тереңірек жатқан ұлпалар арасында жылудың бірқалыпты таралуын қамтамасыз ету үшін,

саңылаулар шамасын бірнеше сантиметрге дейін үлкейтеді. Осы кезде электрод маңайындағы өрістің аса біртекті емес бөлігі денеден тыс болады және тереңдікте бірқалыпты әсер ету едәуір жақсарады. Едәуір саңылаулар кезінде ұлпаларды тиімді қыздыруды қамтамасыз ету үшін , УЖЖ – терапия аппараты электродтардағы кернеуді арттыру мүмкіндігін қамтамасыз ету керек, өйткені саңылаулар үлкейгенде оларға берілетін кернеу артады.

Электрод шамасын, саңылау шамасын, электродтың дене бетіне қатысты еңкеюін таңдай отырып, дененің белгілі бір бөлігіне әсердің көбірек берілуін қамтамасыз етуге болады. Электродтардың құрылысы қатаң болуы мүмкін, бірақ иілгіш түрлері де бар. Иілгіш электродтар мен төсеніштерді науқас адамның денесінің ауырлығымен орнықты тұруы мүмкін не денеде созылмалы резеңке бинтпен бекітіледі. Металл нәрселер УЖЖ-ті электр өрісінде қызбайды, бірақ олардың маңайында, әсіресе шеттері үшкір, шығыңқы жерлері бар жерлерінде өрістің күш сызықтарының концентрациясы жинақталады, соның салдарынан сол жерлер қызып кетуі не күйіп қалуы мүмкін. Осы себеппен УЖЖ-ті терапияны жүргізгенде науқас отыратын креслоның не төсектің металл бөліктері болмау керек, науқастағы сақиналарды, шпилькалар, инелер және басқа да металл нәрселерді, егер олар әсер ету аймағына жақын болса алып тастау керек.

Егер науқаста тіс протезі, жарақат, травма нәтижесінде науқастың денесінде қалған металл жарықшақтары, шрапнель (зеңбірек оғының бытырасы)бар болса, онда аса қатаң қауіпсіздікті сақтау керек. Дымқыл киім мен оның бүрмелері де сол жерлердің қызып кетуін тудыруы мүмкін, сондықтан киімді процедура алдында шешіп қойған дұрыс, ал ылғал теріні кептіру қажет.

Ағза ұлпаларында жылулық эффектіні тек жоғары жиілікті электр тогының (диатермия) немесе электр өрісінің (УЖЖ-ті терапия) көмегімен ғана емес, және де электромагниттік индукция құбылысы есебінен жоғары жиілікті магнит өрісімен әсер еткенде де алуға болады. Осындай әдіс индуктотермия деп аталады. Индуктотермия кезінде магнит өрісі жоғары жиілікті ток өтетін катушканың (индуктор) көмегін алынады.

Айнымалы магнит өрісі әсер еткен кезде ағза ұлпаларында индукцияның ЭҚК-і пайда болады, ол ұлпаларда құйынды токтарды туғызады. Осы токтар туғызған жылулық эффектіге индуктотермия әдісі негізделген. Индуктотермия кезінде УЖЖ- терапиямен салыстырғанда аса көп жылудың түзілуі өткізгіштігі жоғары болатын ұлпаларда болады, мысалы, сұйық (қан, лимфа) орталарда және олар қамтамасыз ететін ұлпаларда, мысалы, бұлшықет ортасында.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет